Сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі



Дата07.02.2022
өлшемі13,75 Kb.
#91431
Байланысты:
қазақ тілі лекция 3


Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.
Түркі тілдерінде түбір өзгермейді, ал славян тілдерінде өзгеріске түсіп отырады. Түркілік түбір негізінен бір, кейде екі буынды болып келеді. түбірдің негізгі ерекшелігі ретінде толық мағыналылығы, тұлғалық сипатының өзгермеуі, әрі қарай бөлшектеуге келмейтіндігі аталады. Дәстүрлі түркітануда түбір “формадан мазмұнға” принципі негізінде қарастырылатындықтан, оның тұлғалық дамуы сөз болады. Н.А. Баскаков әуелгі түбірдің сипаты “Дс.Д.Дс.” (Дс. – дауыссыз, Д. – дауысты) тұлғасында, Г.И. Рамстедт “Д.” түрінде, В.Котвич, Э.В. Севортян, А.Н. Кононовтар “Д.Дс.Д., Д.Дс.” жүйесінде болған деп пайымдайды. Өзге түркі тілдеріндегі секілді қазақ тіліндегі түбір құрамы негізінен бір буынды. Түркі тілдеріндегі бір буынды түбірлер толық мағыналы болғандықтан, жеке атау ретінде анықталып, сөз тіркесінде, сөйлем жүйесінде, мәтінде жұмсала береді. Түбір термині тілді тарихи-динамик. тұрғыдан зерделеуде өзгеше, қазіргі тілдің статик. жайын анықтауда басқаша қарастырылады. Тарихи тұрғыда Т. түбіртектерге (силлабофонемаларға) бөлшектенеді, мағынасы синкретті болады. Түбірдің “әрі қарай бөлшектеуге келмеуі” – шартты ұғым. Мыс., қазіргі тіліміздегі тау, тас, тіл, сөз, кел, анық, асық, айт, бала, баға, тұр, жүр, жатыр, оқы, т.б. сөздер түбір ретінде танылады, ал тарихи даму жүйесінде бұл сөздер морфтарға жіктеледі. Түбір туынды сөз жасаудың негізгі ұйтқысы саналады. Түбір – негізгі морфема, өйткені өзге (көмекші) морфемада лексик. мағына болмайды. Түбір жеке тұрып та, граммат. жағынан түрленіп те семантик. дербес сөз болады, жеке сөздің қызметін атқара алады.

Тапсырма
1. Негізгі түбір және қосымшаға анықтама бер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет