Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы
Опорный орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет
пән мұғалімі
Жұмалиева Гүлнар Тлегеновна
Әдебиет. Ашық сабақ. 5-сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі. Қорытынды сабақ.
Сабақтың мақсаты: 1)білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру. 2) дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушылық ой өрісі мен дүниетанымын кеңейту.3) тәрбиелік: адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жалпылау мен қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
VІІ бөлім бойынша жоспар құру.
-
Ер Төстіктің қарақұспен дос болуы.
-
Ер Төстіктің жер бетіне шығуы.
-
Шойынқұлаққа ұсталып қалуы.
-
Шойынқұлақты өлтіруі.
VІІІ бөлім бойынша жоспар.
-
Құба інгеннің боталауы.
-
Төстіктің елге оралуы.
Оқушыларға жоспар бойынша сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы сұралады.
-
Жаңа сабақ.
« Ер Төстік » ертегісін қорытындылау.
-
«Ер Төстік» қандай ертегі? қиял-ғажайып ертегі
-
Қандай керемет ғажайыптарды аңғардың?
Сынып 3 топқа бөлінеді. Топтық жарыс. Бір-біріне сұрақтар қояды.
І-топ.
-
«Ер Төстіктің» қиял-ғажайып ертегіге жататынын қалай дәлелдеуге болады?
-
Ер Төстіктің көмекшілеріне сипаттама жаса.
ІІ топ.
-
Зұлымдықты жақсылық жеңетінін ертегі мазмұнынан аңғардыңба? Дәлелдеп көр.
-
Ертегіде халық тұрмысына, әдет-ғұрып көріністері қай жерде кездеседі.
ІІІ топ.
-
Кенжекей қандай адам? Сипаттама бер.
-
Ертегі несімен ұнады?
Топтастыру кезеңі.
Балалар, сол ертедегі кейіпкерлерді халық аңсап, армандаған ғой. Сол арманда қазіргі өмірде орындалып, адамдық қасиетпен де, техникаменде дамыды. Соларды салыстырып көрейік.
Баяғы саққұлақ кім? – радио, телефон.
Көреген, қырағы көз? – ғаламтор, телевизор.
Тыңшы - сөзді жазып алатын диктофон.
Көлтаусар – өрт сөндіретін техника.
Таусоғар - бульдозер, кран.
Ал, сол кездегі таусоғар- біздің заманымыздағы Қажы-Мұқан, Илья Илин, Мая Манеза.
Желаяқ- Ольга Шишигина.
Енді «Ер Төстік» қандай адам?
ақылды
қамқоршы Ер Төстік батыр
адал көпшіл
Шығармадағы жағымды кейіпкерлер.
-
Ер Төстік
-
Кенжекей.
-
Төстіктің достары.
-
Бапы хан.
-
Күңке.
-
Қарақұс.
Жағымсыз кейіпкерлер.
-
Перінің қызы Бекторы.
-
Мыстан.
-
Темір хан.
-
Кеще хан.
-
Шойынқұлақ.
Әр топтың көшбасшылары өз топтарына , сұрақтарға жауап беріп отыруына қарай баға береді. Мұғалім сарапқа салып толықтырады.
Бекіту: Сұрақтармен жұмыс. Әр топқа карточка үлестірем.
І топ.
1). Ертедегі кейіпкерлермен таныса отырып қандай адами қасиеттерді кездестірдің?
ІІ топ.
1. Ерназар ұлын мыстанға бергендегі ойы-не деп ойлайсың?
ІІІ топ.
-
Ертедегі жағымсыз кейіпкерлерге сипаттама бер?
Үйге тапсырма: Ертедегі өздеріңе ұнаған кейіпкерді көздеріңе елестетіп суретін салу.
Бағалау: Сабаққа қатысып, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |