1. Биохимия ғылымына кіріспе және оның пайда болуы Биология сабақтарында кездесетін химиялық құбылыстар


Химия тұрғысынан тиімді тамақтану



бет3/4
Дата19.10.2023
өлшемі90,3 Kb.
#186825
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Документ 25
Лекция 7. Құстар
4. Химия тұрғысынан тиімді тамақтану
Тамақтану-ағзаның өмірлік қажеттілігі болып табылады. Олар организмді сумен, энергиямен қамтамасыз етеді. Сау адамның 1 тәуліктегі тиімді тамақтану рационы (1280-3000 ккал) өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тканьдерды қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттіліктерін толтыруға арналған басқа да заттар алынады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен камтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метоболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді және олар құнарлықпен өлшенеді.
Тағамның құрамын, физикалық-химиялық қасиеттерін, реакциялары мен химиялық өзгерістерін зерттеуге жауап беретін ғылым тағамдық химия деп аталады. Ол барлық қоректік заттардың әртүрлілігіне, сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін оны өндіруден, өңдеуден және сақтаудан өтетін барлық фазаларды қарастырады.
Тағам химиясы қазіргі зерттеулерде, молекулалық гастрономияда, тағамдық биотехнологияда және нанотехнологияда маңызды рөл атқарады. Қысқаша айтқанда: бұл өмір сүрудің, тамақтанудың және тағамның дененің дәрі-дәрмегіне айналудың жаңа әдістерімен одақтасқан ғылым.
5. Химиялық элементтердің адам ағзасына әсері
Тиімді тамақтанудың тағы бір кепілі тағамның химиялық құрамы болып табылады. Тағам құнарлылығы мен оның ағзаға деген пайдасын арттыратын химиялық элементтер болып табылады. Әрбір элементтің ағзаға тигізер өзіндік пайдасы бар.
Мысалы, кальций - жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Йод - қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырттай қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады. Олар: шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі.
Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай – ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады.
Темірдің денсаулық үшін рөлі өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады.
Ал магний жетіспеген кезде көңіл-күй құбылады. Адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды. Ал магний — күйзеліске қарсы макроэлемент. Әсіресе, В6 витаминімен бірге ол жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ сүйек түзуге де қатысады.
Калий - қан қысымын төмендетеді, жүрек қағысын реттейді. Калий бнанда, өрік-мейізде, картопта мол болады.
Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші — адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.
Селен. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді. Селен теңіз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде кездеседі.
Мырыш. Ол — ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы мырыш. Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет