Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын



бет1/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары


Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Бұл тәсіл cөздің мағынасы мен қызметін айқындауға көмектеседі.[1] Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.
Қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық тұрғыдан жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер де, күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған, күрделенген (ақ құба, ақ сары) сөздер. Жалаң сөздер құрамы жағынан түбір тұлғалар мен қосымшалардан құралады. Түбірлер сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді де, қосымшалар түбірге неше түрлі грамматикалық мағыналар үстейді. Мысалы, ұйымдастырушылардың бірі деген сөз тіркескендегі алғашқы сөз ұйым+дас+тыр+у+шы+лар+дың болып 7 бөлшектен тұрады. Мұндағы ұйым — негізгі түбір, -дас — сөзжасам қосымша, -тыр - өзгелік етіс жұрнағы,  — қимыл есім жұрнағы, -шы — сөзжасам жұрнақ, - лар — көптік жалғауы, -дың — ілік септігі жалғауы. Бұлардың әрқайсысының өзіндік лексикалық және грамматикалық мағыналары бар.
Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: Ахмет Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов. 40-50- жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми - зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде көптеген көлемді еңбектер жарыққа шығады. I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған "Қазақ тілі грамматикасы" мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған "Қазақ тілі" (1948) және жоғары оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақ тілі" (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері", А. Ысқақовтың "Қазақ тіліндегі үстеулер", Ғ. Мұсабаевтың "Сын есімнің шырайлары", Ә. Хасеновтың "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер", Р. Әміровтың "Қазақ тіліндегі шылаулар", Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі одағайлар" т. б. зерттеулерін айтуға болады. 60-жылдары мұндай еңбектер саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер" (1960); Ж. Шакеновтың "Қазақ тіліндегі сын есім категориясы" (1961); Ә. Ибатовтың "Қазақ тіліндегі есімдіктер" (1961); Ә. Төлеуовтың "Қазақ тіліндегі есім категориясы" (1963) атты еңбектері жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әр түрлі сөз таптары өзіндік лексико-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі. Морфология мәселелеріндегі бұрын-соңды жетістіктердің бәрін жинап, оны жүйелі тәртіпке келтіріп, теориялық тұрғыдан ғылыми бір ізге түсіріп баяндаған күрделі еңбек 1967 ж. Қазақ КСР ҒА "Ғылым" баспасынан шыққан "Қазақ тілінің грамматикасы" болды. Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөз формаларын зерттеу. Сол себептен сөз формалары жайындағы зерттеу сөздердің түрлері жайындағы қандай да болса ережелердің бәрін түгел қамтып, сөздерді морфологиялық категориялардың қандай түріне жатқызу және оларға тән формаларды анықтау сияқты заңдылықтарды да қамтиды.
Тіл білімінің қазіргі грамматика саласына негізін беріп, ғылыми даму бағытын жасап берген ғалымдардың көшбасшысы ретінде А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановты атаймыз. Осы ғалымдардан кейін басқа зерттеушілердің тізбегі сатыланып, жалғаса береді. Қазақ грамматикасының бастауы – 1914 жылы «Тіл құралы» атауымен жазылған А.Байтұрсынов еңбегі. Бұл қазақ тілі морфологиясы туралы шыққан алғашқы зерттеу болып табылады. Қазір ғалымның бірнеше зерттеулік еңбегі жинақталып «Тіл тағылымы» деген үлкен басылымдық кітапта беріледі. Қ.Жұбановтың алғашқы еңбегі – 1936 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасы». Осы екі ғалымнан кейін ғана С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, А.Ысқақов, К.Аханов, Ы.Маманов, С.Исаев, Н.Оралбай, Т.Сайрамбаев, А.Қалыбаева, Қ.Шаяхметов, Б.Момынова, Б.Қасым, т.б. ғалымдарды тіл білімінің грамматика саласына қатысты зерттеушілер қатарына қоса беруге болады. 1930-1940 жыл аралығында жүргізілген морфологиялық зерттеулер. 1930-1940 жылдарда сөз таптары, оларға қатысты категориялық белгілер сипаты туралы жеке еңбектер жарық көрді. Негізінде ұлттық тіл білімі қалыптасуында қазір қарастырылып жүрген сөзжасам мәселесі жеке сала ретінде осы кезеңде қарастырылды да, кейін 30-жылдары сөзжасам жеке сөз табына байланыстырылып, морфология ішінде қаралатын болды. 1930 жылдардан бастап морфологияның жеке мәселелеріне арналған шағын көлемді мақалалар мерзімді баспасөз беттерінде, «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі» (кейін «Халық мұғалімі») ғылыми-педагогикалық журналдарында басыла бастады. Онда сөз таптарына, қосымшаларға арналған отызға тарта мақала Қ.Жұбанов, X.Басымов, Ш.Сарыбаев, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжоловтар тарапынан жазылған. Н.Сауранбаевтың «Сөз таптары» атты мақаласында тілдердегі сөздерді тапқа бөлуде ғылымда қалыптасқан үш түрлі қағиданы атап, «семантикалық, синтаксистік, морфологиялық белгілер» деп көрсетіп, сөздерді тапқа бөлуде сөздердің мағынасына ерекше мән берілу керектігін қорытып жазған. 1930 жылдардың соңында морфологияға байланысты еңбектің бірі – С.Аманжолов жазған, орта мектепке арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығы. Кезінде бұл оқулық сынға алынған. Өйткені еңбектегі пікірлер теориялық жағынан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерімен салыстырғанда, нақты болмаған. Еңбекте сөздер тұлғасына, тобына қарай жіктеп көрсетіледі. 30 жылдары морфология саласы тек оқулық көлемінде ғана емес, ғылыми мақалалар арқылы тереңірек зерттеуге түскен. Педагогикалық журналдар мен Ұлт мәдениеті институтының ғылыми жинақтарында X.Басымов, С.Аманжолов қазақ тілі қосымшасы туралы мақалалар, С.Жиенбаев сөздерді тапқа бөлуге қатысты қағидаларды нақтылау туралы еңбектері жарияланған. Осылайша тәжірибелік те, теориялық та мәселелер көтеріле бастады. Қазақ тіл білімінің морфология саласы кейін де қарастырылған. 1940-жылдары қазақ тіл білімінің салаларын арнайы зерттеу, кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғау басым болды. Тіл ғылымының басқа салаларынан гөрі морфологияға қатысты мәселелер кең зерттелді. 40-жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, көсемше, етіс шақ, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді. Осы жылдар ішіндегі морфологияға қатысты еңбектердің бірі – Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтың «Қазақ тілінің грамматикасы». Осы еңбектің морфология саласы «Сөз» атауымен берген. «Морфема» ұғымы (атауы) қазақ тілі білімінде осы оқулықта алғаш рет қолданылады, зерттеушілер бұл терминді қосымшаға ғана қатысты берген. 60-70 жылдардағы морфологиялық зерттеулер – Ш.Сарыбаев «Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер», Ж.Шакенов: «Қазақ тіліндегі сын есім категориясы», А.Ибатов «Қазақ тіліндегі есімдіктер», Ә.Төлеуов «Қазақ тіліндегі есім категориясы», А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», ҚРҒА «Қазақ тілінің грамматикасы». 70-90 жылдардағы морфологиялық зерттеулер: А.Қалыбаева-Хасенова «Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты», Ә.Төлеуов «Сөз таптары», А.Ибатов «Қазақ тілінің туынды сөздері сөздігі», А.Қалыбаева, Н.Оралбаева «Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» және басқасы. 1990-2000 жылдардағы морфологиялық зерттеулер: Ж.Шәкенов «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар», С.Исаев. «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты», Б.Қасым, А.Салқынбай, Б.Момынова және басқа көп ғалым еңбек жазды.

