гуманитарлық
білімдер және
қоғамтану
түсініктерімен бірігеді. Олардың қатарына философияны, психоло-
гияны, саясаттануды, әлеуметтануды және басқа пәндерді жатқызуға
болады.
Гуманитарлық пәндердің ерекшелігі – олардың мазмұнында
нақты тарихи қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері
мен мақсаттары сөзсіз баяндалатыны болып табылады. Сол себепті
бір құбылысқа әрбір әлеуметтік топ басқалардың пікіріне пара-
пар келмейтін, өзінің дербес бағасын бере алады. Сонымен бірге
гуманитарлық ғылымдар ортақ құндылықтар:
адамды сүю,
жақсылық, әсемдік, әділеттілік, еркіндік және теңдік
және т.б.
негізінде біріккен.
Гуманитарлық танымда
көркемдік таным
, өнер оқшау тұр. Ол
әдебиетті, поэзияны, көркемсуретті, мүсін өнерін, музыканы және т.б.
қамтиды. Ғұлама А.С.Пушкин кезінде өнерге «бізді көкке көтеретін ал-
дау» деген анықтама берген, өйткені сахнада өтіп жатқан әрекет нақты
өмірде көбінесе бола бермейді, бұл жерде жақсылық пен жамандық,
сұлулық пен сұрықсыздық араласып жатады. Бір кездері Г.Гегель
айтқандай, өмір, негізінен, сұр бояулармен жазылған. Алайда өнерге
жанасу біздің жарқын, шуақты сезімдерімізді оятады, біз катарсисті –
іштен тазаруды сезінеміз, жамандыққа қарсы иммунитет тудырамыз,
эмпатияға – ортақ күйзелуге қабілетті бола бастаймыз.
Қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысында тазаруында бүгінгі
күні
Достарыңызбен бөлісу: |