Фосфатидтердің түзілуі. Тканьдерде, клеткаларда жекеленген түрлері: глицеро – инозит – және сфингозинфосфатитер түзіледі. Глицерофосфатидтердің түзілуінің алғашқы сатылары майлардың биологиялық түзілуімен бірдей болып келеді. Пайда болған α, β – диглицеридтері активтелген азоттық негіздермен әрекеттесіп тиісті фосфатидтердің молекуласы құрады. Активтену мынадай түрде өтеді: азоттық негіздер фосфорланады. Мысалы, холин холинкиназа ферментінің әсерімен фосфорилхолинге өзгереді.
фосфорилхолин холинфосфатцитидилилтрансфераза ферментінің әсерімен цитидинтрифосфатпен (ЦТФ) әрекеттесіп цитидинқосфосфат – холинге (ЦТФ – холин) өзгереді.ЦДФ – холин холинфосфатрансфераза ферментінің әсерімен α, β –диглицеридпен реакцияға түсуі фосфатидпен цитидинмонофосфаттың (ЦМФ) пайда болуына әкеледі.
ЦММ ГТФ – аденилатриклаза ферментінің әсер етуімен АТФ – мен әрекеттесіп ЦТФ – қа өзгереді:ЦМФ + 2АТФ → ЦТФ + 2АТФ.
ЦТФ азоттық негіздердің фосфаттарының жаңа үлестерімен (порциясымен) реакцияға түсіп, ерекше жылдамдатқыштық қызмет атқарады. Қалған фосфатидтердің түзілуі осындай ұқсастықпен өтеді. Ең жоғары дәрежеде алмасу фосфатидтерге өте тән қасиет.