ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


когнитивтік (ғылымға қатысты) әлеуметтану



Pdf көрінісі
бет624/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   620   621   622   623   624   625   626   627   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

когнитивтік (ғылымға қатысты) әлеуметтану
– XX ғасырдың 70 
жылдары пайда болған ғылым философиясы мен әлеуметтануындағы 
бағыт. Оның өкілдерінің ойынша, ғылымның жұмыс істеуі мен 
серпінінің балама үлгісі әлеуметтік-мәдени факторлардың: ғылыми 
мәселелер (бағыттар) мен олардың шешілу қарқынына (барын-
ша қолайлы қаржылық, материалдық және ұйымдастырушылық 


419
жағдайлар туғызу есебінен) ғана емес, сонымен бірге оларды шешу 
тәсілдеріне, нәтижелеріне де (ақыр соңында, ғылыми теориялардың 
мазмұнына да) елеулі ықпалын есепке алуға тиіс.
конвенционализм
– конвенциялардың ғылыми танымдағы рөлін 
дараландырушы әдістемелік тұжырымдама. Бұл тұжырымдамаға 
сәйкес, ғылыми ұғымдар мен теориялар объективтік шындықты 
білдірмейді, ғалымдардың келісуінің нәтижесі, шартты, ерікті белгі-
ленген ережелер болып табылады.
коэволюция
– адамзат қоғамы мен биосаланың дамуын бөлек 
қараудан «биосала – адамзат қоғамы» дейтін біртұтас жүйе дамуының 
жалпы теориясына көшу керек деп санайтын қазіргі заманғы ғылым 
философиясы тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама өкілдерінің 
(Н.Моисеев және басқалары) ойынша, осы жолмен ғана осы заманның 
адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелерінің оңтайлы шешімін 
ұсынып қана қоймай, сонымен қатар адамзаттың болашақтағы өмірін 
сақтауды да қамтамасыз етуге болады.
Қоғам
– жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, иерархиялық реттел-
ген әлеуметтік жүйе. Оның тұтастай өзінің және қосымша жүйелерінің 
қайта құрылуы және өмір сүруі белгілі бір қағидалар және инсти-
туттар (экономикалық, моральдық, құқықтық, саяси және басқадай) 
арқылы реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   620   621   622   623   624   625   626   627   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет