Күні:
Сынып: 1А сыныбы
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мен ақынмын. Дыбыс.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
Дыбыс
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
/Б.Бөрiбаев/
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Оқушыларды топтастыру: сөз, сөйлем, дыбыс, буын.
|
Шаттық шебері
Топтың атауы жазылған қима қағаздар.
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
Өткен сабаққа шолу
Әр топтың атауына сәйкес тапсырмалар беру:
1.«Сөз» тобы: сюжетті сурет бойынша бірнеше заттың атауын атайды.
2. «Сөйлем» тобы: сюжетті сурет бойынша сызба арқылы сөйлем ойлап жазады.
3. «Дыбыс» тобы: сурет бойынша сөзді дыбыс сызбаларымен жазады.
4. «Буын» тобы: сурет бойынша заттарды буынға бөледі.
-Өлең шығаратын адамды кім дейді?
-Ақын.
-Сендер де ақын болғыларың келе ме?
-Олай болса сендердің ақындықтарыңды тексеремін.
Қызықты тапсырма: өлең ұйқастарын құрау
Мысалы, -дақ, -дақ, -дақ, Бүгін жедім қуырдақ
-бақ, -бақ, -бақ
.......................
-пақ, -пақ, пақ
.......................
Оқулықпен жұмыс
№1 Суреттердің көмегімен өлеңнің ұйқасын тап.
№2 Суреттерді сызбаның көмегімен оқы.
Мнеможолдар арқылы балаларға мазмұнын айтқызу.
Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Текшемен сөйлем жазу.
|
Сюжетті суреттер, дыбыс, буын, сөйлем сызбалары.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша жазу
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Қызықты тапсырма
8 минут
|
Кім жылдам? логикалық ойын
Мұзды қала неден жасалған? (Мұздан).
Кітап неден жасалған? (қағаздан)
Орманда не көп? (ағаш).
Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы)
Сөздік ойын «Қарама – қарсы сөздер»
Мен «жоғары» десем, сен........
Мен «төбе» десем, сен.......
Мен «үлкен» десем, сен.....
Мен «алыс» десе, сен.....
Мен «биік»десем, сен.....
Мен «ауыл» десем, сен......
Мен «құрғақ» десем, сен...
|
Түрлі тапсырмалар
|
Аяқталуы
16 минут
|
Сонымен балалар, сөз дыбыстардан құралады, дыбыстарды айтамыз, естиміз
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.
-Ақын деп қандай адамды айтады?
Қорытынды: «Өз көңіл – күйіңді сал»
Рахмет айтып сіздерге, күлкімізді сыйлайық.
Көріскенше күн жақсы, аман есен болайық!
|
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
|
Кеменің суреттері
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|