Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын


Жалғаулардың мағыналық түрлері: көптік, тәуелдік жалғаулар



бет16/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары
9- мамыр, Терминдер
Жалғаулардың мағыналық түрлері: көптік, тәуелдік жалғаулар
Тілімізде сөйлем ішінде сөздерді бір бірімен байланыстырып, нәтижесінде айтылатын ой түсінікті, мағыналы болып шығу үшін аса қажетті қосымша категорияның бірі - жалғаулар. Жалпы жалғаулардың ортақ бір ерекшелігі - жалғанған сөздерге грмматикалық мағына үстеп, форма жағынан өзгерткені болмаса, өз алдына дербес лексикалық мағынасы болмағандықтан жеке қолданылмайды, әрі тұлға жағынан тұрақсыз. Олардың тұлға жағынан тұрақсыз болуы, қазақ тіліндегі сингармонизм және үндестік заңдылығына байланысты тек қана жуан не жіңішке түрде ғана емес, бірде қатаңнан, бірде ұяңнан не үндіден басталуынан. Жалғаулар тұлға-тұрпаты шексіз деуге болмайды. Мысалы, барыс септігінің жалғаулары: -ға, -ғе, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е түрінде келуі түбір тұлғаның соңғы дыбыстарына, сингармонизм заңына байланысты. Мұнан басқа қай жалғаулар болмасын басқа варианттары болмайды. Жалғаулар жұрнақ секілді сөздің лексикалық мағыналарын өзгерте алмағанымен, оның жалғану аясы кең. Мәселен, жіктік жалғауы сөйлемде баяндауыш болатын бүкіл сөз таптарына жалғанып, сөздерді түрлендіре алады.
Сонда жалғаулар сөздерді байланыстыру жолында өзгертіп, түрлендіретін, грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып табылады. Жалғаулар да сөз құрамындағы жеке морфемалық бөлшек бола отырып, сөздер арасындағы әр алуан қатынастарды, түрлі грамматикалық мағыналар үстеу жағынан, яғни қызметі жағынан бірнеше топтарға бөлінеді: көптік жалғау, септік, тәуелдік және жіктік жалғау.

