Мұғалімнің аты-жөні:
|
Кикымбекова Мейрамгүл Кайруллина
|
Пән/Сынып:
|
2-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
1-апта, 1-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
1-бөлім. Өзім туралы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. Өлең: Ғылым таппай мақтанба
(Оқулық 4-5 бет, Алматы «Атамұра» баспасы, 2017 ж.)
|
Оқу мақсаты:
|
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
|
Бағалау критерийі:
|
Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата алады;
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи алады;
Өлең бойынша түсінбеген сөздерді белгілеп, өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді айта алады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
2 минут
|
Ұйымдастыру
|
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Қазір әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. Ғылым таппай мақтанба өлеңімен танысатын боламыз.
|
|
|
Презентация № 1бет
|
8 минут
|
Жаңа сабақ
|
ҰЖ: «Бейнелік» әдіс
1.Берілген суреттерге зер салып жақсы, жаман сөздерін сәйкестендіріп, түсіндір.
2. Неліктен жақсы, жаман? Дәлелде.
ҚБ: Мадақтау сөздер
« Кластер» әдісі
Оқулықпен жұмыс Ендеше, Абай атамыз жақсы, жаман туралы не деген екен...Өлеңді мұқият тыңдайық.
«Барлау әдісі»
Сөздік:
Бекер мал шашпақ - босқа шығындану.
Қанағат - барға риза болу.
Рақым - кеңшілік, ризашылық .
|
Көзбен көру айғағы арқылы өлеңнің мазмұнын түсінуге дайындық жүргізу
Жаңа тақырыпты түсіну
Түсінбеген сөздерді белгілеп отыру
|
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи алады;
|
Презентация № 2, 3 бет
|
6 минут
|
Тәжірибе
|
Дәптермен жұмыс:
Абай ата қандай жақсы қасиет пен жаман әдетті атайды? Дәптерге жаз.
ҚБ: Қол шапалақ
|
Берілген өлеңді кестені толтыру арқылы меңгеру
|
Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата алады;
|
Презентация №4 бет
|
4 минут
|
Бекіту
|
«Мен саған, сен маған» әдісі
Абай атаңның сөзінен қандай сабақ алдың?
Ал өз бойыңда қандай жақсы және жаман қасиеттер бар?
|
Тақырыпты меңгеру мақсатында бекітуге арналған жұмысты орындау.
|
Өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді айта алады.
|
Презентация №5 бет
|