ҚОРытынДы
Міне, біз оқу құралымыздың соңғы бетін де жаптық. Өкінішке
қарай, кітап көлемінің баспа белгілеген қатаң шектері оған әлі де
айтқымыз келетін мәселелердің көпшілігін енгізуге мүмкіндік бермеді.
Өне бойы өзімізді шектеуге тура келгеніне сенуіңізге болады.
Мүмкін, ойлаған мақсаттарымыздың барлығына бірдей жете
алмаған шығармыз.
Бірақ сіздердің – болашақ ғалымдардың, жоғары оқу орындарының
оқытушыларының, ең жоғары білікті мамандардың жан-жүректерінде
ғылым тарихы мен философиясына деген қызығушылық ұшқынын
жарқ еткізе алғанымызға сенгіміз келеді. Ал сіздер таным жолында
тоқтап қалмайсыздар.
Осыған қатысты француз астрономы, математик және физик Пьер
Симон Лапластың айтқаны естеріңізде ме? Жоқ? Онда есіңізге сала-
мыз. Ол: «Біздің білетініміз – шектеулі ғана нәрсе, ал білмейтініміз –
шексіз», – деген.
Сөздің толық мағынасында білімді болу үшін, Н.Г.Чернышевскийдің
сөзі бойынша, көп нәрсе керек те емес, керегі: «Үш қасиет – жан-
жақты білім, ойлай білу дағдысы және сезімдердің ізгілігі». Егер
сіздер, оқырмандар, өздеріңіз үшін маңызды ғылыми зерттеулерге
бағыттайтын адам өркениетінің қандай да бір жаңа қабаттарын аша
алсаңыздар, біз, өз тарапымыздан, терең қанағаттану сезіміне бөленер
едік.
«Мен қолымнан келгенін істедім, кімнің қолынан келсе, енді сол
жақсырақ істесін», – деген латын тіліндегі нақыл ізденушілер мен
өнертапқыштарға, адамзат игілігі үшін техниканың дамуына үлес
қосқан адамдарға тағайындалған медальдарға ойылып жазылған.
Уақыт өте келе, сол жоғары марапаттың біздің Отанымыздың
гүлдене өркендеуі жолындағы сіздің де сіңірген еңбегіңізді көрсетіп,
жарқырауына шын жүректен тілектеспіз.
413
Достарыңызбен бөлісу: |