Көптік жалғаулар


Көптік жалғау өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейтіні рас, бірақ қазақ тілінде көптік форма тек бұл жалғау арқылы емес, басқа да лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптік категориясы жасалына береді. Мәселен, тіліміздегі қайсыбір сөздердің беретін лексикалық мағынасынан-ақ көптік ұғымдар бары көрініп тұрады. Мұндай сөздерге түбір күйінде тұрып-ақ жеке-дара санауға келмейтін зат атаулары жатады: бидай, су, тұз, ұн т.б. немесе жеке-дара атап көрсетуге болғанымен, біртектес заттар болғандықтан тілімізде олардың жалпы атаулары қолданылатын есім сөздер жатады: шөп (түрі көп), ағаш, қағаз, мал т.б., белгілі бір хайуанаттарға, жәндік пен аңдар түрлеріне қойылған атау да көптік ұғымды білдіреді. Мысалы, біздің ауылда қасқыр жеткілікті. Сол секілді: қоян, шегіртке, қой, жылқы, қоңыз, аю т.б.; қоғамда кездесетін түрлі ұйымдар, әлеуметтік экономиканың формация атаулары: капитализм, социализм, феодализм, мәдениет, дін, әдебиет т.б. құстар атаулары да көптік ұғымда қолданыла алады: қаз, үйрек, қарлығаш, бүркіт т.б. Мысалы: Бүркіт - негізінен таулы жерлерде өмір сүретін құстың түрі. Дәл осы секілді күнделікті мерзімді баспалардан шығатын газет-журналдар аттары: «Жұлдыз», «Жалын», «Замандас» т.б.; адамның жас ерекшеліктері, түрлі ішкі құбылыстар, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекет және күй-жайлардың т.б. атаулары: жастық, кәрілік, қуаныш, ақыл, түс, жүріс, еріншектік, жалқаулық, махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік т.б., қысқасы, көптік категорияға байланысты сөздердің лексикалық мағынасы сараланып кете береді, біз оның қайсыбіреулерін ғана сөз еттік, тіпті күнделікті қолданылып жүрген құрал-жабдықтардың, құрылыс материалдарының жекелеген атаулары да көптік ұғымда жұмсала алады. Мысалы: Үй салу үшін алдымен кірпіш, тақтай жинау керек дегенде бір ғана кірпіш не тақтай туралы емес, әңгіме көп зат турасында болып отырғаны белгілі.
Сөйтіп, жоғарыдағы айтылған мәселелерді сөздердің лексикалық тәсіл арқылы көптік мағынаны білдірудің бір жолы деп қорытынды жасауға болады.
Сол секілді синтаксистік тәсіл арқылы да көптік ұғымын беруге болады. Мәселен, кейбір сан есімдер (реттіктен басқа), немесе: көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар сықылды сөздердің тіркесулерінен де көптік ұғым жасалынады: он ешкі, бес оқушы, жүздеген студент, бірсыпыра киім, әлденеше кісі, көп қағаз т.б.
Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруі лексикалық-синтаксистік тәсіл деп қараған жөн болады», - дейді А.Ысқақов («Қазіргі қазақ тілі», Алматы, 1974, 41-б.) Мысалы: бала-шаға, ыдыс-аяқ, іс-әрекет, ата-ана, көрші-қолаң т.б. Сонымен қатар, көптік ұғым тілімізде морфологиялық тәсіл арқылы да беріледі. Әрине көптік жалғау -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) өнімді және жиі қолданылатын қосымшадан өзге –қ (-к), -ыз (-із, -з) секілді екі түрлі формалар бар. Бұл соңғы екі форма тарихи грамматикада өте ерте кезден келе жатқан қосымшалар ретінде қарастырылады. Қазіргі біз жіктеу есімдігі құрамындағы -з көптік ұғымда кейінгі кезде қалыптасқан көрінеді. Бұрын ол жұп, егіз, екеу болып келетін зат атауларына жалғанған көрінеді, ал қазір көптік ұғымды білдіргенімен оны сөз құрамынан жеке бөліп қарамаймыз. Тәуелдеудің көпше түрінің бірінші жағында да (біздің оқушылар+ымыз) сөзіндегі –ымыз –ым және –ыз деп құранды қосымша ретінде бөліп қарамай тұтас -ымыз, -іміз немесе кейде -мыз, -міз (көрші-міз) деп біртұтас қосымша ретінде қарастырылады, көптік ұғымды береді. Жекеше формада (сіздің қаламыңыз т.б.) жеке-даралықты білдіреді.
Ал бұл қосымшаға қарағанда -ң (-к) формалары ашық райдың жедел өткен шақтың бірінші жағында (көрді-к, тартты-қ), шартты райдың көпше түрінің бірінші жағындағы жіктік жалғауы (келсе-к, барса-қ) әрқашан көптік мағынада қолданылады. 
Дегенмен бұл аталған көптік ұғымын білдіре алатын қосымшалар қайсыбір сөздерге ғана болмаса, жалпы көптік ұғымын туғызуда қолданылатын актив формалар емес. Қазақ тілінде көптік категориясының негізгі қосымшасы көптік жалғау деп аталатын -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) қосымшалары. Негізінен, әрине, көптік жалғауы –лар формасы қалғандары оның варианттары болып есептелінеді, ал мұнша варианттары тіліміздегі үндестік, сингармонизм заңына байланысты екені аян.
-лар қосымшасының бір ерекшелігі – тек зат есімге ғана емес, жалпы субстантивтенетін сөз таптарына әрі етістіктің жіктелетін екінші жақ формаларына, есімшеге де жалғанып, көптік ұғымын туғыза алады (семантикалық, стильдік қызметін өздері оқиды).
Көптік жалғаудың (-лар) қолданылатын негізгі грамматикалық ерекшелігі төмендегіше:
1. Көптік жалғау негізінен түбірден соң жалғанады: бала+лар, студент+тер т.б.
2. Егер сөйлем құрамындағы бірыңғай мүшелерге жалғанса әр мүшеден соң немесе стильдік мақсатта соңғы мүшеге жалғануы ықтимал: қатты толғанғанда жүйрік қаламынан небір өлеңдер, небір әндер қағаз бетіне маржандай тізілетін («Замандастар»). Нақ осы сөйлем құрамындағы көптік жалғауын бір-ақ рет қолданып та көптік ұғымды туғызуға болады: небір өлең, әндер 
3. Сөйлемде көптік формада тұрған бастауышпен (жіктеу, жалпылау есімдіктерінен) баяндауыш та көптік формада қиысады: Сендер келіңдер, жалпы келіңдер.

  1. Көптік жалғау дербес сөз бен көмекші сөз тіркесіп келгенде көмекші сөзге жалғана береді: осы сияқты+лар, мына неме+лер, күші бар+лар т.б.

5. Көптік жалғау түбірден соң жалғанатынымен, кейде қажетіне орай түбір мен жұрнақтың көнеленген форма аралықтарында қолдануы ықтимал: бұзық+тар+ша, біз+дер+дей, аға +лар+ы+ндай, сен+дер+дікі, мұғалім+дер+дікі, солар+ дағы т.б. Ал тәуелдік категориясы - иеленуші үш жақтың біріне бір заттың меншікті екенін білдіретін тілдік құбылыс. Қазіргі тілімізде меншікті білдіретін категория мына секілді тәсілдер арқылы іске асады (тәуелдеу категориясы): морфологиялық, синтаксистік және морфосинтаксистік. Синтаксистік, яғни аналитикалық тәсіл сөздердің тіркесінен біз, сіз ілік септігіндегі есімдіктер мен түбір күйінде тіркескен, яғни анықтауыш пен анықталушы мүшелер тізбегі арқылы жүзеге асқан амалдың түрі. Мысалы, біздің көше, сіздің аудан (сіздің аудан биыл өзгеріпті). 
Ал тек есімдік қана емес,басқа да сөз таптарының ілік септігінде келіп (анықтауыштың), анықталушы сөз тәуелдік жалғауда келсе, яғни әрі морфологиялық, әрі синтаксистік тісілдердің қабаттаса келуі аралас (морфосинтаксистік) тәсілге жатады: ауылдың малы, көлдің балығы т.б.
Морфологиялық тәсіл нәтижесінде жасалынатын тәуелдеу категориясы екі түрлі қосымша арқылы: -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы мен -ның (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің) жалғауы арқылы туады.
-нікі меншіктік жұрнақтың мына секілді ерекшеліктері бар: а) меншіктелетін зат иеленушіден бұрын қолданып, басым көпшілігінде бастауыш қызметінде тұрады (бұл қалам менікі), ал субъект баяндауыш болады, ә) –нікі қосымшасы белгілі бір жаққа телулі болмайды. (кітап менікі, сенікі, онікі т.б.), -нікі қосымшасы тілімізде өте көнеден келе жатқан тілдік құбылыс, ол ілік септігінің -ның (-нің т.б.) және, –кі (-қы, -ғы -гі) жұрнақтарының бірігуінен пайда болған (Томанов М. Тарихи грамматика. Алматы, 1988).
Ал заттың екінші бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша категория тәуелдік жалғау болып табылады. Тәуелдік жалғау қазақ тілінде зат есімге қатысты болғанымен, сөйлем құрамында субстантивтенген басқа сөз таптарына да жалғана береді. Мысалы: бесеуі, жаманы, үлкені, сынғаны, ертеңі т.б. Әдетте тәуелдік жалғауы өзінің тіркесетін алдыңғы сөздің ілік септігінде (жіктеу есімдіктерінің) тұруын талап еткендіктен де, олардың жақ жалғаулары жіктеу есімдіктерінің жақ жалғауларына сәйкес келіп отырады: менің үйім, сенің үйің, сіздің үйіңіз, оның үйі. Сонда тәуелдік жалғаудың жақ көрсеткіштері мына секілді болады: І -м, ІІ -ң (-ңыз, -ңіз), ІІІ -сы, -сі; дауыссыз болса түбір: І -ым, -ім, ІІ -ың, -ің (-ыңыз, -іңіз), ІІІ -ы, -і. 
Тәуелдік жалғау меншіктілікті білдіруде затқа қатысты екі түрлі формада келеді: оңашаланған және ортақ тәуелдеу. Егер тәуелденуші зат жекеше формасында немесе біртектес заттар бір ғана затқа, нәрсеге меншікті болса, оны оңашаланған тәуелдеу дейді. Оңаша тәуелдеуде түбірге, туынды түбірге, көптік жалғаулы сөздерге тәуелдік жалғау мына секілді көрсеткіштер арқылы жалғанады: -ым, -м, -ң, -ың, -ің, -сы, -сі, -ы, -і. Мысалы: бөлмем, бөлмелерім; бөлмең, бөлмелерің; бөлмеңіз, бөлмелеріңіз; бөлмесі, бөлмелері т.б. Немесе керісінше де болуы ықтимал, мәселен, зат я құбылыс бірнеше затқа, ұжымға немесе бірнеше зат я құбылыс ортақ болып тәуелденсе, оны ортақ тәуелдеу, коллективті формасы деп атайды. Ортақ тәуелдеудің көрсеткіштері мыналар: -мыз, -міз, -ымыз, -іміз; -ыңыз, -іңіз; -сы, -сі; -ы, -і. Мысалы, бөлмеміз, бөлмелеріміз, бөлмеңіз, бөлмелеріңіз; бөлмесі, бөлмелері, бірақ бір ескеретін жағдай – егер зат жекеше формасында ортақ тәуелденсе, яғни көп затқа, нәрсеге, құбылысқа тәуелді болған жағдайда екінші жақтың арнайы формасында тәуелденбейді. Мәселен, сендердің бөлмең деп айтпаймыз, айтылатын болса, көптік жалғауы қосылуы қажет, әйтпесе стильдік қатеге ұшырайды.
Тілімізде меншікті білдіруде кейде бірнеше формалар сөздер тіркесінде бір мезгілде де келе беруі ықтимал, ондай жағдайда меншік категориялы сөздер деп атайды. Мәселен, менің үйім сенікі, сенің үйің менікі дегенде ілік, тәуелдік жалғау және –нікі меншіктілік жұрнақты қолданып отыр. 
Тәуелдік жалғаулы сөздер зат арасындағы тек меншіктікті ғана емес табиғи байланыс қатынастарын да аңғарта алатындықтан, кейде жіктеу есімдіктері түсіріліп те айтыла береді: ұлым, әкем дегенде менікі екені онсыз да түсінікті, қажет емес.
Тәуелдік жалғау, негізінен, ілік жалғаулы сөзбен тіркесуді талап етіп, ашық түрде келуін грамматикалық тәсіл деп атайды да, ол матасу тәсіліне жатқызылады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (мәтел).
Сол сияқты тілімізде сөздер матаса байланысқанда, бейтараптылық, анықтық секілді категорияларға байланысты ілік жалғауы да түсіріліп айтыла береді: ауыл адамы, көпшілік малы, үй қабырғасы т.б. Тіпті мұндай байланысу аморфтық-синтетикалық тәсіл арқылы да жүзеге асады: қол сағат (қолдың сағаты), темір күрек (темірдің күрегі), ас қатық (астың қатығы) т.б. Сонымен қатар, тәуелді жалғаулы сөз (өздік
есімдігінен басқа) қай жақта түрғанына қарамастан баяндауышпен қиыспайды: әкем келді, әкең келді, немесе өзім келдім, өзің келдің, өзі келді.
Тәуелдік жалғау орын тәртібінде негізінен көптік жалғаудан соң басқа да жалғаулардың алдында келеді. Бірақ түрлі стильдік мақсаттарды кейде ол көптік жалғауынан бұрын, тіпті түбір мен жұрнақтың арасында да келе береді: аналарым, апа-м-дар; әкелерім, әке-м-дер; аға-м-ша, апа-м-ша т.б. 
Ал тәуелдік жалғауы тілімізде экспрессивтіэмоционалды сөз ретінде әрі түрлі стильдік мақсатта жиі қолданылатын грамматикалық категория. 
Мәселен, тәуелдік жалғауы меншіктен өзге: а) заттың қолдану мақсатын: ұйқының дәрісі; ә) ұлттық ерекшеліктер: қазақ тілі, ағылшын флоты; бүтіннің бөлшегі: ағаш жапырағы, материалдық текті: етіктің былғарысы; заттың неден жасалынғанын: бидай наны; сапалық белгі: құстың қыраны т.б.

Дәріс тақырыбы: Жалғаудың мағыналық түрлері: жіктік, септік жалғаулары


Жіктік жалғаулары
Жіктік жалғауы – қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша. Ол басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым-қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысады. Сөздерге жіктік жалғауы жалғануын сөздің жіктелуі дейміз. Жіктік жалғау — қимыл-әрекеттің, істің жақтық мағына арқылы кімге қатысты екенін білдіретін қосымша. Осымен байланысты жіктік жалғауы сөйлемде баяндауыш сөзге жалғанып, қимыл-әрекеттің, істің иесі бастауышпен оны байланыстырады. Ал баяндауыш негізінен етістіктен болатындықтан. жіктік жалғауы көбіне етістікке жалғанады, бірақ жіктік жалғауы баяндауыш болған басқа сөз таптарына да жалғана береді. Мысалы, Мен ақынмын, жалынмын, Шапшып көкке тиемін. (М.Ж.).
Жіктік жалғаулары жалғанған сөзіне жақ мағыналарын, жекешелік, көпшелік мағынаны, анайылық, сыпайылық мағыналарын үстейді, қосады. Бұл мағыналар жіктік жалғау жүйесінде әр түрлі қосымшалар арқылы беріледі. Жіктік жалғаулардың сөзді түрлеңдіру жүйесі жіктік жалғау парадигмасы деп аталады. Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып, әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып, септестіріп тұратын қосымшаларды септік жалғаулары дейміз.

Егер сөздің соңғы дыбысы дауыстыға және үнді л, р, й, у дыбыстарына аяқталса, онда -мын, -мін (жекеше), -мыз, -міз (көпше) жалғаулары жалғанады. Мысалы: Мен бала-мын, жақсы-мын, кіші-мін, тұр-мын, ұл-мын, жау-мын.


Егер сөздің соңғы дыбысы б, в, г, д дыбыстарынан басқа ұяң дыбыстарға аяқталса, онда -бын, -бін (жекеше), -быз, -біз (көпше) жалғанады. Мысалы: Мен қыз-бын, жалғыз-бын, біз қыз-быз, жалғыз-быз.
Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздарға және б, в, г, д ұяң дыбыстарына бітсе, онда -пын, -пін (жекеше), -пыз, -піз (көпше) жалғанады. Мысалы: Мен студент-пін, биолог-пын, біз студент-піз, биолог-пыз. Көптік мағынаны білдіру үшін -сың, -сің және -сыз, -сіз жіктік жалғауларынан кейін көптік жалғаулары жалғанады. Мысалы.: Сендер мұғалім-сің-дер.

Жекеше

Көпше

I. оқушы-мын, мұғалім-мін

I. оқушы(лар)-мыз, мұғалім(дер)-біз

II. оқушы-сың, мұғалім-сің
оқушы-сыз, мұғалім-сіз

II.оқушы(лар)-сыңдар, мұғалім(дер)-сіңдер оқушы(лар)-сыздар, мұғалім(дер)-сіздер

III. қушы, мұғалім

III.оқушы(лар), мұғалім(дер)




Жекеше

Көпше

I. аласа-мын, үлкен-мін

I. аласа-мыз, үлкен-біз

II. аласа-сың, үлкен-сің

II. аласа-сыңдар, үлкен-сіңдер

III. аласа-сыз, үлкен-сіз

III. аласа-сыздар, үлкен-сіздер

1-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеңіздер.


Ү л г і: Батыл қолбасшы. Жекеше: Мен батыл қолбасшы+мын, сен батыл қолбасшы+сың, сіз батыл қолбасшы+сыз, ол батыл қолбасшы. Көпше: Біз батыл қолбасшы+мыз, сендер батыл қолбасшы+сыңдар, сіздер батыл қолбасшы+сыздар, олар батыл қолбасшы.
Хан, әскербасы, саясаткер, білгір, ақылды, батыр, дарынды, басқыншы, сұлтан.

2-тапсырма. Мәтінге байланысты алынған сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдер жіктік жалғауларына негізделсін.


Қазақ ханы, ханның баласы, үш жүз басы, батыл, халық билеушісі, шайқас басшысы, сұлтанның қызы, көшпелі халық, біртуар тұлға, ел ағасы, тәуелсіз, әйгілі.

3-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен септік жалғаулы сөздерді тауып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.


Ү л г і: Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтерілді.
«Хан» - сөздің түбірі, зат есім; «ның» – ілік септігінің жалғауы; «тұс» – сөздің түбірі; «ы» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «нда» – жатыс септігінің жалғауы; «өз» – өздік есімдігі, сөздің түбірі; «і» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «нің» – ілік септігінің жалғауы; «биік» – сөздің түбірі, сын есім; «і» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «не» – барыс септігінің жалғауы.

Септік жалғаулары


Септік категориясы есім сөздерге тән. Заттар мен құбылыстар арасындағы әр түрлі қатынастар әр түрлі септік арқылы көрініс табады. Мысалы: үй+дің терезе+сі — меншіктеуші қатынас, үй+ге бара+мын — бағытты білдіреді. Басқа септіктердің бәріне негіз болып тұрған септік – атау. Сондықтан да, оны кейде негізгі септік деп атайды, ал қалғандарын жанама септіктер деп атайды. Атау септігінде дербестік бар. Ол негізінен атауыштық қызмет атқарады.Түркі тілдерінде атау септігінің өзіне тән көрсеткіші жоқ. Басқа септіктердің өзіне тән ондай жалғаулары бар. Олар міндетті түрде басқа бір сөзбен тіркесіп айтылады, жеке қолданыла алмайды. Оларда (жанама септіктерде) тиянақтық жоқ деуіміз сондықтан.
Септік жалғауы сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатысынан туатын әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін болғандықтан, оның жалғаулары да, мағыналары да әр түрлі. Ал, қазақ тілінде 7 септік бар, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағына береді. Сөзге қандай жалғаулардың жалғанғанына қарап, ол сөздің қай септікте тұрғаны ажыратылады және олардың сұрақтары әр түрлі.Зат есім мен есім сөздердің қайсысы болса да, септік жалғаулары арқылы түрлене алады. Сөздің септік жалғаулары арқылы түрленуі септік парадигмасы деп аталады.



Септік



Сұрақтар

Жалғаулар

Мысал

Атау

кiм?, не?

жалғауы жоқ)

мектеп

Ілік



кiмнiң?, ненiң?

-ның/–нің, -дың/-дің,
-тың/-тің

мектептің

Барыс

кiмге?, неге?, қайда?

-ға/-ге, -қа/-ке,
-на/-не, -а/-е

мектепке

Табыс

кiмдi?, ненi?

ды/-ді, -ты/-ті, -ны/-ні, -н

- мектепті

Жатыс

кiмде?, неде?, қайда?, қашан?

-да/-де, -та/-те, -нда/-нде

мектепте

Шығыс

кiмнен?, неден?, қайдан?

-дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен

мектептен

Көмектес

кiммен?, немен?

-мен, -бен, -пен

мектеппен

1-тапсырма. Мәтіннен жіктік және септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.


Ү л г і: Соғыс; Отан соғысы+ның. Отан соғысы+ның сүргіні басталғанда, қазақ халқы 2 миллионға жетер-жетпес болып қалды. Тарих; өзінің тарихы-нда. Қазақ халқы өзінің тарихы+нда мұндай қасіретті кезеңге тап болып көрген емес. Басшы; Ұйтқы болған басшы. Осыған ұйтқы болған басшы – халықпен ақылдасып, бәрі бірігіп, ортақ мүдденің абыройын жоғары көтерді.
ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды: Мен басшы+мын; сен басшы+сың; сіз басшы+сыз; ол басшы.
2-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестеріне 1-3 жақтарда жіктік жалғауларын жалғаңыздар. Құрылтайшы, Жошы ханның баласы, Шыңғысханның ұрпағы, негізін қалаушы, қайсар, ержүрек, жаушы, Отырар, Сығанақты бағындырушы, маңғыстаулық, қыпшақ .

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қосып жазыңыздар.


Махмұд Қашқари – түркі... тұңғыш тіл маманы, түркі тілі... оқулығы... жасаған, грамматикасы... түзеп, жалпы түркі әлемі... тіл өнері... өрісі... кеңейтіп, өркені... өсірген ғұлама. Түркология тарихы... ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдіс... қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясы... негізі... салды. Оның осы тілдер... салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілері... ортақ зерттеу тәсілі реті... өзінше бір мектеп болып қалыптасты.

4-тапсырма. Сөздерге септік жалғауларын (7 септік те қамтылуы керек) жалғап, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.


Әскер, шайқас, бөгет, қала, мешіт, тіл, мекен, сақталу, ел, халық, қыпшақтар.
Ү л г і: Шығарма; тарихи шығармалар+да. Мысалы: Оны тарихи шығарма+лар+ да Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды.

5-тапсырма. Сөйлемдерден септік жалғауларында тұрған сөздердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.


Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген Әбілқайыр билік тізгінінің басқаның қолында кеткенін көргенде ашуланып, бәрін тастап еліне кетеді. Сөйтіп олар Еділ қалмақтарын да, башқұрттарды да, сондай-ақ Жайық қазақтарын да айдап салып, Кіші жүз қазақтарының тынышын кетіре бастайды. Соның аяғы Әбілқайырдың 1730 жылы өзін Ресей империясының қол астына алуын сұрап, Петербургке елшісін жіберуіне әкеліп соғады.

Дәріс тақырыбы: Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі.


Грамматика (грек. лат.grammatike (techne) — әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу өнері, лат.gramma — әріп) —

  1. тілдің ішкі (грамматикалық) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;

  2. тілдің грамматикалық құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.

Лингвистикада грамматика деген ұғымның мағынасы өте кең. Осыған байланысты лингвистикалық әдебиеттерде грамматикаға, сайып келгенде, мән-мазмұны, түпкі төркіні бір, түрлі-түрлі анықтама беріледі.
Грамматика – тілдегі сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі сөз тіркестері ережелерінің жиынтығы; сол ережелерді сипаттайтын оқулық «грамматика» деп аталады. (С.И.Ожегов).
Грамматика – сөз формаларының жасалу, қолданылу жолдары мен сөйлемдегі сөз тіркестерінің өзгерілу заңдылықтары туралы ілім. (Н.И.Кондаков).
Грамматика – тілдің құрылысы туралы ілім; тіл білімінің сөз формаларының өзгеру жолдарын, сөз тіркесткрі формулаларын және сөйлем типтерін зерттейтін тарауы. (О.С. Ахманова).
Тілдің грамматикасы дегеніміз – тілге тән грамматикалық категориялар жиынтығы мен жүйесі. (Б.Н. Головин).
Жоғарыда келтірілген анықтама-түсініктемелерді қысқаша қорытындыласақ: грамматика – лингвитиканың үлкен бір тарауы; грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім; грамматика – тілдің негізгі коммуникативтік қызметін жүзеге асырушы амал-тәсілдер туралы ілім. Дәлдеңкірей түссек, грамматиканың негізгі объектісі – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:

  1. сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;

  2. морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;

  3. синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.

