409
Демографтардың болжамдары бойынша, болашақта Үндістан
халқының саны Қытай халқынан асып кетеді, ал Африка континентінде
халық саны 1,5 млрд. адамға жетуі мүмкін. Өндіргіш күштердің
жетілмеуі,
халықтың білім алу, мәдениет деңгейінің төмендігі бала
тууға шектеу қойылмайтын ескі өмір салтының сақталуына себеп бо-
лып отыр. Алайда Қытайдың бала тууды шектеудегі жиырма жылдық
табысты тәжірибесін, мүмкін, жақын жылдарда басқа да көптеген да-
мушы елдер қабылдап қалар.
Қазақстанға келсек, онда бұл жерде орасан үлкен өлкені (жер
аумағы бойынша еліміз ірі елдердің ондығына енген)
қалыпты иге-
ру үшін, халық санын көбейту мәселесі өткір болып тұр. Біздің ойы-
мызша, елдің әлеуетін нығайту шамасына қарай,
халық санының
өсуіне серпін беру үшін, үкімет демографиялық саясатқа көбірек көңіл
бөлетін болады.
Жаһандану
Достарыңызбен бөлісу: