ішкі, қажетті, маңызды, қайталанба- лы және
тұрақты байланыстарын білдіреді. Ғылымның әр саласы өз
заңдарын ашуға, оларды бір-бірлерімен ұштастырып, теория деңгейіне
көтеруге тырысады.
Сөйтіп,
ғылымның негізгі мақсаты – ол, біріншіден,
жаңа білімдерді тудыру және адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында оларды іс жүзінде пайдалану, екіншіден, ғылымдардың
жетістіктерін бірбүтінге біріктіріп, соның негізінде
әлемнің ғылыми бейнесін (әғб) құру. Осы негізде адамдардың дүниетанымы қалып-
тасады. Әлбетте, ғылымның дамуына орай ӘҒБ да өзгерістерге
ұшырайды.
Ғылымға жақын
техника ұғымы (грекше – «techne») алдымен
өнерлілік, шеберлік мағынасында қолданылды. Қазіргі заманға сай
мағынасында
техника деп қоғамда қолданылатын
әртүрлі құралдар түсініледі. Ф.Энгельсті еске түсірейік: адам өзінің шығу тегі үшін
еңбек құралдарының жасалуына және олардың жүйелі түрде пайдала-
нылуына қарыздар.
Кейінгі жылдары біз «техника» сөзіне қарағанда, «техноло-
гия» сөзін көбірек қолданатын болдық. Үйреншікті сана деңгейінде
олар теңмағыналы ретінде қолданылады. Алайда олардың арасында
айырмашылықтар да бар. Егер біз
техникаға әртүрлі материалдар-
312
дан жасалған барлық құралдарды жатқызсақ, онда
технологияға бір
немесе басқа жасанды заттарды әзірлеудің