Қазір грамматика - лингвистиканың негізгі терминінің бірі, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес саласы. Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері-сол тілдің грамматикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматикалық құрылысы арқылы атқарылады.Бұдан шығатын қорытынды: грамматика-тілдің негізгі функциясын, қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-тәсілдері туралы ілім. Грамматиканың негізгі объектісі-тілдің сөзжасамдық, морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары менсол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері.
Сөзжасам- тілдегі сөздердің жасалу процесін зерттейтін грамматиканың бір саласы.
Морфология - гректің morphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Морфология- тілдің морфологиялық категориялары жөнінде ілім. Дәлірек айтсақ, морфология-белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз формалары , грамматикалық категориялардың жиынтығы мен жүйесі.
Синтаксис – гректің syntaxis (құрастыру, түзу) деген сөзінен алынған термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып сөйлеу құрылысын зерттейді. Синтаксис- сөйлеудегі негізгі единицаларды, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің объектілеріне орай синтаксис бірнеше салаға бөлінеді: сөз және оның формалары синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі. Синтаксистің негізгі нысаны-синтаксистік құрылымдар. Синтаксистік құрылым дегеніміз-бір бірімен грамматика ережелері бойынша байланысқа түскен сөздер тобы мен сөз тіркестері немесе сөйлемдер тұтастығы.
Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді топтастыратын, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бірі-бірінен жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.
Грамматикалық негізгі единицалар – морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем.
Морфема сөз құрамында қолданылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол – сөздің ары қарай бөлшектенбейтін, ең кіші мағыналық бөлшегі. Сөз – морфемалардан құралып, заттарды, құбылыстарды, іс-әрекетті, сапа-белгіні, олардың бір-біріне қатысын белгілейтін, даралық қасиетке ие болатын, басқа сөздермен сан алуан қарым-қатынасқа, байланысқа түсетін және дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын бірлік. Сөз тіркесі – кемінде екі дербес сөздің емін-еркін тіркесінен жасалып, құбылыстарды бір-бірімен байланысын, қарым-қатынасын білдіретін грамматикалық бірлік. Сөйлем – сөздерден (немесе бір сөзден) құралып, біршама аяқталған ойды білдіретін грамматикалық бірлік.
Аталған бірліктердің (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) ішінде екі жақты құбылыс ретінде қаралатын бірлік – сөз. Сөз тілдің лексикалық жүйесінің бірлігі ретінде лексикологияда қарастырылғанда, біріншіден – лексикалық мағынасы, мағыналық құрылымы (смысловая структура) жағынан, екіншіден, - шығу тегі жағынан, үшіншіден, - қолдану аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден, - экспрессивті-стильдік сипаты жағынан қарастырылады. Ал сөз тілдің грамматикалық бірлігі ретінде грамматикада қарастырылғанда, біріншіден, - оның бойында лекссикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағынаның ұштасып келуі жағынан, екіншіден, - морфологиялық құрылымы мен құрылымдық элементтері жағынан, үшіншіден, - формалары жағынан, төртіншіден, - лексика-грамматикалық топтарға (сөз табына) қатысы жағынан, бесіншіден – сөз тіркесі мен сөйлемнің құралуына қатысы және олардағықызметі жағынан қарастырылады.
Тілдегі әрбір сөздің нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздің мағынасы болса, грамматикалық мағынасы – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады.
Грамматикалық мағына сайып келгенде, сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты болады. Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан да пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл (Абай75б.)деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бірінен лексикалық мағынаны және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп тұр:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет