маңызды
сипаттамасы деп Фейербах оның
сезімділігін
санайды. Болмыс пен ойлаудың гегельдік теңбе-теңдігіне ол болмыс
пен сезімділіктің теңбе-теңдігін қарсы қояды. Біздің санамыздан тыс
өмір сүретін материалдық әлемді ол «сезімдік болмыс» деп атайды. Ол
табиғаттың «өз бетінше» өмір сүретін денелері мен құбылыстарына
оншалықты назар аудара қоймайды, оның назары адамның
сезімдеріне әсер ететін, тиісінше, солармен байланысты денелер мен
құбылыстарға бағытталған. Адамның денелілігін (денесі болуын) ол
сезімділік арқылы түсінеді. Адамға тән түйсіктер мен сезімдер – оның
денелілігінің дәлелі. Нәтижесінде, ол «МЕН» – ол сезімді тіршілік иесі,
олай болса, адамның денелілігі толығымен оның мәндік анықтамасына
кіруге тиіс. Егер Табиғат өзінің меншікті болмысынан өзін ажырата
алмаса, онда адам – өзін ерекшелей алатын тіршілік иесі болып табы-
лады.
Адамды осылай түсінуден қандай гносеологиялық (танымдық)
қорытынды жасауға болады? Фейербах бойынша, қоршаған дүниені
танып білу заттарды сезу, қабылдау және пайымдап қарау арқылы іске
асады. Адамның басқадай мүмкіндігі, тіпті, жоқ. Демек,
Достарыңызбен бөлісу: |