Қазақстандық өнертапқыштардың «жасыл экономиканың» дамуына қосқан үлесі



Дата29.12.2022
өлшемі16,03 Kb.
#164868
Байланысты:
5 Қосымша 2 9 сынып Ноосфераның қалыптасуы Қазақстанның ноосфераның дамуына қосқан үлесі Биосфера 9.3.4.5
Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. 05.12.2023

Қазақстандық өнертапқыштардың «жасыл экономиканың» дамуына қосқан үлесі

  1. Қазақстанның "жасыл" инноваторларының тізімін зиянды тасталымдарды тазартудың бірегей технологиясын әзірлеген ғалым - кәсіпкер әрі өнертапқыш, химия ғылымдарының докторы Қарағандының тумасы Александр Борисенко бастайды. 

Ол жанбайтын газдар мен зиянды тасталымдарды реагентсіз және өзін-өзі өтейтін электромагниттік тазартуға арналған тәжірибелі қондырғылар әзірлеп шығарды.
«Инновация әлемге СО2 көмуден бас тартуға мүмкіндік береді. Кез келген уытты және қауіпті қалдықтарды, ҚТҚ, тұрақты органикалық ластаушы заттарды диоксинсіз және басқа да зиянды тасталымдарсыз жандыру мүмкін болады. Бұл өте жоғары температура кезінде таза көміртек алуды алмастырады. Патент 60 елде қолдау тапты. Өнеркәсіптік қондырғы сынақтары сәтті жүргізілді», - деді А. Борисенко.


  1. Келесі өнертапқыш Қарағандыдан Александр Петров, ол түтін шығармайтын және көмірдің 40%-ға жуығын үнемдейтін, құрылымы ерекше қазандықтар шығарады. 

Қазіргі уақытта, оның айтуынша, мемлекеттік мекемелер мен ірі жеке тұрғын үйлерде 300-ден астам қазандық орнатылған. 
«Айтарлықтай жоғары температура кезінде химиялық қалдықтарды, улы химикаттарды, улы заттарды да жандыруға болады», -деді өнертапқыш.


  1. Алматылық Диас Оралов сутектік генератор әзірлеуші.

Инноватор генератор жұмысын қашықтықтан басқару әзірлемесінің авторы болып табылады. Қазіргі уақытта сутекті генераторларды әзірлеумен АҚШ (Tesla), Жапония (Toyota), Германия (Mercedes) елдері айналысуда.
«Қазақстандық өндірістің ерекшелігі генератор жұмысының режимдерін IT қашықтықтан басқару болып табылады. Қазіргі уақытта Астана электротехникалық зауытының базасында технологиялық желі құрылған. Өндіруге рұқсат ресімделіп жатыр. Өнім бағасы 100 мың теңгеден басталады», - деді Д. Оралов.


  1. Петропавлдық инноватор, кәсіпкер және «Сапро-НАТ» компаниясының басшысы Альтаир Сыздықов көмірмен автономды жылытудың инновациялық ресурс үнемдейтін кешендерін енгізуде.

«Мұндағы негізгі техникалық элементтер ұзақ жанатын қатты отынға арналған қазандықтар. Олардың негізгі басымдықтары: басқаруды автоматтандыру; кәдімгі қазандықтармен салыстырғанда, көмір 2-2,5 есе аз жұмсалады; бір салғанда 3-4 тәулікке дейін жанады; автономды жылыту жүйелерін қашықтықтан басқару. Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар ескі модельдерге қарағанда 50 есе аз», - деп атап өтті А. Сыздықов.


  1. «Албастройдор» ЖШС директорының орынбасары Наталья Высоцкая домендік шлактарды кәдеге жаратып, өнімнің жаңа түрлеріне қайта өңдеумен айналысатын компания туралы айтып берді, олар бетон, цемент алу үшін шикізат болады және жол құрылысында пайдаланылады.



  1. «Three Energy» ЖШС директоры Жамболат Мұзабаев жел генераторларын өндіретін отандық компания туралы айтып берді.

«Генератор модульдық және оңай бөлшектеледі. Он жылда бір рет тек мойынтіректерін ғана ауыстыру қажет», - деп атап өтті Ж. Мұзабаев
Оның айтуынша, қондырғы Қазақстанның климат ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Жоба коммерцияландырылған, өндірістік желісі бар. Республика бойынша 19 объектіде орнатылған. 
Сілтеме: www.strategy2050.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет