ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


өздігінен жетілген емес, тек нысан, зат, кедергі



Pdf көрінісі
бет292/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

өздігінен жетілген емес, тек нысан, зат, кедергі. 
Ал 
«МЕН еместің» екінші бөлігі – санасы бар адамдар – 
өзгеше белсенді. 
Табиғаттың кедергісіне төтеп беріп, «табиғилықтың қабығын» арши 
отырып, адам оны игеру нәтижесінде өзін жетілдіре түсіп, үлкен 
«МЕНге» жақындайды. Осы тұрғыдан алғанда, адамзаттың бар 
әлемдік тарихы – ол Әлемдік рух – үлкен «МЕНге» үздіксіз жақындай 
беру болып табылады. Егер олардың қосылуы орын алса, онда бар 
әлемдік тарих аяқталған болар еді.
Кант бастаған болмыс метафизикасынан еркіндік метафизикасы-
на бұрылуды Фихте қорытындылайды. Ойшылдың пікірінше, сана-
сезімнің мәні – еркіндік және бар жүйені басынан аяғына дейін ол 
еркіндік түсінігіне талдау жасау деп қарайды.
«Алайда сын садағы XVII ғасыр рационализмінің алыпсатарлық ру-
хына қарсы бағытталған Канттың трансценденталдық философиясы-
нан айырмашылығы, – деп атап көрсетіледі «Жаңа философиялық эн-
циклопедияда», – Фихте идеализмнің жаңа формасын – алыпсатарлық 
трансцендентализмді құрды» (Жаңа философиялық энциклопедия. 
4-том. М.: Мысль. 252-бет). 
Фихте іс жүзіндегі, яғни 
практикалық философияны
уағыздады. 
Ол қатаң ғылыми болуға және барлық жеке ғылымдар үшін іргетас 
қызметін атқаруға, ғылымды жалпылай маңызды нақты білім деп 
негіздеуге, «ғылым туралы ғылымға», яғни ғылым іліміне айналуға 
тиіс.


192
Тарихқа субъективтік идеалист ретінде енгенмен, Фихте «идеа-
лизм» деген сөзді қолданбайтын, ал өзінің жүйесін 
сыншылдық
(крити-
цизм) деп атағанды жөн көретін.
Оның этикасы еркіндік түсінігіне негізделген. Адамның 
адамгершілік парызы, ойшылдың пікірінше, өзінің белсенділігінің 
көмегімен еркін болуға, оның үстіне, басқалардың еркіндігін де 
құрметтеуге тиіс. Оның әлеуметтік мемлекет және құқық мәселелеріне 
деген көзқарасы да осыдан келіп шығады.
Фихтенің пікірінше, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет