Дәріс кешені тағамдық биохимия курстың мақсаты және міндеті



бет61/61
Дата08.02.2022
өлшемі209,74 Kb.
#124341
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Дәрістер кешені ТБ

Шай түрі, құрамы: Бүкіләлемдік шай өнідірісінң 95 пайызы қара шай үлесіне тиеді. Оның хош иісі, тіл үйірер дәмі болады, сондықтан, көпшілігі осы шайды ұнатады. Көк шай – бұл атау Күн көзіне кептірілген соң берілген. Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300 – 600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындалу процедурасын қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.
Улун шайы – жартылай ферментті, ашық түсті. Жапырақты. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі. Қызыл шай – (бізше қара шай) – күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген. Қарт адамдарға қуат – күші төмендегенде шипалы. Қара –пуэр – тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасынды жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздаған! Пуэр – уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті. Гүлді шай – гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді. Көк шайдың иісі мүлдем басқа, оның дәмі сәл қышқылтым, шөлді жақсы қандырады. Сергітетін қасиеті мен Р витаминінің құрамы жөнінен қара шайдан асып түседі. Кірпіш шайды ерте солған ірі жапырақтарды жинап, арнайы әдіспен өңдейді де, сонан соң салмағы 2 кг мөлшерінде кірпіш формасында престейді. Оның ауыз қуыратын дәмі мен сәл хош иісі болады. Түйіршік шайдың тақта шайдан айырмашылығы, оның ең жоғары сортты қиқымдарын әуелі майдалап үкітіп, 3-5 грамнан түйіршіктеп престейді.
Шай өсіру орнына қарай: қытай, үнді, цейлон, грузин және краснодар болып бөлінеді. Шайды плантациядан алыс емес шай фабрикаларында дайындалады. Себебі, шай жапырақтары өзінің құнды сапасын жоғалтпау үшін алыс тасымалдауға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет