АЙТЫЛУЫ
|
ЖАЗЫЛУЫ
|
Жыйын
Қыйын
Тыйын
Ыйық
Кійім
Кійіт
Ійне
|
Жиын
Қиын
Тиын
Иық
Киім
Киіт
Ине
|
Мұндай сөздер әріп саны мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп аталады. Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сөздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.
Йы, йі әріптеріне аяқталған сөздерге көсемшенің й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына и жазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.
СҰРАҚТАР
Ашық дауыстылар қатарын толықтырыңыз: а, ә, о, ө, е, ...
Қысаң дауыстыларды табыңыз.
Әрі жіңішке, әрі ашық дауысты дыбысты анықтаңыз.
Әрі жуан, әрі қысаң дауысты дыбысты анықтаңыз.
Еріндік дауыстылар қатарын анықтаңыз.
Бірыңғай езулік дауыстыларды табыңыз.
Езулік дауысты дыбыстардан жасалған сөздер қатарын табыңыз.
Әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататын дыбысты белгілеңіз.
Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөздерді табыңыз.
Ашық дауыстылар катарын белгілеңіз.
Тілімізде дауыстыларға қарағанда, дауыссыз фонемалар әлдеқайда көп. Оқулықтарда бұлардың саны 25, енді біреулерінде 26 болып келеді. Қазіргі қазақ тіліне 25 дауыссыз бар, алайда оларды топтастырғанда щ әрпі (қатаңдардың) еніп кеткен. Дұрысы щ дыбыс емес, әріп. Ол – созылыңқы (немесе қос) ш дыбысының таңбасы. Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, п, с, т, ш. Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар бесеу: ғ, қ, ң, у, һ.
Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в, ф, х, ц, ч. 1)Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар:
1) қатаң дауыссыздар;
2) ұяң дауыссыздар;
3) үнді дауыссыздар.
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.
Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстар болып саналады.
Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды. В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.
Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.
2) Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге болады.
а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң;
ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, з, ш, ж, , ғ, һ, л, й, у:
б) Діріл дауыссыз – р.
Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл қайта жалғасады. Ал ызыңдарды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады, бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз тіл ұшінің дірілдеуінен пайда болады.
3) Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссызда алдымен үш топқа бөлінеді:
а) ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, ф, в, м, у;
ә) тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, н, ң, л, р, й;
б) көмей (фарингаль) фонемасы – һ
Ерін фонемалары іштей еріндік (қос ерін немесе билабиаль: п, б, м, у) және ерін мен тіс (лабиоденталь: ф, в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда, екі ерін біріне-бірі жабысып емесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін мен тіс дыбыстарына астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады.
Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады. Тіл фонемалары үшке бөлінеді:
а) тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р;
ә) тіл ортасы: й;
б) тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х.
АЙТЫЛУЫ
|
ЖАЗЫЛУЫ
|
Ыриза
Ырақат
Ырас
Ірең
Ірет
Іреніш
Ылайық
Ылақ
Ылажсыз
Ылаңкес
Ілебіз
Ілезде
|
Риза
Рақат
Рас
Рең
Рет
Реніш
Лайық
Лақ
Лажсыз
Лаңкес
Лебіз
Лезде
|
Сұрақтар:
Салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінетін дауыссыздарды анықтаңыз.
Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.
Жұп дауыссыз дыбыстар қатысқан сөздер қатарын анықтаңыз.
Қатаңнан басталып қатаң дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.
Қатаңнан басталып, үндіге аяқталған сөзді көрсетіңіз.
Бірыңғай дауыссыз дыбыстар тобын белгілеңіз.
Үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.
Бірыңғай үнді дауыссызы бар сөзді көрсетіңіз.
Бірыңғай үнді дауыссыз қатысқан сөздер қатарын табыңыз.
Жоспар:
Лексикологияның салалары.
Ономосиология.
Семасиология.
Фразеология.
Этимология.
Лексикография.
Мақсаты: лексикология және лекесикография қарастыратын шешуші ұғымдарды меңгерту.
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамы құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.
Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда ( жеке, нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.
Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүм кін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойына қалыптасуы жәнге дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама лексикологияда “Қазіргі ағылшын тілі”, “Қазіргі қазақ тілі” атты пәндердің лексикология бөліміндерінде, аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құруышы арналар мен қат-қабаттар, сөздердің активті және пассив ті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолдану аясы және т.б. мәселелер қарастырылады.
Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте-мөте күшті.
Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің “жаны” десекте болады. Семасиалогияның лексикографиялық жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде, әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.
Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктенекендігін қарастырады. Анығырақ айтқанда, сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, оның мағыналық жағына назар аударылады да, ономосиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады. Сонымен , ономосиология заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.
Ономосиологияның диалектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикологиялық картасы ономосиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілердегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.
Ономосиологияның айрықша бір саласы – онамастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі – антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады.
Лексикология сөздерді тілдің сөздік құрамын құрастыратын единицалар, яғни лексикалық единицалар ретінде қарастырады. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестерімен де аталады. Тіл-тілдің лексикасында жеке сөздердің айрықша синонимі ретінде қолданылатын тұрақты сөз тіркесі жиі ұшырасады. Олар сөздердің тіркесі болғанымен, мағынасы жағынанжеке сөздермен барабар келіп, бір бүтін лексикалық единица тәрізді қызмет атқарады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Мысалы, жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында, қас қаққанша, ауызды ашып жұмғанша (лезде), қаны қайнау (ашулану), мойны жар бермеу (еріну), тайға таңба басқандай (ашық-айқын), он саусағынан өнері тамған немесе ағаштан түйін түйген (өте шебер), ит арқасы қиянда (алыста), үріп ауызға салғандай (сүйкімді) деген фразеологиялық сөз тіркестері әбден лексикаланған да, мағынасы жағынан бір сөз тәрізді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұрақты сөз тіркестерінінң түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады.
Бақылау сұрақтары:
Лексикологияның салалары.
Ономосиология.
Семасиология.
Фразеология.
Этимология.
Дәріс жоспары:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы пәні және оның зерттеу нысаны.
Лексикологияның мақсаты мен міндеттері.
Лексикологияның басқа салалармен байланысы.
Дәріс мақсаты: Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы сипаттамасын түсіндіру. Пәннің арнаулы ғылыми пән екендігіне оның іштей жекелеген салаларына талдау жасату арқылы көз жеткізу. Лексикологияның ортақ және жеке мәселелерін ажырата білу.
Лексикология (гр. lexikos сөз туралы және logos ілім сөздерінен) тіл білімінің сөздік құрамды, тілдің лексикасын зерттейтін саласы. Сөздік құрам дегеніміз тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, ол лексика деп те аталады. Сөздік құрамға байланысты лексикологияның қарастыратыны: тілдің негізгі бірлігі ретінде көрінетін сөз мәселесі, лексикалық бірліктердің типтері, сөздік құрамның құрылымдық сипаты, лексикалық бірліктердің функциялық қызметі, сөздік құрамның толығу, даму жолдары, лексиканың тілден тыс шындық өмірге қатысы, тілдің басқа салаларына сөздік құрамның қарым-қатынасы.
Қазақ тілінің лексикологиясы – қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл тарихының, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы. Куәсі іспеттес, ол ғасырлар бойы даму нәтижесінде бірте-бірте қалыптасқан. Лексикологияны жете түсіну үшін, оның нысаны болып табылатын сөздік құрам тұтас бір бүтін жүйе ретінде қаралуға тиіс. Сөздік құрам тұтас жүйе ретінде көп салалы болуымен бірге, тілдің басқа салаларымен де тікелей байланысты.
Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды тек сөз атап білдірмейді, сонымен бірге тұрақты сөз тіркестері де білдіре алады. Осыған орай лексикология сөз мағынасымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологизмдерді де (гр. phrasis сөйлемше, logos ілім) нысан етіп қарастырады.
Тіл байлығы тек сөздің молдығынан көрінбейді, Тіл байлығы дегенді тілдің мағыналық байлығынан тыс қарастыру бір жақтылық болады. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр. semasia мән, мағына, logos ілім сөздерінен) ғылымымен тікелей байланысты. Семасиологияда шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды атап білдіретін атауыш сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы (лексикалық семантика) жан-жақты қарастырылады.
Қазақ лексикологиясы қазіргі қазақ тіліндегі сөздерді осы заманғы даму қалпын, мағыналық және құрамдық түрлерін, тарихи арналары мен қабаттарын, баю жолдарын, сөздердің экспрессивті-стилистикалық мәнін, қолданылу аясын қарастырады. Сөйтіп, қазақ лексикологиясының қазіргі жайымен бірге (синхрониялық күйі: гр. syn бірге, chronos уақыт) оның тарихи қалыптасу жайынан да (диахронологиялық күйімен: гр. dia арқылы, chronos уақыт) мәлімет беріледі.
Лексикологияның зерттеу нысаны-сөздік құрам, яғни лексика. Лексика болмысты бейнелейді, қоғам мен тұрмыстағы өзгерістерге байланысты болатын жаңа затқа, кұбылысқа, ұғымға қатысты үнемі толықтырылып отырады. Лексикологияда зерттеудің жалпы лингвистикалық тәсілдері қолданылады, олар: дистрибутивті тәсіл, субституция, компоненті-оппозитинті: трансформациялық тәсіл. Сапалық тәсілдермен бірге сандық-статистикалық тәсілдерде қолданылады. Лексикологияның салалары: ономасиология, семасиология, этимология, фразеология, лексикография. Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, сөз бен зат. Сөз номинативті мағынаға ие.
Сөз дамуының басынан кешкен ұзақ тарихы бар. Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты тарихи заңдылықтарын тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология (гр. etymon шындық, logos ілім) сөздердің шығу төркінін, олардың ең алғашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сөз этимологиясын ашуға нысан болатын материалдар тілдің өзіндегі көне формаларда, қос сөздерде, тұрақты сөз тіркестерінде, көне жазба нұсқаларда, туыс тілдердің сөздік құрамында аз емес. Соларды теріп жинап, этимология сандарына сәйкес зерттеу арқылы сөздің даму тарихының сырын ашуға болады.
Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымы мен лексикология тығыз байланысты. Ономастика (гр. onomastike ат беру, өнері) іштей антропономика және топонимика болып екі салаға жіктеледі. Антропономика (гр. anthropos адам, onyma ат, атау) кісі аттарын (есімдерін) зерттеу нысаны етіп қараса, топонимика (гр. topos - орын, мекен, + onyma - ат, атау) географиялық (жер-су) атауларын жеке нысан етіп зерттейді. Лексикология тіл білімінің грамматика саласымен де үнемі қарым-қатынаста болады. Тілдегі сөздер номинативтік (атауыштық) қызмет атқара отырып, грамматикалық формалар арқылы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе, тілдің тарихи даму барысында лексикалық бірліктердің грамматикалану процесінен, сонымен бірге сөз тіркестерінің лексикалық бірлікке (сөзге) ауысу (лексикалану) процесінен айқын көрінеді. Мысалы, құлап қала жаздады дегендегі жазда сөзінің лексикалық мағынасынан айырылып, көмекші етістікке айналуы грамматикалану нәтижесі. Осындай жағдай басқа да бір қатар көмекші етістік мәніндегі (сал, бол, бер, қал, қой, дыр) сөздерінен байқалады. Сондай-ақ, абайсызда, қапыда, тұтқиылда, кенеттен, лажсыздан, жүресінен, етпетінен, шалқасынан, қырынан, түнімен, қыстай, жаздай, т.б. сөздер. Бастапқы төркіндерінен бөлініп, қимылдың әр түрлі күй-жайын білдіретін туынды үстеулерге айналып кеткен. Лексикалық метафоралар лексикалануға жатады. Мысалы, қоғам мүшесі, ұжым мүшесі, т.б. дегендей мүше: иненің көзі, құлақтың көзі, күннің көзі, т.б. дегендегі көз сөздерінде нақты мағынадан метафораланған атауыштық мағына туып тұр. Осындай жағдайда еркін тіркестерден жасалған фразеологизмдерден де көруге болады. Мысалы: күміс көмей, сиыр құйымшақ, ат жақты, қоян жүрек, суық тер, сиыр сәске, бүйірі бұру, қызыл кеңірдек, ала қол, санын соғып қалды, бармағын тістеу сияқты фразеологизмдер еркін тіркестік мәнінен айырылып, жеке сөздерге пара-пар мағынаға ие болып тұр.
Сондай-ақ лексикология фонетикамен де үнемі байланысты. Сөздер көбінесе бірнеше дыбыстың тарихи қалыптасқан тіркесімен айтылғанда ғана белгілі бір мағынаны білдіреді. Тілдегі сөздердің дыбыстық құрамының өзгеруі олардың мағыналарының өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, ал, әл, ол, іл, ұл дегенде дауысты дыбыстардың өзгеруінен әр түрлі мағына беретін сөздер жасалып тұр.
Тілде белгілі бір дыбыс өзгергенімен, сөздердің сыртқы тұлғасы да, мағынасы да оншалықты өзгеріске ұшырамай, үнемі ұқсасып келетін жағдайлары болады. Мысалы: айғай – айқай, бау – бақ, сұрау – сұрақ, шұқыр – шұңқыр, бәйге – бәйгі, үлгіру – үлгеру, түгендеу – түгелдеу, жұдырық – жұмырық, жаңқа – жоңқа, т.б. Кез-келген дыбыстардан әркім өз қалауынша сөз жасауына, болмаса грамматикалық тұлға жасауына болмайды. Лексикалық элемент те, грамматикалық элемент те дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалады. Сол арқылы тілде жалпыға ортақ сөздер қалыптасады да, олар ұпақтан-ұрпаққа мұра болып, сақтала береді.
Сөйтіп, тіл ғылымының әрбір саласы өзінің дербестігі мен даралығын (өзінің қасиетін) сақтай отырып, өзара бір-бірімен байланысып отырады. Қазақ тілі фонетика, лексикология, морфология, синтаксис, стилистика, этимология, т.б. болып бірнеше салаға бөлінгенімен, осылардың барлығының да тексеретін – сөз. Тілдегі сөздерді бұлардың әрқайсысы әр жақтан алып қарастырады. Тілдің негізін жасайтын – оның грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры. Бұлардың екеуі де фонетикалық құбылыстармен тығыз ұштасып жатыр.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1. Лексикологияның жалпы сипаттамасы қандай?
2. Лексикологияның зерттеу нысанына нені жатқызамыз?
3.Лексикология қандай салалармен байланысты?
4. Лексикология саласын бөліп қарастырған кімдер?
5. Неліктен лексикология саласын бөліп алып қарастырған орынды?
Фразеологизмдер саласындағы өзекті мәселелер қатарына тұрақты сөз тіркестерінің грамматикалық ерекшеліктері жатады. Қазіргі тіл білімінде тұрақты сөз тіркестері әдетте лексика - семантикалық жағынан, көркем шығарма тілінде қолданылуы ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылып келеді. Соңғы кезде фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты зерттеулер пайда бола бастады.
Қазіргі орыс тіліндегі фразеологизмдер жайында арнайы зерттеу жүмысын жасаған В.П. Жуков фразеологизмдердің сөйлем ішінде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш та бола алатын дәлелдейді. Орыс тілінде фразеологизмнің сөйлем мүшесі болуы жайлы Х.М. Сайкиев те фразеологизм сөйлемнің барлық мүшесі қызметін атқара алады деп, оның бастауыш қызметінде жүмсалуына көбірек тоқталады. Профессор I. Кеңесбаев фразеологизмді сырт сиқына қарап, яғни белгілі бір қосымшаларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксистік қызметі мен фразеологизмнің мағынасынан бойды аулақ сала талдасақ, формал тұрғыдан еркін тіркесте болатын барлық белгілерді табуға болады деп айтқанымен, синтаксистік жағынан қарастырмайды.
Қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған I. Кеңесбаев болса, С. Аманжолов фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы, Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударды. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына фразеология бөлімін енгізген F. Мусабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов өзінің «Тіл біліміне кіріспе» атты жоғары оқу орындарына арналған оқу куралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясын В.В. Виноградовтың жіктеуі бойынша топтаса, Р. Сәтенова тұрақты тіркестердің бір түріне жататын мақал - мәтелдердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталады. Зерттеушілер жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуына да көп көңіл аударып, сөз таптарына жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Қайдаров пен Р. Жайсақова, А. Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды. Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмдердің берілу жайы тілші ғалымдар назарын аударды. Бұл ретте Ө. Айтбаевтың, К. Дүйсетаевтың зерттеу еңбектерін айтуға болады. Сондай - ақ осы жылдары қазақ және орыс тіліндегі фразеологимздерді салыстыра зерттеу жайын қолға ала бастады, көптеген зерттеу - мақалалар жарияланды.
Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жүмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылады. X. Қожахметова тұрақты тіркес сөйлемнің барлық мүшесі бола алатынын мысалдармен дәлелдесе, Н. Қошанова тұрақты тіркестің сөйлем мүшесі болуы - сөйлем аясының кеңеюінің бір жолы деген тұжырымдама жасайды. Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің морфология мен синтаксис саласында зерттеу оның толық ашылмаған сан қырының бірі. Фразеологизмді зерттеуші ғалымдар назарынан тыс қалып келе жатқан тағы бір мәселе - олардың құрылымы, сөйлем ішіндегі қолдану ерекшеліктері, тұрақты сөз тіркестерінің сөйлемдегі қызметі. Қазақ тілінен жинақталған материалдар фразеологизмдердің сыртқы құрылымы жағынан екі, үш, торт, одан да көп сыңарлы болатынын және сөйлемге үқсас болып кездесетіндерін көрсетеді. Тұрақты сөз тіркестерін құрылым жағынан қалыптарға жүйелеп, зерттеу барысында оларды бірнеше топқа бөлдік: екі сыңарлы етістікті фразеологизмдер; үш сыңарлы етістікті фразеологизмдер; төрт жэне одан да көп сыңарлы етістікті фразеологизмдер. Теориялық еңбектер мен жинастырған материалдарымызды саралап, жүйелей отырып, төменде екі сыңарлы фразеологизмдерді мынадай топтарға біріктірдік: атау тұлғалы есім + етістік (басы қату), көсемше тұлғалы етістік + етістік (сасып қалу). Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің етістік тұлғасы соңғы сыңар ретінде қолданылады. Келтірілген мысалдардан байқағанымыз, екі сыңарлы етістікті фразеологизмдердің' қазақ тіліндегі «атау тұлғалы зат есім+етістік» типтес синтаксистик қалыбында келу құбылысы байқалады. Үш сыңарлы етістікті фразеологизмдердің (төбесі көкке жету) құрамындағы негізгі қызметті атқарып тұрған басыңкы сыңардағы етістіктің, сол сияқты басқа да сыңарлардың лексика - грамматикалық ерекшеліктері - қазақ тіліне тәндігімен түсіндіріледі. Құрылымы: сын есім + зат есім + етістік. Мысалы: Үлкен іс бастау; қызыл кеңірдек болу; тақыр жерге отырғызу. Жинастырған материалдарды құрылым - құрылысына қарай жүйелеу, саралау барысында етістікті фразеологизмдер құрамындағы сыңарларының саны екі сыңарлы фразеологизмдерден басталып, үш - төрт, алты - жеті сыңарға дейін баратынын көрдік. Лексикографиялық деректерге сүйене отырып, фразеологизмдердің құрылымының көп сыңарлы түрі қазақ тілінде екі сыңарлы фразеологизмдерге қарағанда сирек кездесетінін көреміз. Бұл қалыптағы етістікті фразеологизмдер сыңарлары грамматикалық құрылысы жағынан әр түрлі формада келсе де, жалпы мағынасына нұсқан келтірмейді.
Төрт сыңарлы етістікті фразеологизмдердің құрылымы: есімше + зат есім + зат есім + етістік, мысалы: тумаған сиырдың уызынан дәмету. Сын есім + зат есім + зат есім + етістік: Ақ түйенің қарны жарылды. Зат есім + етістік + зат есім + етістік: Ат мінгізіп, тон кигізді. Зат есім + зат есім + зат есім + етістік: Аспандағы айға қол созды.
Бес сыңарлы фразеологизмдер: зат есім + зат есім + зат есім + етістік: Аспанды алақандай, жерді тебінгідей етті. Сын есім + зат есім + сын есім + зат есім + етістік: Ақ теріні қара тері қылды.
Алты сыңарлы фразеологизмдер: зат есім + зат есім + етістік + зат есім + зат есім + етістік: Бетін жел қақпады, маңдайын күн шалмады. Зат есім + зат есім + шылау + зат есім + шылау + етістік: Басын тауға да, тасқа да соқты. Сын есім + сын есім + сын есім + сын есім + зат есім + етістік: Боз қасқа, ақ сары бас шалды. Үстеу + зат есім + үстеу + зат есім + етістік: Астынан ит жүгіртіп, үстінен құс ұшырды.
Жеті сыңарлы етістікті фразеологизмдер: зат есім + етістік + зат есім + зат есім + етістік + зат есім + етістік. Зат есім + етістік + зат есім + зат есім + етістік + зат есім + етістік. Есіктен шықса тесіктен, тесіктен кетсе есіктен келеді. Сан есім + зат есім + зат есім + сан есім + зат есім + зат есім + етістік: Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды. Зат есім + сын есім + зат есім + етістік + сын есім + зат есім + етістік.
I. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде етістікті төрт сыңарлы фразеологизмдердің саны - 325; бес сыңарлылар 91; алты сыңарлылар 26; жеті сыңарлылар 10 және сегіз сыңарлылар 10 болып келеді, яғни етістікті фразеологизмдер ең көп кездесетін фразеологизмдер болып табылады. Жинастырған материалдар қазақ тілінде екі, үш компонентті етістікті фразеологизмдердің молынан кездесетінін, ал компонент саны көбейген сайын фразеологизмдер саны азаятынын, яғни жеті - сегіз сыңарлы фразеологизмдер тілде сирек екенін корсетеді. Басқа сөздер сияқты тұрақты тіркестер де сөйлемде морфологиялық жағынан өзгеріске үшырай отыра, сөйлем мүшелерінің ролінде жүмсалып отырады. Сын есім мен зат есім атау тұлғада тіркесіп келіп, сөйлемде тұрақты тіркесті бастауыш қызметін атқара отырып, сөйлемге айқын мағына бере түседі. Мысалы, Баглан жігіт қырандай құйылып төнген сияқты. Зат есімнің жасырын күйіндегі формасы қимыл етістігімен тіркесіп тұрақты тіркесті бастауыш ролінде қызмет атқарады. Мысалы: Енді жүрт жаңғырту керек еді (М.Ә.). Сыңарлары етістік пен зат есімді түрақты тіркес бастауыш қызметінде келіп, сөйлемде орын таңдамай қолданыла береді. Мысалы: Мына жақтан жандарал келеді деген алып қашпа хабар да естілді (С.М.). Сонымен қатар, тұрақты тіркестің бірінші сыңары ілік септігінде ашық және жасырын келіп, екінші сыңары тәуелдік жалғауында келген тұрақты тіркесті бастауыштарға мынадай мысал келтіруге болады. Мысалы: Қайда барса да, алдынан Қорқыттың көрі шығады. Есім сөз тобы тұрақты тіркесті баяндауыш қызметінде жүмсалғанда өзіндік морфологиялық өзгерістерге ұшырап та, ұшырамай да сөйлемде әртүрлі жұмсалынады. Соңғы сыңарлары зат есімнен болған тұрақты тіркесті баяндауыштар. Бұл сөз табынан болған есімді баяндауыш атау тұлғада келеді. Мысалы: Ол жанынан асқан дүние қоңыз. Токен - осы үйдің бел баласы. Осы баяндауыштың жатые септік тұлғасында келуі мол кездеседі. Зат есімді тұрақты тіркесті баяндауыштың жатые септігінде тұрақтануы байқалады. Мысалы: Айтқандарын істеп, тік тұрып күтіндер, бас жарылса бөрік ішінде.
Құрама тұрақты тіркесті баяндауыштардың бірінші сыңары зат есімнен, екінші сыңары көптік жалғаулы есімше тұлғада келеді. Бұл тұрақты тіркестердің көптік жалғаулы бастауышта келуіне қарағанда өте жиі кездесетін баяндауыштық тұлға болып саналады. Мысалы: Ажалдан бас тартпайтын өңкей бас кесерлер. Сан есімнің етістікпен тіркесіп келген құрама тұрақты тіркесті баяндауышқа мынадай мысал келтіруге болады. Мысалы: Мұндай тарихи жылқы тұқымы екі айналып келмейді. Өзі Абайдың қасынан екі елі айырылмайды.
Еліктеуіш сөз бен етістіктің тіркесуінен келген құрама тұрақты тіркесті баяндауыш басқа сөз таптарына қарағанда етістікпен аз тіркесіп келеді. Мысалы: Нүрғанымды білетін, Құнанбайға өш - кегі бардың бәрі де осы арада бүркіті түлкі болғандай мәз болысып, жымың қағысты (М.Ә.).
Тұрақты тіркесті толықтауыштар әдеттегі толықтауыштардай есімдердің, есімше қимыл есімдерінің септік жалғауларында келуі арқылы жасалады. Жалғаусыз тура толықтауыш: Уа, мына бәледен бас сауға сүраңдар, бас сауға (F.M.).
Жалғаулы тұрақты тіркесті тура толықтауыш: зат есім мен зат есімнің қабыса байланысуы: Толғана келіп салмақпен айтылған «сіздер» есек дәмені сызып - сызып тастады. Әкесі Қазанғап та сондай өнерпаздарды ауылға жиі қонақ етіп, жаз жайлауды, қыс қыстауды думанға толтырар еді. Күн қабағын ол да ұнатпай, түнерген бүлтты аспанға қайта - қайта қарап тұрды (Ә.Н.).
Сын есіммен зат есімнің қабыса байланысуы: Зіл қара түнді жапсарынан core, таң сызаттап келеді.(Ғ.М.) Алалы жылқы, ақтылы қойын жосылтып алды (М.Ә.).
Сан есімнің зат есімнің тізбектеліп келуі: Көлденең шөп бір қүлақ суды байлайды. Ұшын басып, шыр кобелек айнала жүгіріп, екі ауыз сөзді бөліп - бөліп зорға айтты (С.Л.).
Зат есім мен есімшенің тіркесі арқылы: өйткені ол әйтеуір бір мәңгілікке көз жұмарын ес білгеннен біледі (О.Б.). Сенің шөптің басын сындырмайтыныңды өзім де білемін (Ғ.М.).
Зат есім мен қимыл есімді тұрақты тіркестер арқылы: Оспан үй ішінің ала көлеңке болуын тосқан еді(М.Ә.). Бірақ қараушылар не оған бата алмады, не әйелге қол көтеруді өздеріне ар санады.
Е, де көмекші етістіктері қатысты тұрақты тіркесті тура толықтауыш: Жақыптың бір үрты май, бір үрты қан дегенді жүрт көбірек айтып кетті. Манадан бері бөстекі сөзді қойып, осыны айтпайсың ба? (Ә. Нүрпейісов).
Барыс жалғаулы тұрақты тіркесті толықтауыш. Зат есім мен зат есімнің қабыса байланысуы: Менің көріп отырғаным мынау, осы күнгі адам бар өмірлік бақастыққа, ит тартысқа қүрбан қылып отыр.
Сын есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы: бірде олай, бірде бүлай тұрған, опасыз дүниеге келер күлкің. Түнде жауып, күндіз жалбыз қылана ерген қырбақ енді көк тайғаққа айналып, тайып жығылып жатқан адамдар (О.Б.). Қала берді, ана үпірлі - шүбірлі сары қарын балаларыңа керек (Ә.Н.).
Зат есім мен қимыл есім арқылы: Басқа тепсе де, жұрттың қасыңда жүрсең, басың ауырып, балтырың сыздағандай болса, қол ұшын беріге жарар (О.Б.).
Соңғы сыңары есімше немесе есімше мен зат есім құрамды тұрақты тіркестер: Базаралы Абайдың қиын күнде ат сауырсын бергеніне қуанып тұрып, ырза болды (М.Ә.). ¥рыс тағдыры минаның дәл мезгілінде жарылуында, әйтпегенде біздер үш есе көп, бүл бас кесерлерге төтеп беру мүмікн емес (Ж.С.).
Жатыc жалғаулық тұрақты тіркесті жанама толықтауыш сирек кездеседі. Мысалы: Ол Омбыға барған төрелердің жандарал алдында құрақ ұшатынында сөз жоқ.
Шығыс жалғаулық тұрақты тіркесті жанама толықтауыш.
Зат есім мен зат есімнің тіркесі арқылы: Итбайдың малы кедейдің көз жасынан құралған жоқ па? Ақтар өтіп саябырланған кезде, Қартқожа ел аузынан осындай сөздерді есітіп жүреді.
Сын есімнің зат есіммен тіркесіп келуі: Шауып келген Баймұханбеттің керуен бастығы жарлы мосқал адамнан білгені бұларға тиген Ағыбай тобы екен (І.Е.). Соны білген Айдар өз мүңын қоя тұрып, Жақыпты жанды жерінен ұстады.
Сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы: Еламан бір кіндіктен жалғыз, әке - шешесінен ерте айырылды, әкесімен бірге туған Есбол деген ағасы бар, бірақ бүл арадан біркүншілік жерде тұратын (Ә.Н.)
Зат есім мен қимыл есімі арқылы тіркесуі: Раушан мына қалпын қоймаса, екі аяғымызды бір етікке тығудан тайынбас. Алланың жазуынан артық іс болмайды, жолыңа мен кесір болмаспын.
Көмектес жалғаулы тұрақты тіркесті жанама толықтауыштар.
Зат есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы: Сол жолда жас өмірін құрбандыққа шалған азаматтар есеппен емес, ана мен сүйген жардың көз жасымен өлшенеді.
Сын есім мен зат есімнің тіркесіп келуі: Іште іркілген бітеу жарамен неше бір заманда Бақтығұлға сеніп келген Жарасбай жүрді (М.Ә.). Уақыт дегенің ағын сумен бірдей ғой. Бір құлақ су. Бас арықтан, шелек аузы кіндіктен бұрын алып ағызған су.Көлденең шөп - бір құлақ суды лайлайды. Eciл ер, қайран жұрт. Қасиетті ел - жүрт. Қымбат, ардақты асыл...деген мағынада. Сүм патша тозақ қиылып есіл елді, талай қиыршын өмірді текке қиды (К.Ә.).
Қорытындылай келе байқағанымыз, тұрақты тіркестер сөйлемде морфологиялық жағынан өзгеріске ұшырай отыра, толықтауыш қызметін атқарады.
Тұрақты тіркесті анықтауыш. Сәменнің қолындағы жіңішке қамшыны алды да, өзінің сегіз өрме бүзау тіс дырау қамшысын ұстатты (М.Ә). Бұзау тіс - ірі қылып өрген қамшысының бір түрі. Көзге қораш. Сырт кейпі келбетсіз деген мағынада айтылады. Көзге қораш бойым бар, теңізден терең айым бар (Д.Б.). Қара қамшы. Қара күш иесі, қаһарлы, өктем адам. Надан хазірет, Ақанның немере ағасы қара қамшы адам (Ғ.Б.). Көсе көсір. Мол, өте көп. Бір күні Тәңірберген Ебейсіннің көл - көсір дүниемен қалаға жүргелі жатқанын есітті (Ә.Н.). Жүрек жұтқан. Ешнәрседен қорқпайтын батыл, ер азамат. Осымен қатар Құнанбайдың жүрек жұтқан ерлігі, айла - тәсілі өзімен - өзі атамай - ақ, әйгіленіп жатты (М.Ә.).
Тұрақты тіркестерді пысықтауыш тұлғасына қарай қабыса және меңгеріле байланысқан пысықтауыштар деп екі үлкен топқа бөлінеді. Тұрақты тіркестер пысықтауыштың ең мол жасалуы - көсемше тұлғасы арқылы. Оның өзі екі түрлі жағдайда болады: Біріншіден, тұрақты тіркестер соңғы сыңары негізгі етістіктің көсемше тұлғада келіп, баяндауышпен қабыса байланысуы. Қара Иванның өзі көзтүрткі қылып ұстап берсін. Ақ таяғы қолында бала ұзақ түнге кірпік қақпай қой күзетіп отыр. Сүлтанғали естісе, қара аспанды суға алдырып өлсе жібермейді. Осы сөйлемдерде көзтүрткі қылып, кірпік қақпай, қара аспанды суға алдырып - тұрақты тіркестерді көсемшелі пысықтауыштар, әрқайсысы баяндауыштармен қабыса байланысқан.
Жатыc жалғаулары түрақты тіркесті пысықтауыш: Біз Әуезовтың көзі тірісінде солай дейтінбіз, қазір де солай дейміз. - Торайғырдың ағасын көңілі түскенде «сіз», көңілі түспегенде «сен» деп сөйлейтін әдеті. Шығыс жалғаулы тұрақты тіркесті пысықтауыш: Өтке кеште ойламаған жерден жау қорғанысына тап болып, оқ астында қалды. Қордай түгіл бүл тойға жер - жерден, тіпті ит арқасы қияннан - Бангладештен де кісілер қатысқалы жатыр. Көмектес септікте тұрақты тіркесті пысықтауыш: Аудан орталығына арба жіберіп алдырған майдангар азаматты жүрек жарды қуанышпен қарсы алып, қонаққа шақырмаған бірден - бір үй қалмап еді. Барыс септікте тұрақты тіркесті пысықтауыш: Осы уақиға үстінде жан сарайына бір кіреуке түсті. Шерәлі ауылынан деген соң жерден жеті қоян тапқандай бәріміз өре тұрып, одан есемізді бір қайтарайық деп ойлап қалмадық па. Бірақ қас пен көздің арасында оны қайдан, қашан көргенім есіме түсе қоймады. Бірақ бүл рахаты мол сәттер үстінен құйын өткен түтілген жүндей көзді ашып - жұмғанша ғайып болды (Д. И.). Бірінші сөйлемдегі жерден жеті қоян тапқандай фразеологизм! пысықтауыш болса, өре түрып тұрақты сөз тіркесі баяндауыштың қызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемдегі фразеологизм мезгіл пысықтауыш болса, үшінші сөйлемде пысықтауыш пен баяндауыш түрінде кездеседі.
Фразеологизмдерді морфологиялық және синтаксистік жағынан қарастыра келе, тұрақты сөз тіркестерінің морфологиялық өзгеріске түсетініне, яғни көптелуіне, септелуіне, тәуелденуі не, жіктелуіне, сондай - ақ жұрнақтар арқылы түрленетініне назар аударылды. Синтаксистік тұрғыдан фразеологизмдер сөйлемнің барлық мүшесі қызметін атқарады да, дара сөзбен салыстырғанда, өзінің айшықты, мәнерлілігімен көзге түседі. Талданған мысалдар көрсеткендей, тұрақты сөз тіркестері әсіресе толықтауыш жэне баяндауыш қызметінде көбірек кездеседі. Тұрақты тіркестердің сөйлем және сөз тіркесі аясының кеңеюінің бір жолы ретінде сөйлемде белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалатыны, белгілі бір синтаксистік байланысқа - меңгеру, қиысу, қабысу, матасу - түсетіні анықталды. Түрақты сөз тіркестерінің сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалу жолдары мен заңдылықтарын нақтыланды.
Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен арым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш, әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың бәрі туынды сөздерге жатады. Мұндағы толқын (толқы+н), білім (біл+ім), сұрақ (сұра+қ), бозар (боз+ар), көгер (көк+ер), білгіш (біл+гіш), әсемпаз (әсем+паз) деген туындылар негіз сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Ал алып кел, барып кайт, бүгін, биыл деген туындылар екі толық мағыналы сөздің бір мағынаны білдіріп, бір сөзге айналуы арқылы жасалған.
Туынды сөздер — тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі, өйткені туынды сөздер-сөзжасам заңдылықгары бойынша, сөзжасам бірліктері арқылы өмірде пайда болған жаңа заттар мен жаңа құбылыстарды атау үшін жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған сөздер.
Туынды сөздер тілде өте көп, өйткені олар әр заманның қажетіне қарай тілге үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондықтан туынды сөздер тілдегі ең көп сөздерге жатады.
Казақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада қолданылғанына түсінік беру қажет.
Түбір сөз лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей тұрғандағы сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы да — тілде белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғанына, құрамдарының түрлілігіне қарамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.
Түбір сөз деп лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар, белгілі бір сөз табына жататын сөздер аталады.
Түбір сөздер екі үлкен топқа бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бір морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып лексикалық мағына береді. Мысалы, ол, ел, ата, ана т.б.
Туынды сөздер ең кемі екі морфемадан қүралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер. Тілде сөзжасамдык тәсілдер түрлі болғандықган, олардың нәтижесінде жасалған туынды сөздер де түрліше. Мысалы, қаламгер, сөзшең, өтірікші, білімпаз деген туындылар мен жолсерік, қолкесер, көміркышкьлы, ұзынсонар деген туындылар бір емес. Сол сияқгы АлМУ, екпін, тасымал, ҚР деген сөздерде де айырма бар, бірақ осы сөздердің бәрі туынды сөздерге жатады, өйткені олардың бәрі-сөзжасам үрдісінің нәтижесінде, түрлі сөзжасамдық бірліктер мен түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған сөздер. Сонда туынды сөздерге сөзжасам үрдісінің нәтижесінде жасалған сөздер ғана жататыны көрінді. Олай болса, туынды сөз тек сөзжасамға қатысты, сөзжасамның мәселесінің бірі. Ал негізгі тубір сөздер сөзжасам нәтижесінде жасалмаған.
