жаңалық енгізу үдерісі
– іргелі ғылымды, қолданбалы
зерттеулерді, жобаларды, маркетингті, өнімнің жаңа түрін саралап
өндіруді қамтитын жүйелілік немесе жаңа технология құру және
қолданудағы, сондай-ақ бұйым жасаудағы соған ұқсас жүйелілік.
идеогенез
– ғалым тұлғасының маңызды өлшем-белгілерінің бірі;
ол ғалымның оған дейін туған және айтылған ғылыми идеяларды
игеріп және бойына сіңіріп, кейіннен дамытатын, оларға жаңаша үн
мен түсінік беретін ерекше қасиеттерін сипаттайды. «Идеогенез» са-
наты ғылымда мүлдем жаңа, оның алдындағы баламаларсыз идеялар
болмайтын жағдайды баса көрсетеді.
идеографиялық
әдіс – бұл гуманитарлық білімдердің (неокантиан-
дықтар, негізінен, тарихты айтады) әдісі; оның міндеті – жеке-дара
құбылыстардағы маңызды қасиеттерді сипаттау (сондықтан ол «да-
ралау әдісі» деп те аталады). Маңыздыны сипаттау «құндылықтарға
жатқызу» жолымен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |