«Молодежный кентінің №23 орта мектебі» кмм бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Айнагул Сыныптан тыс шара Тақырыбы



Дата25.08.2017
өлшемі86,28 Kb.
#27756
Қарағанды облысы

Осакаров ауданы

«Молодежный кентінің №23 орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Айнагул

Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Әдептен озбайық»

Сабақтың мақсаты: Балаларға адам бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін қалыптастыру; адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдептілікті бойына дарыту;
Тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Балаларды кішіпейілділікке, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға үйрету.

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану.
Көрнекіліктері: проектор, слайд, әдептілікке байланысты суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
- Бүгінгі біздің тәрбиелік сабағымыз ерекше себебі бізге қонақтар келді.
Келген қонақтарды қалай қарсы алушы едік?
Балалар шаттық шеңберін құрып, амандасады.
- Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, Апайлар?!
Балалар орындарына отырады.
Ал. Бүгін қонақтарымызға біздің сый - құрметіміз, ол сендердің сабақты мұқият тыңдап, тыныш отырып, білімдеріңді артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсете білсеңдер, қонақтарды дұрыстап күтіп сыйлай білгеніміз.

Келіңіз,
Төрлетіңіз,


Үлкенге де -«сіз»
Кішіге де - «сіз»
Құрметтейміз біз.
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.- деп ақын атамыз жырлағандай өзімізді таныстырамыз.
- Алдарыңызда 1«в» сынып оқушылары.
Әрқайсыларың өз дөңгелектеріңді алып, артын аударсаңдар бір құпия табасыңдар. Ал оның сиқыры мынада: артындағы суреттен сендер бір-бірлеріңмен қалай амандасу екенін көресіңдер. Егер күлкі бейнеленсе онда бір-бірімізге күлімдей қарайық. Алақан бейнеленсе қолымызды қысып амандасайық, егер жүрек болса құшақтасайық. Балалар бір-бірімізбен, басқа адамдармен үнемі амандасу ненің белгісі? Әдептіліктің белгісі. Олай болса бүгінгі сыныптан тыс сабағымыздың тақырыбы: «Әдептен озбайық» деп аталады.

I. Мектепте. Слайд.

Алтын ақыл. (Суретпен жұмыс)



  1. Сабақтан кешікпе, сабақтан себепсіз қалма.

  2. Мектепке келгенде бойыңды жинақтап, бас киіміңді шеш.

  3. Мектепке кіргенде әуелі мұғалімге, содан соң жолдастарыңа сәлем бер.

  4. Сыныпқа үлкендер кірсе, бәріміз орнымыздан тұрамыз.

  5. Сабақ кезінде тура қарап отыр. Сабақ үстінде бір-біріңмен сөйлесуге болмайды.

  6. Партаңды дұрыспайдалан, оған ештеңе жазба.

  7. Дәлізде жүгірме, оң қол жағыңмен шығып, сол жақпен түс.

II. Кітапханада. Слайд.

Алтын ақыл. (Сұрақ-жауап)



  1. Кітапханада айқайлап сөйлеспе. Сенен де басқа оқырмандар бар.

  2. Алған кітабыңды сызбай, жыртпай, бүлдірмей ұстап тапсыр.

Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.



III. Көшеде. (Проблемалық сұрақ)

  1. Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің.Ол кісі құлап түсті немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетің.....

  2. Апаң сені дүкенге жұмсады. 10 минутта барып кел деді. Сен жүгіріп бара жатқанда, алдыңнан бір топ әже келе жатыр. Сенің әрекетің ....

Алтын ақыл.

  1. Көшеде, аулада қатты айқайлауға болмайды. Итерісіп-қағысып, төбелесіп жүретін адам тәрбиелі адам деп саналмайды.

  2. Мәдениетті адам түкіре бермейді.

  3. Үлкен кісінің жолын кесіп өтпе.

  4. Қағаз, балмұздақ орауышы және қалдықтарды қоқыс салатын жәшіктерге таста.

IV. Көлікте. Әңгімелесу.

Алтын ақыл.



  1. Автобуста итеріп-кимелеме.

  2. Айқайлап қатты сөйлеме.

  3. Үлкен кісіге орын бер.

Ойын: Жалғастыр.
Не істеуге болмайды?
- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
- Құстарды атуға болмайды.
- Сабаққа кешігуге болмайды.
- Кішкене балаларды ұруға болмайды.
Не істеу керек?
- Үлкенді сыйлау керек.
- Үлкенге сәлем беру керек.
- Тәртіпті болу керек.
Енді біздің балалар әдептілік туралы тақпақтарын айтады:
Даулет:
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.

Аңсаған:
Алдын орап кісінің


Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Діншат:

Сыйлап сәлем беремін


Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін.
Нұрасыл:

Атам маған әманда


Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Аяжан:

Өзгелерден өзімді


Санамайтын жоғары
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
Абдурахим:

Әдептілік дегенің


Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре сарсаң әлегің.

- Бүгінгі тәрбие сабағымыздан не үйрендік?


Не білдік?

«Әдепті бала қандай болу керек?»


Әдептілік туралы ұғымды топтастыру.
сәлем беру рахмет айту

көмектесу ата-ананы тыңдау




рұқсат сұрау сыйласу

жол беру тәртіптілік

қайырымды болу мейірімді болу

ізетті, инабатты болу
- Сонымен, біз қандай баламыз? (әдепті, тәртіпті)

- Балалар, біз бүгін сендермен әдептілік жайлы білдік, әр адам өзін кез-келген жағдайда әдепті деәдемі ұстай білуі керек.

«Қара жорға» биі орындайтын 1в сынып оқушылары.

Ән: «Қошақаным»



Балалар жұптасып дөңгелене тұрады . Бәрі қол ұстасып, қолдарын жоғары көтеріп, күннің шуағын құрайды. Бәрі қосылып, өлең жолдарын айтады.



Біз – Отанның балдырған ұланымыз,

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет