Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын



бет5/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары
9- мамыр, Терминдер
Буын құрамының өзгеруі
Қазақ тіліндегі буында өзара қарым‑қатынасқа түскенде кейде бастапқы қалпын сақтаса, кейде түрін өзгертіп отырады. Дауыссыздан басталатын ашық (ВА), бітеу (ВАВ, ВАВВ) буындар өзінің алдыңғы буынға дыбыс та бермей, дыбыс та алмай, дыбыстық құрамын әрқашан сақтап тұратын болса, тек сөздің басында ғана келетін үш буын (А, АВ, АВВ) өзінің алдындағы буынның соңындағы дауыссызды ылғи да өзіне қосып алады, нәтижесінде көрші екі буын да сандық сапалық өзгеріске ұшырап, буын құрамы өзгереді.
Буын құрамы мына жағдайларда өзгеріске түседі:
1. ВА+А=ВА: са‑ры+а‑ла – са‑ра‑ла; ал‑ты+е‑лі – ал‑те‑лі.
2. ВА+АВ=ВАВ: е‑кі+еш‑кі – е‑кеш‑кі; е‑кі+ал‑ма – е‑кал‑ма.
3. ВА+АВВ=ВАВВ: е‑кі+айт‑ты – е‑кайт‑ты.
4. ВАВ+А=ВА+ВА: бес+а‑дам – бе‑са‑дам; бар‑мақ+е‑дім – бар‑ма‑ғе‑дім.
5. ВАВ+АВ=ВА+ВАВ: бес+ал‑ма – бе‑сал‑ма; бес+ай – бе‑сай.
6. ВАВВ+А = ВАВ+ВА: тарт+-а – тар‑тақант+-ы – қан‑ты.
7. ВАВВ+АВ = ВАВ+ВАВ: тарт+‑ып – тар‑тыптөрт+еш‑кі – төр‑теш‑кі.
8. ВАВВ+АВВ=ВАВ+ВАВВ: төрт+айт‑ты – төр‑тайт‑ты.
9. АВ+А=А+ВА: ат+-ы – а‑тыақ+а‑ла – а‑ға‑ла.
10. АВ+АВ=А+ВАВ: үш+ай – ү‑шайақ+үй – а‑ғүй.
11. АВВ +А=АВ+ВА: ант+-ы – ан‑тыайт+-а – ай‑та.
12. АВВ+АВ=АВ+ВАВ: ант+-ым – ан‑тымайт+-ып – ай‑тып.
13. АВВ+АВВ=АВ+ВАВВ: ант+айт‑ты – ан‑тайт‑ты.
Бұдан байқайтынымыз, дауыстыдан басталатын буын (сөз) өзінен бұрын тұрған буынның соңындағы дауыссызды өзіне қосып алады. Себебі, бір бунаққа енген сөздер айтуда күрделі бір сөзге айналады, ал сөз ішінде буын дауыстыдан басталмайтын болғандықтан, алдыңғы буынның соңғы дауыссызын өзіне селбестіріп, қосып айтуға мәжбүр болады. Бұлардың арасында жылысатын тек дауыссыздар болатындықтан, буын құрамының өзгеруі дыбыс жылысуы болып табылады. Жылысатын дауыссыз – бунаққа енген әр түрлі сөздердің (буындардың) арасын жымдастыратын, кіріктіретін дәнекер. Соның арқасында сарала (сары ала сын есімі) мен сарала (етістік), алтай (алты ай) мен Алтай (жалқы есім), сатыбалды (сатып алды күрделі етістігі) мен Сатыбалды (жалқы есім) айтылуы жағынан ұқсайды. Жалпы, байырғы сөздеріміздің буын құрамы А, АВ, ВА, АВВ, ВАВ, ВАВВ түрінде ұшырасады, өзге тілден енген сөздер арқылы бес, алты дыбысты буындар пайда болды.
Тасымал. Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа - раторғай, қара - торғай, қаратор - ғай; күн - делікті, күнде - лікті, күнделік - ті, т. б. Санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау - ыл, бу - ын, қи - ыр, жи - ын, т. б. Екі дауысты дыбыстың ортасында –й-у- дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: жа-уап, қа-йын, са-уын, ке-йін, қа-уын, жа-уын, ба-уыр, та-уар т.б. Тасымал буынға негізделеді. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар төмендегіше:

  1. Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалған бөлігін тасымалдауға болмайды. Мысалы: әке, ана, әже, ата, осы, өмір, өнер, әзір сияқты сөздер тасымалданбайды.

  2. Сол сияқты сөздің ең соңғы бір дауысты әріптен тұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы, армия, Жәния сияқты сөздердегі соңғы я әрпі келесі жолға тасымалданбайды.

  3. Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС т.б.

  4. Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды: А.Құнанбаев, М.О.Әуеуов, С.Мұқанов т.б.

  5. Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөзден бөліп тасымалдауға болмайды: 15м, 30см, 60 т.

  6. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11 - сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз, 70 км, 52 кг.

  7. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б.

Жоспар:
Екпін, екпіннің түрлері


Үндестік заңы
Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Қазақ тілінде екпін сөздің сонғы буынына түседі.Бұл-бізге мектептен таныс қағида.
Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.
1)Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.
2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады.
3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.
Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін. Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады.
Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет