Антонимдер
Таң – кеш
Ертеңгісін – кешқұрым
Таңертең –кешкісін
Азан — кешкітұрым
Сәрі –кеш (бесін)
Жүдеу – күйлі
Арық – семіз
Қатпа – тола
Солыңқы – болымды, толыңқы
Қарулы – қауқарсыз
Әулетті — әлжуаз
Қайратты — әлсіз
Қажырлы – сылбыр
Жігерлі – бос
Қуатты – дәрменсіз
Мықты — осал
Көріп отырғанымыздай қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздер мейлі синонимиялық ұя болсын, мейлі антонимиялық жұп құрауы болсын, сондай – ақ омонимдік қатар жасау мүмкіншілігі өте мол. Белгілі бір сөз бір мезетте синоним, антоним және омоним мағынасында тұруы мүмкін. Оның нақты бір сөз мағынасында келуі, тек контексте немесе сөз тіркесінде, басқа сөздермен лексика – грамматикалық қатынасқа түскенде ғана айқындалмақ.
Жоспар:
1. Дыбыс туралы жалпы түсінік
2. Қазақ тіл дыбыстарының құрамы мен түрлері
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады:
1. тыныстау аппараты;
2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады;
3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Дыбыс. Әріп. Фонема.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды.Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды.Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс.Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан – сән, сол – сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ.
Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.
Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни жазылған тілді – сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту – жазудан көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ. 2. дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс – сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл – фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы – фонемалар бар. Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулікболып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.
Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos - естілу). Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады:
1)Дыбыс ырғағы.
2)Дыбыс күші.
3)Дыбыс әуені.
4)Дыбыстың созыңқылығы.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.
Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Жоспар:
Фонетика ғылымы туралы түсінік
Фонетикалық заңдар
Фонетика (грекше phonetіkos – дыбыстық) – дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы (оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне лайықтап пәнетике деп айту, жазу жөн болар еді). Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп алған. Әзірше бұл екеуі синоним түрінде қолданылатынын ескеру керек. Дыбыс жүйесі қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде біріне-бірі ықпал етіп, үйлесіп, үндесіп тіркесіп тұрудың тетігі, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б. Тіл мәдениеті сөздерді айтуда да, жазуда да бірізділіктің болуын талап етеді. Кезінде тіліміздің дыбыс жүйесі, дыбыс заңдары жете ескерілмегендіктен, қазіргі айту, жазуымызда ала құлалық, ақау көп (бұған осы кітапты оқып шыққанда көз жететін болады). Мысалы, алдыңғы сөйлемде кездесетін қазір сөзін емлені құрметтеп, осылай жазып, айтатындармен қатар қазыр көбіне кәзір түрде қолдану да жарысып жүр. Олай болатыны, аралас (жуанды-жіңішкелі) буынды қазір сөзі тіліміздің үндестік заңымен үйлеспейді. Фонетиканы жете меңгергенде ғана тіліміздің дыбыстық жүйесін, дыбыстардың сырын дұрыс түсініп, әлгіндей үйлесімсіздікке жол бермеуге болады. Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та, грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсінік беру, өзімізге мектептен таныс қатаңдану, ұяңдану сияқты дыбыстық өзгерістерді түсіндіру‚ қазіргі жазудың сырын түсіну қиын. Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Мәселен: қазіргі емле бойынша, қос сөз түрінде жазылып жүрген жапа-тармағай сөзі Досмұхаметұлы Халелдің айтуынша, арабтың жамхан, туран, мағхан (бәрі бірге ұмтылу) деген сөздерінен шыққан1 . Жат сөздердің тіліміздің дыбыстық заңына орай өзгеріске ұшырауы – заңды құбылыс. Ана тіліміздегі дыбыстардың артикуляциясын жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру, қазіргі ақпарат‚ байланыс құралдарын жетілдіру үшін де қажет. Техниканың түр-түрі дыбыс арқылы басқарылатын дәуір қарсаңында тұрғанымызды да ескермеске болмайды. Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы болып келеді. Сипаттамалы (синхрониялық немесе статикалық деп те аталады) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары‚ буын‚ екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың нысаны болып табылады.
Қазіргі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқылатын фонетика осы сипаттамалы фонетикаға жатады. “Қазіргі қазақ тілі курсы” бойынша жоғарғы оқу орындарында оқылатын фонетика оқулығы елуінші жылдардың бас кезінде жазылып, 1954 жылы “Қазіргі қазақ тілі” деген атпен шыққан тұңғыш академиялық оқулықтың бір тарауы болып енді. Авторы – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі С. Кеңесбаев. Содан бері екі рет қайта басылып шықты. Бұл – осы күнге дейін жоғары оқу орындарына арналған бірден-бір фонетика оқулығы болумен бірге, осы саладағы зерттеулердің бәріне бағыт-бағдар сілтеп келе жатқан еңбек. Алайда 50 жыл бұрын жазылған оқулықта бұл күндері сын көзбен қарауды қажет ететін мәселелер де жеткілікті. Қазіргі қазақ тілінде орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген мың-мыңдаған сөздер бар. Біз оларды орыс тіліндегідей етіп айтуға, сондай-ақ жазуға тиіспіз. Мұның өзі орыс тілі фонетикасымен де етене таныс болуды талап етеді. Орыс тілінің дыбыс жүйесін, фонетикалық заңдылықтарын жақсы білгенде ғана әлгіндей сөздердің айтылуы мен жазылуын дұрыс меңгеруге, жетік білуге мүмкіндік туады. Орыс тілі оқулықтар мен оқу құралдарына бай. Тарихи (диахрониялық) фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері‚ олардың дамуы‚ тарихи өзгерістер‚ буын‚ екпін мәселелері‚ үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша айқындалады. Тілдің дыбыстық жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру‚ даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп‚ олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салыстырмалы және тарихи фонетика көбіне бір-біріне тығыз байланысты болады да‚ зерттеулерде қатар қолданылады5 . Туыстығы жоқ‚ құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық ж‰йесін салыстырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да қатысы бар.
Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас тілдердің барлығына бірдей қатысты болады да, қайсыбіреулері біреуіне немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана қатысты болады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке болып үндесуі немесе қатар келген дауыссыздардың не біркелкі қатаң, не біркелкі ұяң болып үндесуі – түркі тілдерінің барлығына бірдей қатысты, ортақ заңдылық.
Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады. Тілдің тарихи даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы мүмкін. Оның бірі – конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы. Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуі конвергенция деп аталады. Көрнекті ғалым В.А.Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның нәтижесінде о бастағы ш мен с дыбыстарының ұласып, бірдейлесіп кетуін қазақ тіліне тән құбылыстардың бірі деп есептейді. Бұл өзгерістерді конвергенция құбылысының нәтижесі деп қарайды.
Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады. Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.
Жоспар:
Қазақ фонетикасы туралы алғашқы ғылыми пікірлер
Қазақ фонетикасының даму үдерісі, жетістері
Қазакстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. XIX ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толык іске асыруы үшін казак халкының тұрмыс-тіршілігін, салт- санасын жетік біліп, тілін, дінін жан-жакты зерттеуді колга алды. Осы мақсатпен орыс зерттеушілері казақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қазак тілі жөнінде айтылган алғашкы пікірлер мен зерттеулердің дүниеге келуі осы кезеңмен тұстас келді.
Қазак тілінің фонетикасы туралы тұңгыш пікір миссионер Н.И.Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарык көрген «Материалы к изучению киргзского наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылган еді. 162-беттік еңбектің 140 беті казакша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор казақ тіл, оның дыбыстык жэне граматикалык жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен катар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғашкы пікір айтылған. Н.И.Ильминский казак тіліндің дыбыстык құрамы 8 дауыстылардан жэне 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, в, ү, ү, д , п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, г, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Н.И.Ильминский а жэне ә дыбыстарын бір фонема деп карастырған. Сонымен қатар қазак тіліндегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері, өзара үндесіуі, дыбыстык алмасулар да зерттеуші назарынан тыс калмаган. Мэселен, Н.Ильминский сөздігінде «ауұтқу, бүгілөк, бұлдіргө, бүлдүргөн, бөлтүрүк, күлдүрөуүш, мұрұндұк, өмүлдүрүк, өтүрүк, сүңгүрүуұр, тұгөндө, үйүрүм, үрүптөс (сроду родившисеся двое)» деген сиакты сөздердің үндестік заңдылығына сай жазылуы XIX ғасырда казак тілінде ерін үндестігінің ыкпалы зор болғаныдыгынан хабар береді .
Н.И.Ильминскийдің сөздігі — тұңғыш казакша-орысша сөздік болуымен кұнды жэне автор өзінің еңбегі аркылы осы күнгі орыс графикасына негізделген казак жазуының негізін салды. Оның еңбегінде колданған кейбір қосымша таңбалар (а, б, у, і, \ү,), к, г’, нь) ғана өзгеріске ұшырады.
А. В. Старчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, казақ, татар, тэжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте казак тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген. Алайда ә, е дауыстылары э, и түрінде таңбаланып, й,у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жок, ал в, һ әріптері ол кездегі дыбыстык бейнесі болмағанмен еңбекке ендірілген. Бұлдүрұқ, бүлүндүр, құйқұлжұган, күлтөлөнгөн, күлұмдө, кұцкұлдө, дауұл сиякты кітаптың сөздігінде енген сөздерде ерін үндестігі жақсы сақталған.
Қазақтың агарту саласында маңызды орын алатын Ы. Алтынсариннің «Киргизская Хрестоматия» деп аталатын еңбегі. Аталған оку кұралы 1879 жылы жарыкка шықты. Хрестоматия орыс графикасы негізінде автордың өзі жасаған казак алфавитімен басылып шыккандығымен ерекшеленеді. Өз заманы тұрғысынан қазак баласының орысша сауат ашуына үлкен септігі тиген бұл еңбекте казактың сөйлеу тілінін табиғатын дэл бере алмаған.
Зерттеуші М.Мелиоранскийдің (1868-1906) «Киргизские пословицы и загадки», «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын еңбектерін жариялайды. «Краткая граматика казах-киргизского языка» 1894 — 1895 жылдары жарық көрген екі кітаптан тұратын еңбегінде казак тілінің дыбыстық, граматикалық кұрылымы біршама толық баяндалған. Аталган еңбекте казақ тілнің түркі халыктарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын колдану керектігі туралы пікір айтады. Еңбекте қазақ тілінің дыбыстык жүйесі 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 20 дауыссыздан тұратындыгын аныктайды (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, қ, ғ, к, г, ң, й, в). Автор көрсеткен дыбыстардың араб, орыс жазуындағы таңбалык сипаттарын жэне дыбыстық бейнелерін салыстырып келтіреді. Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп жіктейді. Сонымен катар казақ тілінде сингармонизм заңы жаксы сакталғанын, соган байланысты сөздер бірыңгай жуан не жіңішке болып келетінін, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы пікір айтады.
XX ғасырдың басы қазақ тіл білімі дамуының ерекше кезеңі болды. Қазақ даласында болған саяси өзгерістер мен мэдени жаңалықтар ұлттык ғылымның дамуына игі эсер етті. Жазудың коғамдағы кең кызыметі казак тілінің көптеген мэселелерін аз уақыт ішінде шешуді талап етті. Сонымен катар қазак балаларының жаппай мектепке тартылуы жэне білімді ұлттық тілде алуы оларды оқулыктармен камтамасыз етуді керек етті. Осы сияқты оқиғаларға толы тарихи кезең сол заманның көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазак азаматының мойнына үлкен жауапкершілікті жүктеді. Қазақ мектептерінің ұлттык тіліде окып-білім алу қажетті оқу кұралдарымен камтамасыз етіуді қажет етті. Соған байланысты казақ тілі грамматикасының зерттелуі мэселелері күн тәрбіне қойылды. Қазақ даласындағы мәдени дамуға өз үлестерін қосуға атсалысқан кез келген Қазақстан азаматы казақ тіліндегі оқулықтар мен қазақ тілінің жазуына, оның грамматикалык кұрылысына байланысты өз пікірлерін жиындарда, газет беттерінде жариалап отырды. Осындай тарихи кезеңде туып, қазақ мектебіне арналған алғашқы эліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес коскан коғам кайреткері, зерттеуші А.Байтұрсынұлы.
Көп уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық кұрылымын зерттеудің нэтижесінде 1912 жылы «Оку кұралы. Қазақша эліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. Еңбек сол кезде қазақ даласына кең тараған араб графикасын икемделген қазақ тілінде жазылды. Халықты тез сауаттандыру мақсатында араб алфавитіне реформа жасап, ондагы артык әріптерді алфавиттен шығарып, алфавитті жеңілдетті. Әріптердің колдану ерекшелігін түсіндіре отырып, мысалдар, мәтіндер ұсынды. Араб графикасы дауысты дыбыстар маңызды кызмет атқаратын казак тілінің табиғатын дәл бере алмады. Сөз ішінде кездесетін қысаң дауыстыларды жазылмағандықтан сөздердің дыбыс, буын кұрамын дұрыс ажыратылмай, окуда көп қиындыктар келтірді. Мысалы: қйсқ (қыйсық), алтн (алтын), салқн (салқын), сзқ (сызық)., т.б. Кітапта қазақ тіліндегі 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстың таңбасы келтірілген. Дауыстыларды іштей жіктемей, дауыссыздарды катаң, ұяң деп бөлген, бірақ бұл жіктелісі араласып кеткен. Қазак тілінде оқып, білім алушыларга лайықталған бұл әліппе кайта-кайта басылып отырылды.
А. Байтұрсынұлының «Тіл — кұрал» атты окулығы казак тіл білімінің дамуына үлкен үлес косты. Автор «Оқу кұралы. Қазақша эліппеде дыбыс, дыбыстың түрлері, сөйлем сиякты терминдер колданылғанымен, онда оларға аныктама бермеген. Бастауыш мектепке арналып жазылған «Тіл — кұрал» үш кітаптан тұрады. 1-жылдыкка арналған 1-кітап «дыбыс жүйесі мен түрлері», 2- жылдыкка арналган 2-кітап «сөз жүйесі мен түрлері», 3-жылдық арналган 3- кітап «сөйлем жүйесі мен түрлері» мәселелеріне арналған.
«Тіл — кұрал» бастауыш мектепке арналған оқулық болғанымен, білім алушының жас ерекшеліктерін, психологиясын ескере отырып жазылғаны, казак тіл білімі салалары жіктеліп берілуі жэне сонымен катар терминдер мен ережелердің накты және тиянакты берілуі еңбекті казак тіл білімінің бастауы болатындай дәрежеге жеткізді. «Тіл — құралда» алғаш рет берілген ережелер тілдің үш саласыны (фонетика, морфология, синтаксис) дамуына жол ашып, қолданылған терминдер көбі күні бүгінге дейін маңызын жоиған жок.
А. Байтұрсыновтың қазақ жазуына байланысты бірнеше мақалалар жазды . Соның ішінде қорытынды макаласы 1928 жылы жарық көрді. Мақала «Дыбыстарды жіктеу туралы» деп аталады. «Қазак тіліндегі дыбыстарды жаңадан жіктейтін болсак, әрі айтуына карай, эрі сөз жүзінде білінетін касиеттеріне қарай жіктеу керек» (Сонда, 372-6) — деп, акустикалык, артикуляциялық белгі қасиеттерді басшылыкка алған. Дауыстыларды толық (а, е, о, ұ, ы,) жэне шала (р, ң, л, м, н, у, й) деп екіге бөледі. «Толық» дауыстылары кең шығысты болып, оларда екіге айырылады», — дейді. Бірак қайсысына қандай дыбыс жататыны айтылмайды. Шала дауыстылар (казіргі үнділер) ауыз шыгысты (р, л, у, й), мұрын шыгысты (н, м, н) боп бөлінеді. Бүлар казір ауыз жолды, мұрын жолды делінеді. Шала дауыстыларды одан эрі босаң жолды (р, у, й), кысаң жолды (л), босаң бөгеулі (ң), кысаң бөгеулі (н), тұйық бөгеулі (м) деп айырады. Мұнда ауаның шығу жолын ескерген. Босаң, кысаң түрі қазіргі тіліміздегі ызың, шұгыл дауыссыздар. Дауыстыларды аңғалы (а, е, ы) және кымкырулысы (о, ү) деп бөледі. Оган себеп «Аңғалдары орын таңдамайтынын», ал «қымкырындысы бас буыннан баскасында келмейтінін» атап көрсетеді. Осылайша дыбыстардың ерекшелігін жан-жақты түсіндіреді. Орыс тілін үздік білгенмен, халыкаралык тіл терминдерін пайдаланбай, казактың өз сөзімен түсіндіруі казак тілінде Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетиканың зерттелуіне үлес коскан когам кайреткерлерінің бірі Х.Досмұхаметұлының (1883 -1939) есімін ерекше атауга болады. Алгаш «Шолпан» журналында жарияланып, 1924 жылы жеке кітап болып шыкқан «Қазақ-кырғыз тіліндегі сингармонизм» деп аталатын еңбегі қазак тіл біліміндегі тұңғыш кең ауқымды гылыми зерттеу болып табылады. Мұнда қазак тілінің дыбыс жүйесі, сингармонизм, оның ішінде тіл үндестігі жан-жақты айтылған. Х.Досмүхаметұлы сингармонизмді «таңдайлық эуенді заң» деп атайды. Өйткені «Дыбыстарды жуандатып, жіңішкертуде таңдай еңбек сіңіреді», — дейді де, кірме сөздердің жазылуына кеңірек тоқталады.
Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор Қ.Жұбановтың атымен байланысты. Профессор Қ.Жұбанов еңбектерін қазак тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, синтаксиске дейінге барлық салаларына арнап, тілдік жүйемізді зерттеу барысында тың тұжырымдар жасаган. Тұжырымдары кисынды, табиғатын дөп басып танытатындай дәлелді болуының сыры — оның зерттеулеріне басты тірек етіп тіл фактілерін алуында. Қ.Жұбанов еңбегінде: «Қазак тілін зерттеу деген сөз — дайын схемаға, белгілі ережелерге сай келетін жаңа мысалдар теріп жазу емес, материалдарды ұқыпты түрде жинап, соларды салыстырып, салгастырып отырып, сол талдаулардан қорытынды шығара білу. Тіл фактілерін сөйлете білу — бұл, тек зерттеушінің кабілеті мен шеберлігіне байланысты» деп жазады.
Қазак тілінің дыбыстык жүйесі Қ.Жұбанов зерттеулерімен жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі; дыбыстардың өзгеру кұбылыстары мен үндестк заңы, сөздің буын кұрылысы мен кұрамы жөнінде зерттеулер жүргізе отырып, белгілі бір ғалымдар легінің келуіне жағдай жасап, сол аркылы казақ тіл білімі үшін ғылыми-теориялық зертгеулер кезеңін бастаушысы болды. Мысалы, «фонетика — дыбыс тілі дыбыстарының тілдік ұкас касиеттерін тексеретін ғылым» деп, ең алдымен нысанды жан-жакты талдап-түсіндіреді . Негізгі нысанының мэнін терең түсініп болган соң, екінші кезекті сол дыбыстардың жасауға ат салысатын дыбыстау мүшелерді аныктаган. Тіл дыбыстарының касиетін эрі қарай тереңірек білу үшін олардың жасалу жолдарын түсініп, ең алдымен тілдің дыбыстау мүшелерінің кызметін жетік білу керек. Қ.Жұбанов «Қазак тілінін грамматикасы» окулығында бұл туралы толык канды пікірлер айткан.
Профессор Қ.Жұбановтың фонема теориясын Л.В.Щерба терең түсініп, тіл дыбыстарын фонологиялык тұрғысынан түсіндіруінен біз ғалымның бірнеше тілдерді білгендіктен, керекті зерттеулерді түпнұскасынан окиды. Мысалы; «тілде жұмсалатын дыбыстардың жалпы санының ұшы-киыры жок, бірак оның бэрінің бірдей сапасы эртүрлі бола бермейді. Сапасы әртүрлі болатын дыбыстар белгілі мөлшерде ғана болады да, көп болмайды».
Ғалымдардың осы кезге дейін шешімін тапбай келе жаткан и, у жуан- жіңішкелі түрде колданылатын үу/ұу, ый/ій қосынды мәселесі Қ.Жұбанов зерттеулерінеде 1935 жылгы «Қосар ма, дара ма?» атты зерттеуіне аркау болып, макалады и мен у дара дыбыс десе, ал 1936 жылы окулығында косынды дауыстылар бір дауысты, бір дауыссыз екі дыбыстан кұралган деген шешімге келеді.
Араб алфавитінен латын графикасына көшетін тарихи кезеңмен Қ.Жұбановтың гылыми-теориялык аппараты калыптаскан кезі сәйкес келді. Қазак тілінін табиғи ерекшелігін түйсіне отырып, оның жазуда өмір сүру формасын латын графикасының өңделген түрімен таңбалауға болатындығын дәлелдейді. Латын алфавитін тіліміздің касиетін дәл танытуы үшін тілімізге бейімдеу керектігін айтады да, араб алфавитінің ережелері мен принциптері изафетгі, асты-үстілі диакриттік таңбаларға негізделгендігін, араб графикасының жазуда пайдалану таңбалар жүйесінің киындығымен қатар, бүкіл түрік тілінің фонетикалық жүйесіне қолайлы еместігін дэлелдейді. Шынында да, түрік тілдері, негізінен алғанда, вокализм ыңғайымен жазуды тілейді. Ал араб тілінде дауысты дыбыстың таңбасы жоктың касы. Мұның ішінде, әсіресе, қазақ тілінің үндестік заңы дауысты дыбыстардың таңбасы болуын талап етеді.
Қ.Жұбанов өзіне дейінгі буын өкілдерінің казак тіл білімі жайындағы барлық зерттеулерді пайдалана отырып, қазақ тіл білімінің барлық саласында кұнды зерттеулер қалдырды.
Қазақ тілінің фонетикасына байланысты зерттеулер XX гасырдың екінші жартысынан бастап жаңа қарқынмен дамып келеді. Солардың ішінде «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен 1954 жылы жарық көрген ғылыми еңбектің орны ерекше. Бұл еңбектің фонетика бөлімінің авторы І.Кеңесбаев. Бұл еңбекте ғалым фонетиканың негізгі мэселелерін түгел қамти отырып, І-бөлім «Фонетика және дыбыстар туралы түсінік», ІІ-бөлім «Дауысты дыбыстар», III- бөлім «Дауыссыз дыбыстар», ІУ-бөлім «Буын», У-бөлім «Екпін», УІ-бөлім «Дыбыстардың үндесуі» деп жіктеп, әр мэселе бойынша қазак тіл білімінде соған дейін айтылған көзкарастар мен нәтижелерді қамтыған.
Бүгінгі кезеңде казак тілі фонетикасын эксперименталды түрде зерттеулер өз нэтижелер беруде. Тіл білімінің дамуына байланысты казак тілі фонетикасын Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, З.Базарбаева, т.б. зерттеуші-ғалымдар өзіндік пікірлер айтып, ғылыми тұжырым-дарымен байытып келеді.
Фонетика мәселесiне арналған iрi зерттеулерiнiң бiрi – 1927 жылы шыққан "Қазақ тiлiнiң дыбыстары" еңбегі. Зерттеу 1924 жылы тiл конференциясында қарастырылған мәселелерге жауап ретiнде жазылған. Онда Е.Омаров қазақ тiлiнiң дыбыстарын дауысты (а, о, ө, е, ы), жарты дауысты (ымыралы (р, у, и, л), ымырасыз (ң, м, н)), дауыссыз (қатаң (п, т, с, ш, қ, к), ұяң (б, д, з, ж, ғ, г)) деп топтастырып, санын анықтайды. Ғалымның дауысты фонемаларды көрсетудегі саны А.Байтұрсынұлының пікірімен үндес және жарты дауысты дыбыстарды ымыралы, ымырасыз деп жiктеп отырғаны қазiргi кездегi үндiлердiң ауыз жолды, мұрын жолды деп бөлiнуiмен сәйкеседі.
H.Сауpанбаев оқулығының фонетика бӛлімінде сӛздеpдiң мағынасын бip-бipiнен ажыpататын, түpлендipетiн аpтикуляциялық тҧpақты дыбыстаpдың фонема деп аталуы орын алған. Автор қазақ тiлiне тән 29 фонема барын (а, б, г, д, е, ж, з, и, й, к, л, м, н, о, п, p, с, т, у, ш, ы, i, қ, ғ, ө, ү, ҥ, ң, ҽ), оның қатарына кірме 8 фонемаларды қосып (в, ф, х, ц, э, щ, ч, h) санын 37-ге дейін жеткізеді. H.Сауpанбаев дыбыстаp тобының үндесу, ықпалдасу заңын екiге бөледi: дауысты және дауыссыз дыбыс заңдаpы. Дауысты дыбыс заңдаpы және
дауыссыз дыбыс заңдаpы деп бөлу оның негізгі заңдылықтарына алып келді.
Қорыта келгенде, қазақ тiлi фонетикасының төл тiлiнде алғашқы соқпақ салып зеpттелуi мектеп гpамматикасы тұpғысында жүзеге асады. Солай бола тұpса да, мектеп оқулықтаpы көлемiнде жазылған еңбектеp қазipгi ғылыми фонетиканың қол жеткен биiк шыңынан көpiнуiне септiгi тигенi анық. Алғашқы кезде пpактикалық тұpғыда жазылған оқулықтаp бipте-бipте жүйелi аpнаға түсiп, ғылыми бағыт ала бастайды. Осы бағыт 1954 жылы шыққан
"Қазіргі қазақ тілімен" сабақтастық тауып, жалғасқан. Нақтырақ айтқанда, І.Кеңесбаев монографиясын жазуда қазақ зиялылары А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгеров, Е.Омаров, Қ.Жұбановтардың зерттеулерін басшылыққа алып, олардың ой-тұжырымдарын ары қарай дамытады.
Жоспар:
Буын, буынның түрлері
Буын құрамының өзгеруі
Тасымал, тасымалдау ережелері
Сөздер айтылуы жағынан ең кішкене бөлшектер – буындарға бөлінеді. Буын тікелей дауысты дыбыстарға байланысты. Сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда ауа еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен (леппен) тікелей байланысты болады.
Буын – өкпеден шыққан (фонациялық) ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тіліндегі буынға тән мынадай сипаттар бар:
1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуы тиіс және оның саны біреуден артық болмауы керек. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады.
2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әр бір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады. Мысалы, ат‑ты‑лар‑ға деген төрт буынды сөздің 1‑буыны (ат) – түбір сөз, 2‑буын (‑ты) – сын есім тудыратын жұрнақ, 3‑буын (‑лар) – көптік жалғау, 4‑буын (‑ға) – барыс септігінің жалғауы. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну қажет. Буында мағына болу міндетті емес.
3. тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Қазақ тілінде буынның жуан, жіңішкелігі дауыстыларға байланысты.
4. қазақ тілінің төл сөздері де, буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген сөздер екі, үш, тіпті төрт дауыссыздан да бастала береді: стиль, студент, спринт, стратегия.
5. сөздің бірінші буынынан басқа буындары дауысты дыбыстан басталмайды.
Қазақ тiл бiлiмi таpихында буын жiгiн табу мәселесi жөнiнде алғаш сөз етiп, зеpттеу жүpгiзген ғалым – Қ.Жұбанов. Ол 1934 жылы "Ауыл мұғалiмi" жуpналының 2-шi нөмipiнде "Буын жiгiн қалай табуға болады?" деген мақаласын жаpиялайды. Онда ғалым буын жігінің жеңіл табуға болатын жолын ұсынады: "Буын жiгiн оңай, механик түpде табуға болады. Оның үшiн жазылған әpбip сөздiң дыбыстаpын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткенi дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, бipеу де, екеу де бола беpедi), әpбip дауыстының алдыңғы жағына бip дауыссыз тастап бөле беpемiз (өйткенi сөз оpтасында дауыстыдан буын басталмаушы едi ғой). Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады". Яғни сөздi буынға бөлу сөздiң соңынан басталады да, буын жiгi дауысты дыбыстың алдынан келген дауыссыздан кейiн өтедi. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Буын саны дауысты дыбыстың санымен сай келедi.
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке, С.Мырзабеков екіге бөледі. Ал І.Кеңесбаевтің үшке бөлуі барлық оқулықтарда қайталанып келеді. Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді. Шартты түрде буын құрамындағы дауыстыны А әрпімен, дауыссызды В әрпімен таңбалап, буын түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай көрсетуге болады:
1. жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын – ашық буын:
· А: а‑на, ә‑ке, о‑қы, ы‑ды‑сы;
· ВА: ба‑ла‑сы, да‑ла, бі‑лі‑мі;
· ВВА: ста‑нок, сти‑мул, гра‑нат;
· ВВВА: стра‑тегия, стра‑тосфера;
2. соңы дауыссызға аяқталатын буын – тұйық буын:
· АВ: ат, ән‑дет, ой‑лан, үй ақ‑та;
· АВВ: ант, өрт, ұлт‑тық, ырс‑ырс;
3. дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын – бітеу буын:
· ВАВ: бас‑тық, тақ‑пақ, бұл‑бұл;
· ВАВВ: қант, қарт, былқ‑былқ;
· ВАВВВ: пункт, фильтр, се-местр;
· ВВАВ: крем, шкаф, штаб;
· ВВАВВ: спорт, старт, штамп;
· ВВАВВВ: спектр;
· ВВВАВ: штраф, штрих, шприц, струк‑тура.
Байырғы қазақ сөздерінің буын құрылымы алты түрде ғана кездеседі: А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ.
Достарыңызбен бөлісу: |