моральдық құндылықтар руханилықтың түпқазығын, өзегін құрайды. Бұл жерде біз XX ғасырдың ұлы гуманисі А.Швейцермен
толық келісеміз. Адамзаттың шынайы өрлеуі оның техникалық даму-
ында, сыртқы ортаны түрлендіріп өзгертуінде жатқан жоқ, ол адамның
ішкі өмірін тұрақты
жаңартуда, моральдық жетілуде жатыр. Оған
көз жеткізу үшін, моральды рухтың басқа көріністерімен салыстырып
көрейік.
Рухани өмірге талдау жасай келе,
батыс дәстүрі оның өзегін
адамның
танымдық мүмкіндіктерінен көреді. Рас, XX ғасырда адам-
зат микроәлем құпияларына ене отырып, ғылымда ғажап жаңалықтар
ашып, оларды өз мақсаттарына пайдалана алды. Сонымен бірге олар
«танушы адамның» «жынын қақты»,
өркөкіректігін, тәкаппарлығын басты. Неге? Себебі, әлдебір ғылыми жетістікті өмірге енгізе, олардан
әлдебір игіліктерді ала отырып, адамзат ешқандай компьютердің бо-
луы мүмкін теріс зардаптарын солар арқылы есептеп шығара алмайды.
Біздің көз алдымызда техносаланың қысымымен өзгеріп жатқан климат,
тірі табиғаттың бұзылуы осыны көрсетіп тұрған жоқ па?