ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет375/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы
123, Вакцина жасау эссе Абидинов Жаннур 235-Б, pr excel 1, Задачи на измерение количества информации, СБОРНИК ТЕСТОВ АНГЛИЙКИЙ ЯЗЫК АҒЫЛШЫН ТІЛІ, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 900 тест воп
«Болмыстан» «қалыптасуға» бұрылу.
Егер классикалық 
ғылым заттар мен құбылыстардың өзгергіштігінен сапасы жағынан 
өзгермейтін, орнықты нәрсені көруге тырысса, ал қазіргі заманғы 
ғылым жаңа құрылымдардың пайда болуын, ескілерінің жоғалуын 
зерттей отырып, әлемді уақытта мәңгі қалыптасып жататын және 
күрделене беретін оқиға ретінде қарайды. Сөйтіп, жаңа эволюциялық 
ғылым пайда болады.
Әлбетте, ерте замандарда-ақ ұлы ойшылдар әлемнің мәңгі 
қалыптасуда болатынын байқаған, заттар мен денелер қарама-
қайшылықтардан өзара өту арқылы өмір сүреді (Лао-Цзы), барлығы 
ағып өтеді, бәрі өзгереді (Гераклит) және т.б. Жаңа заманда қалыптасу 
санатына Гегель көп көңіл бөлді. Алайда классикалық ғылымның 
қалыптасуы барысында тікелей қарама-қарсы бағыттар (интенция) 
пайда болды. Табиғатты зерттеуде энергияны сақтау заңына сәйкес
заттардың аққыштық қасиетінен ғалымдар қаншалықты өзгеріс бол-
са да, өзінің негізіне қайтып оралатын әлдебір тұрақты, кезеңдік, 
бірқалыпты қасиетті табуға әрекеттенді.
Бұндай дүниетанымдық көзқарасқа XIX ғасырда өзінің эволюциялық 
теориясымен Ч.Дарвин, қоғамдық-экономикалық құрылымдар тура-
лы ілімімен К.Маркс мықты соққы берді. XX ғасырда эволюциялық 
химия, ал астрофизикада «Үлкен жарылыс» теориясы пайда болды. 
Сөйтіп, осы жетістіктер нәтижесінде ғылымда ғаламдық даму теория-
сы өмірге келді.

Эвристика – теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жүйесі. 


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет