2.2. патристика. а.августиннің философиясы
Орта ғасырлардың христиандық философиясын екі кезеңге:
патристикаға
және
схоластикаға
бөлу қалыптасқан.
Алғашқы кезеңде христиан ілімінің негізгі қағидаларының
шынайылығын философиялық деңгейде негіздеуге тырысқан «христи-
ан шіркеуінің әкелері» (pater – лат. – әке) әрекет еткен. Патристикада
Құдай идеясы, бір жағынан, даусыз игілік, әділеттілік, құдіреттілік деп
қаралса, екінші жағынан, оны танып білудің мүмкін еместігіне сендіру
орын алады, өйткені ол осы болмыстан тыс тұр. Бұл әлем жаратылған,
сол себепті ол өзінің Жаратушысынан жоғары бола алмайды. Бойын
тәкаппарлық билеген антикалық адам осылай орнына қойылады.
Патристиканың терең тамырлары мистикаға кетеді. Әлемді
«ештеңеден» (лат. – ex nigilo) жарату туралы христиандық идея,
Құдайдың үштігі және басқалары үйреншікті сананың түсініктері
шектерінен ғана емес, теориялық ойлау шектерінен де шығып кетеді.
Патристиканың жарқын да ірі өкілі, кейіннен католиктер шіркеуі
«Ізгілікті» деп атап кеткен
Достарыңызбен бөлісу: |