ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет97/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

клавдий птоломей 
(б.з. 100-175 жылдары шамасы) болды. Ол әлемнің аристотельдік 
суретінің 
әлемнің ғылыми суретіне
айналуын аяқтап шықты. Өз 
тұжырымдамасын ол көбінесе «Альмагест» деген арабтандырылған 
атауымен таныс болған «Мегале синтаксис» («Ұлы құрылыс») деген 
трактатында баяндаған. Ұзақ бір жарым ғасырға созылған әлемнің бұл 
суретінің (оны, әрине, Аристотель-Птоломейдің әлемді философиялық-


66
ғылыми суреттеуі деп атау дұрысырақ болар еді) келесі ғылымдар, 
философия, дін үшін талассыз болғаны анық.
Қазіргі заманғы американдық ғалым Роберт Р.Ньютонның «Клавдий 
Птоломейдің қылмыстары» (орыс тілінде 1985 жылы шықты) деген мо-
нографиясына соқпай өтуге болмайды. «Синтаксисті» егжей-тегжейлі 
талдап алып, ол Птоломей негіздеген барлық бақылаулардың жалған 
екендігі туралы қорытындыға келеді. Өзге астрономдарға телініп 
жүрген басқа да көптеген бақылаулар өтірік болып шығады. Автордың 
пікірінше, жазылған кез келген басқа жұмыстарға қарағанда, «Синтак-
сис» астрономияға артық зиян келтірген, өйткені қағидаландырылған 
бұл «теория» геоцентризмді жеңу жолындағы ең бір қуатты тежегіш 
болды, ол Коперниктің гелиоорталық жүйесін әзірлеуін қиындатты.
Бірақ, бір қызығы, Птоломей «Төрткітап» деген кітап жазып, онда 
жалған ғылымды (астрологияны) жүйеге келтірген. Сол уақытта оның 
орасан зор маңызы болды, ал бүгінгі күні де оны көпшілік адамдар 
қорғауға бейім, ал астрологтарды алсақ, олар – ғалымдар тарапынан 
қатаң сынға ұшырағанына қарамастан, ең бір танымал тұлғалар.
Сөз жоқ, біздің заманымыз тұрғысынан алғанда, Птоломей 
мұрасының көпшілігі ақылға қонымсыз көрінеді, бірақ бұл, біздің 
көзқарасымыз бойынша, оның ғылым үшін істегендерін, әсіресе 
оның тәжірибелік әдістерін және Қайта өрлеу дәуірі мен кейінгі 
дәуірлердің тәжірибелік ғылымы үшін үлгі болған деректерді кестелеп 
ұйымдастыруын ешбір кемсіте алмайды. Ғалымның беделі 14 ғасыр 
бойы дау тудырған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет