ДӘРІС КЕШЕНІ
ТАҒАМДЫҚ БИОХИМИЯ
Курстың мақсаты және міндеті
Биохимия ғылым ретінде ХVI – XIX ғасырларда пайда болды. Алғашқы биохимиялық мағлұматтар адамзатқа өте көне заманнан таныс. Мысалы, адам баласы өте ерте кезден – ақ нан пісіруді, шарап, дәрі – дәрмек жасауда, тері илеуде және т.б. биохимиялық процестерді пайдаланған. Бірақ, бұл адам баласының тәжірибесіне ғана негізделген білімдер еді. Биологиялық химия – организмдердің химиялық құрамын және организмнің тіршілік әрекеті барысында бұл құрамының химиялық өзгеріске ұшырау процестерін (ферменттативтік, фотохимиялық процестерді) зерттейді. Биохимия деген сөз гректің вios – тіршілік деген сөзінен шыққан. Яғни, тірі табиғаттың химиялық тілі, тіршілік химиясы деген сөз. Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларға бөлінеді: адам биохимиясы, медициналық биохимия, өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және клиникалық, эволюциялық, радиациялық т.б.
Организмдерді зерттеу бағыты бойынша биохимияны статикалық зерттелетін заттардың химиялық табиғаты және қасиеттері жайында динамикалық заттардың организмге түсу кезеңінен олардың зат алмасудың ақтық өнімдерінің шығуына дейінгі өзгерістері және функциональдық органдардың, ткандердің және клеткалардың, жалпы біртұтас организмнің физиологиялық әрекетінің химиялық негіздері жөнінде биохимияға бөлінеді Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, биофизикалық химиямен молекулярлық биологиямен және физиологиямен тығыз байланысты.
Биохимияның ғылым ретінде қалыптасуында маңызды роль атқарған көптеген мәліметтер қайта өрлеу дәуірінде басталды. Ұлы ғалым Леонардо да Винчи 1452- 1519 барлық тіршілік процестерінің оттегінің қатысуымен өтетіндігін дәлелдеді. Биохимияның тарихы – зерттеп, гемоглобин мен хлорофиллдың ұқсастығын тапты.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында биохимияның жаңа салалары –адам биохимиясы, медициналы материалистік және идиалистік екі көзқарастар күресінің тарихы. Өзінің дамуының алғашқы кезеңінде биохимия химиялық жаңылыс флогистон теориясымен соқтығысты. Бұл теория бойынша заттардың жиынтығы олардың құрамындағы “отты материяға” байланысты болды. ХІХ ғасырдың басында дамып келе жатқан биохимия идеалистік витализм / лат vita - өмір, тіршілік теориясымен тартысқа түсті. Көп ұзамай виталистердің ілімін практика және химиялық тәжірибелер теріске шығарды. Ф. Велер бейорганикалық заттардан қымыздық қышқылын 1824ж және несеп нәрін алды. Орыс ғалымы Н.Н.Зинин, өсімдік шикізатынан өндірілетін анилинді 1842ж алды. 1845жылы неміс химигі А. Кольбе сірке қышқылын, француз ғалымы М. Бертло майларды, ал 1861ж А.М. Бутлеров тұңғыш рет синтетикалық қанты бар заттарды синтездеді.
Отандық биохимияның негізін салушы А. Я. Данилевский 1838- 1923ж болып есептеледі. Ол, Россияда физиолог – химиктердің алғашқы мектебін ашты. Мектеп көптеген ақуыздардың құрамын, қасиеттерін зерттеді. 1891ж Петербургте М.В. Ненцкий бірінші биохимиялық лабораторияны ашты. Гемнің құрылысын зерттеп, гемоглобинмен хлорофилдің ұксастығын тапты. Белоктың шіруінен пайда болатын өнімдерді, бактериялардың химиялық құрамын зерттеді. 1925ж. Харьковте А. В. Палладин бірінші биохимия инстетутын ашты. Адамзаттың қазіргі кезеңдегі назары биохимиялық ғылымдар алдына тіршілік құбылысының мәнін анықтау, органикалық дүние дамуының биологиялық заңдылықтарын ашу, тіршілік физикасы мен химиясын, зат алмасу, тұқым қуалаушылықты зерттеу жөнінде бірқатар басты- басты міндеттер қойып отыр. XIX ғасырдың 50-жылдарында зерттеу әдістері бір-бірімен байланыста болғандықтан, физиология биохимияға жақындай түсті. Заттардың химиялык табиғаты жөнінде ғылымда көптеген мәліметтер жиналды. Ю.Либих(1839ж.) тірі ағзалардың негізгі заттары — белоктарды, липидтерді, көмірсуларды, ал Шеврель (1823ж.) майлардың құрылысы мен қасиеттерін зерттеді. Осы заттардың ассимиляция және диссимиляция процесіндегі өзгерістер жайында алғашқы мағлұматтар алынды. Зат алмасуыныц коптеген аралык және акырғы өнімдері анықталды. И.Берцелиус катализ ілімінің негізін құрды, ашу реакциясының табиғатын түсіндірді. Биохимиядан алғашқы окулыктар (И.Зимон, Ю.Либих,А.И.Ходнев) шыкканнан кейін ол ғылым ретінде өте зор каркынмен жан-жақты дами бастады. Тірі ағзалардың химиялык құрамы органдар, ұлпалар және клеткалар деңгейінде толық зерттелді. Биохимия физиологиядан болініп шықты. Биохимия қаркынды түрде әсіресе Ресейде жаксы дамыды. XIX ғасырдың екінші жартысында орындалған биохимиялық зерттеулердің мазмұны, бағыты және тереңдігі көбінесе Д.И.Менделеев, А.М.Бутлеров, И.М. Сеченов, И.П. Павлов, К.А. Тимирязев жұмыстарының ықпалымен аныкталады. Орыс биохимиясының негізін салушы А.Я.Данилевский (1838-1923) болып есептеледі. А.Я.Данилевский жэне онын шәкірттері көптеген белоктардың кұрамын, кұрылысын, касиеттерін зерттеді. Белок молекуласының полипептидтік құрылыс теориясынын негізін құрды. Ферментативтік жолмен белокқа ұқсас заттарды синтездеу іске асырылды. Ферменттерді алу жэне тазалау әдістері ашылды. Таза күйінде амилаза жэне трипсин ферменттері алынды. Сондай-ак, ферменттердің қайтымды касиеттерін және антиферменттерді ашу А.Я.Данилевскийдің енбегімен байланысты. Ресей физиологиялық мектебінің негізін салушы И.М.Сеченовтің (1829-1905) жұмыстары да биохимияның дамуына үлкен әсерін тигізді. Оның басшылығымен тыныс алудың физиологиясы мен химиясы толық зерттелді. Ұлы ғалым химиктер мен биологтардың басты міндеті ретінде зат алмасуын жан-жакты зерттеу деп білді. Биохимияның келешектегі дамуы кеңес заманының физиологы И. П. Павловтың жұмыстарымен тығыз байланысты. Оның асқорыту физиологиясын зерттеудегі үлесі орасан зор. И.П. Павлов тамақ араласпаған, таза асқорыту сөлін алуға, олардың құрамы мен мөлшерін аныктауға, сөлдің бөліну реттілігін зерттеуге мүмкіндік беретін әдістерді жасап шығарды. Зат алмасуының нейрогуморальдық реттелуі және сыртқы ортанын бұл процестегі маңызы зерттеліп, жана ферменттер (энтерокиназа және т.б) ашылып, олар жайында ұғым қалыптасты. Аммиакты бейтараптандыра отырып, оны несеп нәріне айналдырудағы бауырдың маңызын шешті және т.б. биохимия саласында жаңалыктар ашты.
Биохимияның адамзат баласы мен жан-жануарлар дүниесіне тигізетін пайдасы бар салаларының бірі — витаминология ғылымы. Оның негізін жасаған орыс биохимигі Н.И.Лунин (1880 жылы) болатын. Ол сүт кұрамында жануарлар мен адам ағзасына ерекше эсер ететін белгісіз заттардың бар екенін байкаған еді. Ол белгісіз зат күріштің қауызында да кездескен. Күріштін кебегі зерттеліп, онда белгісіз заттардың мол болатыны анықталды. Бұл затты кристалл күйінде поляк ғалымы К.Функ (1912 ж.) боліп алып, оны ол витамин деп атады (вита латын созі — тіршілік, омір дегенді білдіреді). Осы кезде биохимия ғылымы витаминдердің 20-дан астам түрлерін табады. Олардың химиялык формулалары толығымен анықталып, ағзаға тигізетін биологиялық әсері де зерттелді. Шетелдік ғалымдардың да биохимияны дамытуға сінірген еңбектері орасан зор. 1868 ж. Ф. Мишер нуклеин қышқылдарын, Л.Пастер тыныс алу мен ашу процестерінін коптеген реакцияларын ашты. Э. Фишер ферменттердің әрекет ету механизмін зерттеді.
К.Нейберг 1903 жылы "Физиологиялық химия' деген атауды жана "биохимия" деген атаумен ауыстырды. У.Бейлисс пен Э.Стерлинг гормондарды ашты. Адамзат баласын сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру, алынған өнімді қоймаларда сақтай білу және дұрыс пайдалану мәселелеріне байланысты биохимияның жаңа саласы — техникалык және өнеркәсіптік биохимия дами түсті. Ол үлкен жолға койылды. Бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен академик А.Н. Бах атындағы 1921 жылы ашылған Мәскеудегі биохимия институтында жүргізіледі. Нан, шәй, темекі, шарап онеркәсіптерін дамытуда да биохимиялык зерттеулердің маңызы орасан зор. Бұл салада А.Н.Бах, А.И.Опарин, А.Л.Курсанов, Н.М.Сисакян, В.Л.Кретович т.б. орыс ғалым-биохимиктері ғылыми-зерттеулер жүргізіп, әлем деңгейінде бірнеше ғылыми жаңалықтар ашты. Олардың теориялық және практикалык маңызы ерекше болды. Аталмыш жаңалыктардың жануарлар мен адам биохимиясының медицина ғылымдары үшін маңызы зор. 1925 жылы Харьковте Украина академик А. В. Палладиннің басқаруымен биохимиялык институт ашылды. Бұл институт 1934 жылы Киевке көшірілді. Бүгінгі танда академик А. В. Палладии атындағы бұл биохимия институты ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының
бірі.
Биохимияның көрнекті салаларының бірі — энзимология (ферменттер туралы ілім). Өте кең көлемде зерттелген. Ол белоктардың құрылысын биохимиялык касиеттерін зерттейді. Қазақстандағы көрнекті ғалым-биохимик Т. Б. Дарқанбаев энзимологиямен шұғылданған болатын. Бұл салада ол көптеген ғылыми жаңалықтар ашты. Бидайда болатын ферменттерді анықтады. Республика Ғылым академиясының корреспондент-
мүшелері Л. Қ. Қылышев, Ф. Ә. Полымбетова, І.Р.Рахымбаев, Қ. Ж.Пірәлиев, биология ғылымдарының докторы, профессор З.С. Сейітов пен ғалым-ұстаз Н. Ә. Кенесарина және басқалар бағалы зерттеу жұмыстарын іске асырды.
Достарыңызбен бөлісу: |