Антонимдер семантикалық құбылыс болса, оның тілдегі синонимия, омонимия сияқты лексикалық топтармен байланыспай оқшау тұруы мүмкін емес. Олай болғанда бұлар қай деңгейде, қалайша байланысады, бұл байланыстың сыры неде деген сұрақ туады. Алдымен антонимдердің синоним және омонимдермен бір — бірімен арақатысын көрсету үшін бұл тілдік, семантикалық құбылыстарға қысқаша тоқталып өтсек.


Синонимдер (грек. synonymos аттас, мәндес) – мағынасы толық немесе жартылай сәйкес келетін, бір сөз табына жататын сөздер (кең мағынада фразеологизмдер, морфемалар, синтаксистік құрылымдар). Лексикалық синонимдерді мағына жағынан деңгейлестіретін тіл бірлігі – сөздің қарапайым мағынасы мен оның лексика — семантикалық варианттары. Солар арқылы синонимдік қатарлар пайда болады. Сол себепті кірме сөздер синонимдік қатарларға бірден ене алады. Әрбір синонимдік қатардың мүшелері семантикалық, стилистикалық жағынан доминант сөзге теңестіріліп, соның айналасында топталады. Синонимдердің синонимдесу дәрежесіне қарай толық немесе жартылай, құрылымына қарай әр түбірлес болуы мүмкін. Жеке сөздер мен сөз тіркестері де синонимдес бола алады. Құрылымы әр түрлі, мағынасы жақын синтаксистік құрылымдардан синтаксистік синонимдер жасалады, мысалы: үйге кетті – үйге қарай кетті.
Белгілі бір объектінің әр түрлі реңкін, сипатын білдіру арқылы семантикалық синонимдер жасалады, мысалы: семіру — шелдену, майлану — қоңдану — тойыну. Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сұлу, әдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай болса, алыс, қашық сөзінің тұрақты тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер. Белгілі бір объектіні бағалау сипатында стилистикалық реңттер тудыратын стилистикалық синонимдер жасалады, мысалы: беку, қатаю сөздерімен салыстырғанда қатулану, буырқану – ауыз әдебиетінде тән поэтикалық реңкті; опырық, оспадар сөздерімен салыстырғанда ұр да жық, әпербақан – эмоционалды — экспрессивті реңкті; шүленсу, мырзасыну – кекесін, мысқыл реңкін; бет, түр бейтарап реңкті, ал дидар, ажар көтеріңкі поэтикалық реңкті тудырып тұр. Сөзжасам қосымшалары арқылы сөзжасамдық синонимдер, жарыспалы сөздер жасалады, мысалы: сөзшең — сөзуар, күркешік – күркеше, ұрыншақ – ұрынғыш.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет