204
ғасырдың бірінші жартысында
германияның
содан кейінгі қасіретті
дамуына да ықпал етті. Оның: «Барлық ақылға қонымды нәрселер –
шынайы, ал шынайылардың бәрі – ақылға қонымды» деген тезисі
кейіннен әртүрлі озбырлық режимдерді
ақтау
үшін қолданылатын «ай-
ырбас мәнетіне» айналды. Шамасы, ұлы адамдардың да «қателесуге
құқы» бар болғаны ғой.
Гегельдің өлімінен кейін оның ізбасарлары мен шәкірттері тез арада
екі партия құрды. Француз парламентарийлерінің лексикасын пайдала-
нып, неміс теологы және солшыл жас гегельшілердің бірі
Д.Ф.Штраус
(1808-1874) гегельшілерді
оңшылдар
және
солшылдар
деп атады.
Оңшылдарға сәйкес, Пруссия мемлекеті Рух рационализмін ба-
рынша жүзеге асырушы болды. Солшылдар диалектика атынан сол
уақытта болған барлық мемлекеттердің өмір сүруге деген құқын
теріске шығарды.
Сондай-ақ, діни қарама-қайшылықтар да орын алды. Еске түсірсек,
Гегель философия мен діннің: яғни философия – ұғымдар түрінде
білдіретін, ал дін көріністер түрінде беретін сәйкестігін дәлелдеді.
Оң
және
сол
гегельшілдіктің қарама-қарсылығы нақ осыдан пайда бол-
ды. Христиандықтың гегельдік философиямен үйлесімдігін дәлелдеу
мүмкін бе? Оңшылдар сенімді түрде: «Иә», – деп жауап қатты. Ал
солшылдар Құдай жолдауларын тікелей адамдық өлшемдерге сайып,
қатаң қарсы болды.
Достарыңызбен бөлісу: