10
түсініктерді шет қалдыра алмаймыз. Мақсат – ғалымның зерттелетін
нысанның маңызды жаңа жақтарын ашып көрсетуге бағытталған зерт-
теу
бағдарламасы, ал құралдар – белгіленген мақсаттарға жету үшін
пайдаланылатын бір немесе басқа әдістер,
ғалымдарды бір-бірімен
байланыстырып тұратын ақпараттық жүйелер, барлық мүмкін бола-
тын құрал-жабдықтар мен аспаптар, тұрақжайлар,
баспа мекемелері
және т.б. Адам қанша дарынды болса да,
өзінің алдына зерттеудің
қандай да бір үлкен мақсаттарын қойса да, егер зерттеу үшін барлық
қажетті құрал-жабдықтар мен аспаптармен жабдықталған зертхана
болмаса, ол өнімді жұмыс жүргізе алмайды, демек,
алдына қойған
мақсаттарына жете алмайды. Міне, сондықтан да кейінгі жылдары
ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізу мақсатында жоғары оқу
орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің зертханаларын әртүрлі
құрал-жабдықтармен жабдықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда
еліміздің ірі қалаларында талантты
жас мамандар тарту мақсатын
көздейтін әртүрлі «инкубаторлар», «технопарктер» құрылды.
Адамның ғылыми таным саласындағы белсенді іздестіру қызметі,
әлбетте, қандай да бір
нәтижелерге
жеткізеді. Бұл зерттелетін нысан
туралы
Достарыңызбен бөлісу: