Дәріс тақырыбы: Сөздік қор, сөздік құрам.
Кірме сөздер, неологизмдер және архаизмдер
Тіліміздегі сөздердің тұтас жиынтығы тілдің сөздік құрамы деп аталады. Сөздік құрам халықтың тұрмыс жағдайына, күнкөріс-тіршілігіне, кәсібіне, өнер-ғылымына т.б. байланысты сөздерді түгел қамтиды. Халықтың қоғамдық, шаруашылық, ғылыми, мәдени тұрмысы неғұрлым күрделі болса, оның сөздік құрамы да соғұрлым бай болады.
Сөздік құрам үнемі өзгеріп, яғни дамып отырады: жаңа сөздер қосылып жатады, кейбір сөздер қолданылудан шығып қалады. Сөздік құрамда сол тілдің лексикасын жасауға негіз болған, ұйтқы болған, талай замандардан бері өзгермей келе жатқан байырғы көне сөздер болады. Мұндай сөздердің тобы негізгі сөздік қор деп аталады. ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген белгілі лингвист Расмус Раск: «Тілдің негізін жасайтын өте мөте мәнді, материалды, қажетті және алғашқы сөздер болады», - деп жазған еді. (Р. Раск. «Исследование в области древне- северного языка или происхождение исландского языка», «История языкознания ХІХ и ХХ веков в очерках и извличениях» часть І стр. 38)
Профессор В.И.Атаев былай деп жазады: «...адам баласы қоғамында қажетті ұғымдар мен қатынастардың тобын қамтитын лексикалық қор болады, онсыз адам баласы тілі туралы ойлап, түсіну қиын... Әрбір тіл үшін мұндай зәру және қажетті сөздердің шағын тобы негізгі лексикалық минимум деп атауға болатын нақты топты жасайды». (В.И.Абаев. О взаимоотношении иранского и кавказского элементов в оситинском языке).
Ғ.Мұсабаев: «Сөздік құрамның ішінде жаңа сөздер жасауға негіз болатын негізгі сөздік қор сақталады... Негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешіргендіктен, байырғы көне сөздер болады» (Қазіргі қазақ тілі. 79-84 б). Осылай дей тұрып, Ғ.Мұсабаев партия, комсомол, трактор, коммунист деген сөздерді негізгі сөздік қорға жатқызады.
Бұдан негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның ара қатынасы әлі толық тиянақты зерттелмегенін аңғаруға болады.
Бірақ мына мәселелердің басы ашық:
1. Сөздік құрамда сол сөздік құрамды жасауға негіз болған, ұйтқы болған өте мәнді, аса қажетті сөздердің шағын тобы, лексикалық минимумы болады екен.
2. Олар сол тілде жаңа сөздер жасауға негіз болады.
3. Олар замандар бойы өзгермей, ұзақ сақталады. (айыртам-ой ескерткішінде (Ү ғ.) сіз, тұл (тұл қатын), қатын, отыз, ұғлан (ұл), қалмыш (қалды) т.б. сөздер кездеседі. Орхон-Енисей ескерткішінде (ҮІІ-ҮІІІ ғ.) ат (есім), күн, түн, ұлығ, кіші, өзім, ілгері, тысқары, алып, ер, алты, он т.б. сөздер қолданылған. Ал, осы сөздер қазіргі қазақ тілінде нақ сол мағынада, сол қалпында күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Демек, сөздік қор ұзақ уақыт өзгермейді. Ал сөздік құрам, жоғарыда айтқанымыздай өзгеріске ұшырап отырады. Өйткені, тіл халық қажетін өтейтін болғандықтан, халық өмірімен, қоғам өмірімен тығыз байланысты болады да, қоғам дамыған сайын тілде, яғни сөздік құрам да дамып, байи береді:
1. Жаңа сөздер енеді (трактор, комсомол)
2. Кейбір сөздер, ескіріп шығып қалады (әмеңгер, шабарман, сәукеле).
3. Бір қыдыру сөздердің мағынасы өзгереді:
1) Жаңа мағына үстеледі.М: тап (ру мағынасында) 1) класс, 2) сөз табы
2) Жаңа мағынаға ие болады: құн, ұран (рудың ұраны)
3) Сөздің заттық мағынасы ұмытылып, оның соңғы қосымша мағынасы берік орын алады: талқы – тері илеу құралы, талқы – дискуссия.
4) Ауыс мағынада қолданылып келген кейбір сөздер ондай мағынадан айырылады, мағынасы тарылады: жуандар, күштілер (ел билеушілер д.м.). Қазір бұл сөздер ол мағынадан айырылды.
5) Кейбір сөздер экспрессивті – эмоционалдық мәнінен айырылады. М: төре, мырза, атқамінер, қасқа мен жайсаңдар. Бұрын бұлар ең қадірлі сөздер еді. Қазір жағымсыз мәнге ие болып отыр.
Қазіргі қазақ тілі лексикасындағы сөздердің олардың шығу тегі жағынан былайша топтастыруға болады:
І. Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Тіліміздің сөздік қорындағы қазақтың байырғы сөздерінің басым көпшілігі түркі тұқымдас халықтардың барлығына ортақ болып келеді. Өйткені, олардың бәрі өте ерте заманда, бір түп тілде, ата тілде (праязык) сөйлеген сияқты да кейін бір-бірінен ажырағанға ұқсайды. М: бас, көз, қол, аяқ, тізе, ата, ана, іні, келін, қыз, жер, су, тау, көл, ақ, қара, қызыл, кел, кет, бар, жүр, бір, екі, бес, алты, мен, сен, сіз, біз, не, ерте, кеш, жоғары, төмен, мейлі, дейін, соң.
Дыбыстық өзгешеліктер кездеседі. Бұл заңды да: жер-иер, иір, ер, ір, кел-кил, гел, гил, бас-баш, бош, тас-таш.
Ғ. Мұсабаев:
1. Түркі тілдеріне ортақ сөздер
2. Шығыс халықтарының тілдерінен ауысқан сөздер:
а) араб және иран тілдерінен ауысқан
ә) монғол тілінен енген сөздер;
б) түркі-монғол тіліне ортақ сөздер;
3. орыс тілінен енген сөздер.
Ә.Болғанбаев:
1. Түркі тілдерінен ортақ сөздер
2. Кірме сөздер:
а) араб-парсы тілінен енген сөздер;
ә) монғол тілдерінен енген сөздер;
б) орыс тілінен ауысқан сөздер.
М.Белбаева:
1. Түркі тілдеріне ортақ сөздер
2. Түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер және монғол тілдерінен енген сөздер
3. араб-парсы тілдерінен енген сөздер
4. орыс тілінен енген сөздер.
Бұлардың ішінен біз Ә.Болғанбаевтың топтауын лайық деп ойлаймыз... Сөйтіп, кірме сөздер:
Достарыңызбен бөлісу: |