Ой
қашанда
нақты істердің
алдында жүреді. Бірақ солай болса, онда тарихтың
тағдыры корольдар мен қолбасшылардың, ғалымдар мен заңгерлердің
қолында – олардың идеялары мен есептері, жігерлі шешімдері қоғам
дамуының негізінде жатыр. Демек, олар тарих доңғалағын қалаған
жақтарына қарай бұра алады. Сонда олардың шешіміне кім ықпал
етуі мүмкін? Сол тұлғаларға жақын жүретін адамдар және, бәрінен
бұрын, әрине, «осы өмірдің мықтылары» жақсы көретін ақсүйек би-
кеш-арыстандар. Шамасы, «Cherchez la femme!» –
«әйелді іздеңдер!»
деген француз мәтелінің тамыры қоғамды осылай түсінуде жатса ке-
рек. Егер біз француз романистері – әкелі-балалы Дюмалардың «20
жыл өткен соң», «10 жыл өткен соң», «Виконт де Бражелон» деп ата-
латын шығармаларындағы тарихи тұжырымдаманы алатын болсақ,
онда қанқұмар француз корольдары немесе соларға жақын жүретін
кардиналдар Францияның тарихын жасайды, ал оларға шешуші ықпал
ететіндер – олардың сүйіктілері. Қоғамның дамуы маңызды, шешуші
дәрежеде жақсы заңдарға байланысты болады деп санайтын ұлы Мон-
тескьё де осындай көзқараста ойлайтын. Бірақ заңдар – тағы сол заң
шығарушылардың шығармашылық әрекеттерінің жемісі емес пе.
Шамасы, бұл жерде марксистердің де адамға тән
Достарыңызбен бөлісу: |