Туынды сөздер — тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені олар тілдің барлық кезеңіңде үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып отырған.
Туынды сөздер құрамына қарай дара және күрделі болып, екі үлкен топқа бөлінеді. Дара және күрделі туынды сөздердің осылай бөлінуі олардың синтетикалық және аналитикалык тәсілмен жасалуына байланысты. Синтетикалық тәсілмен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге жатады. Мысалы, зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден тұрады.
Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы, кәсіпкер, аяддама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақга, сөйлесім, жалақор, тілші т.б.
Дара туынды сөзге лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал, құн, нарық, қүқық, баға т.б. Бұл сөздердің күнделік өмірде колданылатын бейтарап мағынасы бар, солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге қарағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер құрайды.
Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақган тұратын сөздер аталады, Мысалы, үгітші, каламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б. Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туьінды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бұл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі қолданылатынына қарамастан, олардың әркайсысын өз мәнінде қолдану керек.
Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады. Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген. Сол сияқты ақта дегенге ақ, көйлекшең дегенге көйлек, бітім дегенге біт, сырлас дегенге сыр сөзі негіз болған. Сондықтан өнерлі, ақта, көйлекшең, бітім, сырлас деген туынды түбірлердің мағынасы оларға негіз болған өнер, ак, көйлек, біт, сыр деген негіз сөздердің мағынасымен байланысты.
Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымең байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы керек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін. Мысалы, дәрігер, тәлімгер, зейнеткер дегендердің бәрі түрлі кәсіпті маманданған адамдарды бідціреді. Бүлардағы дәрі, тәлім, зейнет деген жансыз заттық үғым атауларынан маманданған адам атауы жасалды. Олар сөз табын сақтағанымен, мағыналарында үлкен өзгеріс болды. Ал жақсылық, жамандық, үлкендік деген туынды түбірлерде негіз сөздің сындык, белгі мағынасы туынды түбірде заттык, үғымға ауысты. Бірақ олардың мағынасында үлкен айырмашылық бар деу қиын. Таулы, ақылды, өнерлі сияқты туынды түбірлерде сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Мысалға келтірілген туынды түбірлердің бәрінде негіз сөздің мағынасында өзгеріс болған, ол мағыналык өзгеріс әр топта әр түрлі. Бұдан шығатын қорытынды негіз сөзбен салыстырғанда, туынды түбірдің мағынасында қандай болса да, белгілі бір өзгеріс, мағыналық түрлену болады. Сондықтан да негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы бірдей бола алмайды. Олай болса, туынды түбірдің мағынасында өзгеріс болу туынды түбірдің белгілерінің бірі болып саналады, өйткені туыңды түбірде мағыналық өзгеріс болу міндетті.
Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема — туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз кдндай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.
Туынды түбірлер тілдің қазіргі даму сатысына сай танылады. Сондықтан туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұрады. Мысалы, кедейлік<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те, намысқор<намыс+қор, тапқыр<тап+қыр, тотық<тот+ық, тігін<тік+ін, үшкыш<үш+қыш, ұшақ<ұш+ақ. Келтірілген туынды түбірлердің бәрінде олардың қүрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұр. Осы туыңды түбірлердің құрамындағы жұрнақтың әрқайсысы тілде бірнеше басқа туынды түбірлер жасаған. Олармен бұл туынды түбірлерді салыстыру аркылы жұрнақтың тілдің сөзжасам жүйесінде бары анықталады. Бұл жағдай тарихи тұрғыдағы туынды түбірлерге қатысты емес. Тарихи тұрғыдағы туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі жойылған. Сондықтан олар казіргі тілдің даму сатысында туынды түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар жой-жоқ, той-тоқ, кел-кет сөздерін көне заманда туынды түбір болған сөздер деп дәлелдеген. К^зіргі тілдің даму сатысында бұл сөздер туынды түбірлер ретінде танылмайды, олар кдзір негізгі түбірлер саналады. Міне, сондықтан да туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі сақталуы да олардың белгілеріне жатады.
Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Мысалы, қолөнерші, жазушы, күресші, дорбашық, буыншақ, түйін, болжам деген туыңды түбірлер зат есімге жатады. Өркениетті, білікті, әуесқой, өнерпаз, дүниеқор, бағалы, киімшең деген туыңды тубірлер сын есімге жатады. Ал тазала, әңгімеле, қолда, жолық, ағар, қысқар, бағала деген туынды түбірлер етістік екені белгілі.
Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебі әр сөз табының өзіне тән сөзжасамдық жұрнақтары бар. Туынды түбір қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының туынды түбірі саналады. Әр сөз табының жұрнағы туынды түбірге өзі тәуелді сөз табының мағынасын косып, сол сөз табының сөзін жасайды. Сондықган туынды түбір сөздің бәрі де белгілі бір сөз табының сөзі болып саналады. Осымен байланысты әр сөз табьшың сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнін сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы т.б.
Қорыта келгенде туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:
1) туынды түбір екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ;
2) туынды түбірдің мағынасы оның құрамындағы негіз сөз бен сөзжасамдық жүрнактың мағынасынан жасалады;
3) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы байланысты болады;
4) туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Бұл белгілерге сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |