Әбдісәмет Диана жхм-912 Тақырыптың негігі сұрақтары: Батыс елдерінің отбасы, халық санының өсуі мен тууы саласындағы әлеуметтік демографиялық саясаты Аз және көп халық



бет1/11
Дата07.02.2022
өлшемі457,57 Kb.
#91408
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әбдісәмет Д семинар9
Әбдісәмет Д(БӨЖ -9апта ) (2)

Әбдісәмет Диана ЖХМ-912
Тақырыптың негігі сұрақтары:
1.Батыс елдерінің отбасы, халық санының өсуі мен тууы саласындағы әлеуметтік демографиялық саясаты
Аз және көп халық

Өмірге келу және қайтыс болу - осы екі оқиғаның маңызына сай келер


басқа ештеңе жоқ. Әлбетте кім де болса әуелі өзінің туған күні туралы
толғанып, бақилық боларына алаңдайды. Біздің өмірімізге айналамыздағы адамдардың дүниеге келуі мен қайтыс болуы да эсер етеді.
Біз үлкен немесе шағын отбасында, үлкен немесе шағын қоғамда өмір
сүреміз бе? Өміріміз өзіміз күткендей ұзақ бола ма? Әлде өлімнің кесірінен отбасылар, қарым-қатынастар және қоғамдар ыдырап кете ме?
Бұл тарауда халық пен әлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынас жөніндегі тарихи және мәдениетаралық көзқарастарды
талдаймыз. Халық жайлы зерттеулер демография саласына тиесілі
екені белгілі, ал оны зерттеушілерді дем ограф деп атаймыз. Демографгар негізгі үш мәселеге көңіл бөледі: олар - туу, өлім және миграциялық
үлгілер. Біз осы үш мәселені, сонымен бірге қауымдастықтағы қоғамдық
қарым-қатынасқа халық санының ықпалын қарастырамыз. Әсіресе туу,
өлім және қауымдастық көлемінің әлеуметгік құрылымдарға және керісінше, әлеуметтік құрылымдардың туу, өлім және қауымдастық көлеміне ықпалын назарға аламыз.
Қазіргі кезде дүниежүзіндегі халық саны 7 миллиард шамасында.
Көрсеткіш 200 миллон шамасында артық не кем болуы мүмкін. Бүл 1950
жылғы көрсеткіштен екі жарым еседей көп. Халық санының өсуіне екі
себеп бар. Біріншіден, әрбір 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім корсеткіші соңғы кезде едәуір азайған. Нәрестелердің шетінеп кетуі сиреді, ал
ересектердің өмір жасы үзарды. Сонымен қатар әрбір 1000 әйелге шаққандағы фертильділік (бала тууга қабілеттілік) көрсеткіші өзгеріссіз
қалды деуге болады. Түрғындар санына шаққандағы туу көрсеткіші де
солай. Бір сөзбен айтқанда, туу көрсеткіші өлімнен әлдеқайда жоғарылап, жыл сайын әлемде адам саны көбейді. Адам саны көбейген сайын
миллиондаған халық кедейленіп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз
ету, білім беру қиынға соға бастады. Қоршаған орта ластанып, табиғи ресурстар сарқыла түсті.
Осы мәселелердің салдарынан миграция пайда болды: адамдар
бір географиялық орыннан екіншісіне ауысады. Тұрғындардың жайлы
қоныс табу мақсатындағы ел ішіндегі көші «ішкі миграция», ал мекенжайын мемлекеттер арасында ауыстыруы «иммиграция» терминімен
белгіленеді.
Миграция да біриеше әлеуметтік мәселелерді туындатады. Бұл - жаңадан қоныстанушыларға қатысты мәселелер. Айталық, АҚШ сияқты
кейбір мемлекеттер иммигранттарға азаматтық алу құқығын береді.
Ал енді бір елдер иммигранттардың өздерін былай қойғанда, олардың
балалары мен немерелеріне де азаматтық бермейді. Мысалға, түрік
иммигранттарының балалары қанша жерден Германияда туып-өсіп,
оқып-тәрбиеленсе де ол елдің азаматтығын ешқашан ала алмайды. Иммиграцияның осындай бірқатар салдары бар және бұл - халық өсімі мен
экономикалық дамуға ғана ықпал етпейді, азаматтығы, үлты сияқгы мәселелерден де түйткілдер шығарады.
Халық саны және халық санының өзгеруі көпгеген маңызды әлеуметтік мәселелермен байланысты. Келесі тарауда дүниежүзі халқының
қазіргі деңгейге қалай жеткені қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет