тірі пайым арқылы анықталатын және бағытталатын
ойлау ғана
шынайы бо-
лып табылады. Егер біздің ойлау қабілетіміз сезімдік пайымдаудан
алыс кетсе, онда ол өз шектерінен асуға бата алмай, шындықтан да
алшақтайды.
Ойшылдың пікірінше, адамның сезімділігінің ең бір тамаша
қыры –
сүйіспеншілік болып табылады.
«сүйіспеншілік жоқ жерде шындық та жоқ», «сүйіспеншілік – біздерге тәуелді болмай өмір сүретін заттардың онтологиялық дәлелі». Философтың бұл ойын
субъективтік-идеалистік мағынада түсінуге болмайды. Бұл жерде ол
адам өзі мұқтаж заттарға, өзі үшін өмірлік маңызы бар құбылыстарға
208
енжар қарай алмайды деген ойды жеткізбек болған. Адам оларды
жақсы көреді, игеруге, иеленуге талпынады
және осы сәтте олардың