ибн-
әл-Шатыр
XIV ғасырда, Коперникке дейін-ақ, Птолемей жүйесіне
елеулі өзгерістер енгізіп, оны математикалық тұрғыда кейінірек пайда
болған Коперник жүйесіне парапар болатындай етіп дамытты.
Орта ғасырлардың мұсылмандық философиясы мен ғылымы тура-
лы әңгімемізді аяқтай келе, тағы бір ірі құбылыс туралы айтқанымыз
дұрыс болар. Ол – ортағасырлық рухани дүние бейнесін көрсететін
«Таза бауырластар трактатының» жарыққа шығуы. «Таза бауырластар»
немесе «Тазалық пен шынайылық бауырластары» – ол X ғасырдың:
Ирак, Иран, Әзірбайжан, Орта Азия елдері мен Сібір ойшылдары ен-
ген философтар тобы. Олар дін, философия және жаратылыстану
ғылымдары туралы елу бір жасырын «жолдау» құрап, мұсылмандық
метафизика аясына антика дәуірінің ғалымдары мен ойшылдарының:
аристотелизм және неоплатонизм, эманация тұжырымдамасы, Пто-
лемей космологиясы, Гиппократтың медициналық ілімі идеяларын
енгізген.
Сонымен, қорытындылайық. Бұны белгілі американдық
шығыстанушы Франц Раузенталдың: «Сөз жоқ, «білімдерге» қатысты
табандылық ортағасырлық мұсылмандық өркениетті ғалымдық және
ғылым мағынасында айтарлықтай өнімді етті, соның нәтижесінде
адамзат тарихына берік үлес қосты», – деген сөздерімен аяқтағанымыз
дұрыс сияқты (Раузентал Франц. Торжество знания. Концепция знания
в средневековом исламе. – М.: Наука, 1978. – 330-бет).
Жинақтай келе, ортағасырлық философия – бұл антикалық
философияның тірі жалғасы, грек көкжиегінен өзіндік көтерілу, қол
жеткен жетістіктерді қайтадан бағалау және Қайта өрлеу дәуірі фило-
софиясына дайындық деп, тағы бір рет атап өткіміз келеді.
|