күмән ,
сын ,
қисынды дәлелдеушіліктің ұстанымдары олардың шынайылығын та-
нып білудің таптырмайтын құралдары болып қала береді.
Әлбетте, адамдардың мүдделері мен мақсаттары тоқайласып жата-
тын нақты өмірде жоғарыда аталған құндылықтар толығымен жүзеге
аса бермейді. Сол себепті ғылымның нормалары мен құндылықтарына
Мертон жасаған талдау сан рет сынға ұшырады. Алайда қазіргі за-
ман ғылымының этосын әзірлей отырып, Мертонның өзектілігі аса
жоғары, бірақ қозғалыссыз жатқан адамгершілік-этикалық мәселелерге
жан бітіргенімен келіспеуге болмайды. Сондықтан да әрбір ғалымның
ғылыми этиканың жоғарыда аталып өткен құндылықтары мен норма-
ларын іс жүзіне асыруға ұмтылғаны абзал.