басқару ісінде болашақ теңсіздіктің ұрығы
жасырынған.
Басқарушы барлықтарын да өз еркіне бағындыруға, ал көнбегендерді
жазалауға тиіс. Ал бұл ру-тайпа мүшелерінің көсемге тәуелді
болуының күннен-күнге арта түсуіне әкеп соқтырады. Бастапқыда
көсемнің жанында тең дәрежеде болғандар енді оның еркіне бағынуға
мәжбүр. Билікке қолы жеткен билеуші енді ешқашанда одан бас тарт-
пайды, керісінше, бар күшін салып, оны нығайтуға ұмтылады.
Билікпен бірге көсем басқа да артықшылықтар иеленеді, бұл,
ақыр соңында, мүліктің (жеке меншіктің) қалыптасуына, сондай-
ақ теңсіздіктің пайда болуына жеткізеді. Бұл жерде «мүлік» сөзінің
«билік» деген басқа бір мағынасына назар аударған жөн. Қазақ тілінде
«бай» – дәулетті, ал «би» – билеуші дегенді білдірсе, орыс тіліндегі
«власть» және «владеть» сөздері бір түбірден шыққан.
Тайпа ішіндегі теңсіздіктің пайда болуы басқа тайпаларды күшпен
басып алу немесе қорқыту арқылы оларды «өз еркімен» бағынышты
болуға келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |