«біз әртүрлі тілдерде сөйлеп тұрмыз» , – дейміз.
Алайда, егер пайдаланылатын ұғымдардың орнықтылығын да-
ралайтын болсақ, олар өзінің қарама-қайшылығына айналып, бізді
схоластикалық теориялауға келтіреді. Гегельдің ойынша, бұл бос
мылжыңдықты, зерттелетін заттарға үстірт қарауды тудырады. Мы-
салы, кісі өлтірген адамды жазаға тартуға әкеле жатқанда, алаңға
жиналған адамдар оны қылмыскер ретінде қабылдайды, кейбіреулері
базарда айтылатын боғауыз сөздермен балағаттап, тас лақтырады. Ал
біреу сонда: «Ол неткен жас, сымбатты, ержүрек еді!» – дейді өкініш
пен аяныш аралас сезіммен. Сол кезде жұрт: «Қалайша?! Қылмыскер
сымбатты бола ала ма? О, бұл не заман, не ғұрып! Сіз, сірә, анадан
оншалықты ұзап кетпеген боларсыз...» – деп, жаңағы сөзді айтқан
адамға тап береді. Гегель бұдан дерексіз ойлаудың үлгісін көре білді,
203
өйткені жұрт сотталған адамның басқа да мүмкін болатын қасиеттері
туралы білместен, оған тек қылмыскер деп қарайды. Бұл жағдайға
Г.Гегель