адамзат белсенділігінің философиясын
құруына осы се-
беп болды. Егер Кант адамның танымдағы белсенділігін негіздесе, ал
Фихте, бәрінен бұрын, қоғамдық-саяси белсенділікті талап етеді. Неміс
халқына қаратып, ол:
«әрекет ет, әрекет ет, тағы да әрекет ет!»
деген
ұран ұсынады. Біздің білетініміздей, Ленин өз ойының желісі бойын-
ша Фихтеге жақын болған және ол Ресейдегі революцияның жеңісі-
нен кейін:
«Оқы, оқы және оқы!»
деген ұран жариялаған. Біздің ойы-
мызша, бұл ұрандар бүгінгі күні де маңыздылығын жойған жоқ.
Адамның белсенділігі, Фихтенің пікірінше, өзінің терең тамыр-
ларымен Әлемнің негізін құрайтын әлеуетті рухани күшке барып
тіреледі. Олай болса, оны табу керек.
Фихтеше, ондай бастау – шексіз-шекарасыз, таза, азат, өмірлік күш-
қуаты мол, рухтың өз-өзін танып білуіне бағыт ұстаған – «МЕН».
«МЕН», – деп жазады Фихте, – өз ойларында таза «МЕН» дегенге
сүйеніп, ол туралы зат арқылы анықталған емес, заттарды анықтайтын
мүлдем дербес нәрсе деп ойлауға тиіс». Демек, рух өзінен материалдық
дүниені тудыра алады.
Бірақ ол қалай орындалады?
1. Басында күші мығым «
Достарыңызбен бөлісу: |