жаңалық болатын не айт
-
ты
? Оның ойы бойынша, әйел мен еркек арасындағы, олардың бір-
біріне
табиғи жыныстық сезімдерінен туған
сүйіспеншілік – жаңа
сүйіспеншілік дінінің
негізінде жатуға тиіс. Адам табиғаттық-
биологиялық тіршілік иесі болғандықтан, түйсіктері мен сезімдері
оны алдамайды, сондықтан адамдар арасында олардың өзара
сүйіспеншілігінен өзге, қандай да бір маңызды ештеңе жоқ. Олай болса,
адам «о дүниедегі жұмақтың» орнына, өзінің барлық мәнді күштерін
жердегі сезімдік махаббатқа бағыттауға тиіс. Бір-бірін сүйетін «Мен»
және «Сен», шын мәнінде, адамның шынайы бақыты болып табылады.
Адамның әртүрлі қажеттіліктері және адамдардың оларды
қанағаттандыру жолындағы талпыныстары адамдарды қоғамға бірігуге
жеткізеді. Егер адамдар Құдайға сенудің орнына бір-бірлеріне сенсе
және адамға Құдайға қарағандай қараса, сонда жыныстық тектеріне
қарамастан, олар ізетті және пайда ойламайтын болады, сондай-ақ
коммунизмге тура жол ашылады.
Фейербахтың ілімі марксизмнің қалыстасуына үлкен ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |