табиғат пен қоғамның
өзара қарым-қатынастары мәселелерін де
алғашқылардың бірі болып Ибн-Хальдун қойған. Адамдар бір-бірімен
азық тауып жеу қажеттілігіне бола бірігеді, өйткені онсыз өмір жоқ.
Адамдарды бірігуге келтіретін екінші фактор – ол жабайы жан-
жануарлардан, тіпті адамдардың өздерінен де қорғану қажеттігі.
Сөйтіп, адамдардың табиғаттан шыққанына қарамастан, олар, қалай
болғанда да,
әлеуметтілік
деңгейіне дейін көтеріледі. Бірақ Табиғат
туындысы болғаннан кейін, адам оның ықпалынан толықтай шығып
кете алмайды.
Табиғат қоғамға бәрінен бұрын өзінің климаты (ықылым) арқылы
ықпал етеді. Ол жер бетіндегі климатты жеті белдеуге: ең суық
аймақтар (7-6-белдеу), ең ыстық (1-2-белдеу), қалыпты (4-белдеу), ау-
ыспалы (3 және 5-белдеу) ажыратып бөледі. Ең суық және ең ыстық
аймақтардағы адамдар қызба мінезді, ұшқалақ болып келеді, өйткені
олар қиын жағдайларда өмір сүреді. Тіпті олардың дене құрылысы
мен бет әлпеттері де соны айтып тұрады. Африкалықтар денелерінің
қара түсі, ал солтүстіктегілердің бозғылдығын ол осы факторлармен
түсіндіреді. Табиғат адам жанының толғаныстарына, мінез-құлқына,
ал жейтін тағамдары дене құрылысына әсер етеді. Бүгінгі күні ондай
ой-пікір
Достарыңызбен бөлісу: |