Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын


ІІІ. Кірме сөздердің екінші тобы орыс тілінен ауысқан сөздер



бет11/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары
9- мамыр, Терминдер
ІІІ. Кірме сөздердің екінші тобы орыс тілінен ауысқан сөздер.
1-кезең. Екі халықтың сөз ауысуы өте ерте заманнан басталады дейді Мұсабаев, Белбаева. ХІ ғасырда жазылған М.Қашғари еңбегінде кірпіш, саман, жүлік деген сөздер кездеседі. Бірақ орыс тілінің зерттеушілері кірпіш, саман деген сөздердің орыс тіліне түркі тілдерінен ауысқанын айтады. Ал жүлік деген сөз әлі анықталған жоқ. ХҮІІ ғасырдан ХІХ ғасырдың 2-жартысына дейінгі кезең: соқа, борана, потнос, жарлы, солдат, майор, пристав т.б.
ХІХ ғасырдың 2-жартысынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезең: форма, счет, штык, интернат, болыс, поштабай, аяз, кандидат, съезд, самауыр, сатен, боз, керосин, сіріңке т.б.
2-кезең. Қазан төңкерісінен кейінгі кезең.
Кірме сөздердің фонетика-морфологиялық қалыптасуы екі категорияға бөлінеді: ауыз-екі ауысқан сөздер, кейініректе енген сөздер.
Ауызекі ауысқан сөздер сөйлеу тілі арқылы ауысты, ертерек заманда, қазақ халқының жазу мәдениеті, сауаты дамудың төменгі сатысында тұрған кезде ауысты. Сондықтан олар тіліміздің фонетика-морфологиялық заңдылықтарына бейімделіп, сыртқы формаларын өзгертеді: ғақлия – ақыл, мәктәб – мектеп, китаб – кітап, самавар – самауыр, ящик – жәшік.
Бұндай сөздердің ішкі мәнінің өзгергені де байқалады: хұкім - өкім, өкімет, үкімет; маһлумат –мағлұмат, мәлімет.
Ал екінші категорияға жататын сөздер – біріншіден кейінгі кезеңде енді, екіншіден, халықтың жазу мәдениеті қалыптасқан кезде, халқымыз жаппай сауаттана бастаған кезде енді. Сондықтан бұл сөздер өздерінің сыртқы тұлғасын сақтап қалды: совет, партия, комсомол, космос, катод, анатомия, химия, атом, нейтрон т.б.
Тіл – қоғамдық құбылыс. Сондықтан қоғам өміріндегі өзгерістер тілге тікелей әсер етеді: қоғам ілгері дамыған сайын, ғылым техника өркендеп, шаруашылық күрделенген сайын тіл дами түседі. Жаңа сөздер пайда болады, тіл молығады, байиды, кемелденеді. Ал енді бір сөздер қолданылудан шығып қалып жатады. Өйткені көнереді.
Архаизмдер – халықтың күнкөріс тіршіліген, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүние танымының өзгеруіне қарай көнеріп қолданылудан шығып қалған сөздер жатады:
а) діни ұғымға байланысты- зікір, підия, қалпе, зекет, құшыр, әулие.
б) салт-сана, әдет-ғұрыпқа байланысты: сауын айту, ас беру, ұрын бару, жарыс қазан, бесік құда, бел құда, қол кесер, барымта, өлтірі, қырық жеті т.б.
в) кейбір заттар мен құбылыстардың ескіруіне байланысты олардың аттары да көнеріп тілден шығып қалады. Ондай сөздерді көнерген сөздер дейміз. М: Садақ, жебе, адырна, кіреуке, шөншік, талыс, мор, бұзаушық, хан, ханша, бек, би, болыс, датқа, құл, күн, орда, шеру, сарбаз, барақ, байтақ т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет