Дыбыс және әріп Тексерген: Досымова М.У Орындаған: Мұқажан Мақпал 431-топ Дыбыс алмасуы Альтернация (лат. alternatio - алмасу) - дыбыстардың алмасуы (қазақша оқу- оқып, айту- айтып) — сөйлеу кезінде, не тілдің тарихи дамуы барысында сөз ішіндегі бір дыбыстың басқа дыбысқа айналуы.
Қазақ тілінде, негізінен, дауыссыз дыбыстардың алмасуы көп ұшырайды. Дыбыс алмасуы фонетиканың заңдарына сәйкес алмасу және тарихи алмасу болып екіге бөлінеді.Дыбыс алмасуының алғашқы түріне көрші дыбыстардың әсерімен болған алмасулар енеді:
Тіл алды н дауыссызы б, п дыбыстарының алдында келсе, м дыбысымен, қ, к, ғ, г дыбыстарының алдында келсе, ң дыбысымен алмасады: көмбіс (жазылуы көнбіс), түңгі (жазылуы түнгі), т.б.;
қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанса, аталған дауыссыз дыбыстар өздеріне сәйкес ұяң дауыссыздармен алмасады: бақ — бағы, көк — көгілдір, шап — шабу, т.б.;
Ызың дауыссыздар да ауызекі сөйлеу кезінде бірін-бірі алмастыра береді: шашшыз (жазылуы шашсыз), жұмышшы (жазылуы жұмысшы), тұссыз (жазылуы тұзсыз), т.б.;
егер сөз ы дауыстысына аяқталып, оған у сонанты жалғанса, езулік ы дауыстысы еріндік ұ дауыстысымен алмасады: сылы + у (айтылуы сылұу, жазылуы сылу), т.б.
Тектес тілдердегі, я бір тілдің өз ішіндегі диалектілердегі этимологиялық тұрғыдан төркіні бір морфемалардың құрамындағы дыбыстардың бірінің орнына бірі қолданылуы жиі кездеседі. Дыбыстар бірімен-бірі бейберекет алмаса бермейді.
Түркі тілдерінде бір-бірімен алмасатын дыбыстардың ежелден қалыптасқан жүйесі бар. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі бас деген зат есімнің соңындағы с өзбек, ұйғыр, қырғыз, таатр, түрікмен тілдерінде баш болып, ш дыбысымен айтылады.
Қазақтағы тыңда етістігін өзбек, ұйғыр, қарақалпақ тілдерінен тынла деген үлгіде ұшырастырамыз.
Бұдан с-ш, л-д дыбыстарының алмасуында нақтылы жүйе бары айқын байқалады.
Осы сияқты а-ә, б-п, қ-ғ, д-т, ч-ш, т.б. көптеген дыбыстардың алмасуында да қалыптасқан жүйе бары белгілі.
Қазақ диалектілеріне де осы жүйе ортақ. Қазақстанның біраз жерінде сортаң, теңдік болып айтылатын сөздердің оңтүстік өңірде шортаң, теңлік деген нұсқада айтылуы — осының дәлелі.
Түркі тілдерінің түп төркініндегі ортақтықтың сырын ашудың басты бір кілті осы дыбыс алмасуы заңдылығында жатыр. Тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыда танып білу үшін дыбыс алмасуы заңдылығын зерттеу қажет.
Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп — жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.
Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек.
1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды.
2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады.
3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр. Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі) дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта айтылады.
Әріп – дыбыстың жазудағы таңбасы. Сөздің өмір сүру формасы – дыбыс.
Бір ғана дыбысты әр түрлі өрнектей аламыз. Дыбысты айтамыз және естиміз , ал әріпті жазамыз және көреміз.
Біреуі ғана өзгерсе де сөзді өзгертіп ( я сөз қылмай, я басқа сөз қылып) жіберуге жарайтын сөз бөлшектерін дыбыс дейміз.
Дыбыстары бірдей сөздердің көбінесемағыналары да бірдей болады. Сөз мүшелерініңдыбыстары бірдейболған да мағынасыәр түрлі болуы сиреккездеседі.
Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады. Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазак тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц; ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42. Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.
Әріпті оқу айналып келгенде,дыбысты айту болып шығатыны белгілі. А. Байтұрсынов; өзінің“Тіл – құрал” атты еңбегінде осы жайды айрықша қадағалапайтқан “Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып көрінетін, естілмейтін нәрсе”.
Назарларыңызға рақмет!