математи - ка – астрономия – физика – химия – биология – әлеуметтану дейтін сараптамасын (бөлінуін) іске асырады. Осы жіктемеге сәйкес,
әлеуметтану биология жетістіктеріне сүйенгенмен, бірақ қоғамдағы
адамдардың өзара іс-әрекеттеріне байланысты жаңа заңдылықтарды
табады. Әлеуметтанудың негізгі мақсаты – қоғамның ұйымшылдығы
мен жаңа-жаңа сатыларға көтерілуін бір-бірімен ұштастыру. Ал ол
үшін адамзаттың
жаңа біртұтас діні керек, өйткені ескі діндер бір-
бірлерімен қарама-қайшылықтарға келіп, адамзатты бөлшектеп,
алауыздық тудырады. Ол, Конттың пікірінше,
адамзаттың тегінде
жатқан ақсүйектер діні болуға тиіс. Сондықтан ол адамдарды құдай-
ларға емес, адамзаттың өзіне табынуға шақырады.
О.Конттың замандастары оның соңғы идеясына теріс қарағанмен,
ол бүгінгі күні де өзекті, өйткені қазіргі заманның адамзаты мағыналы
өмір бағдары дағдарысын бастан кешу үстінде. Бірде-бір әлемдік дін
қазіргі заманғы адамзатты толықтай қанағаттандыра алмайды. Осы
кездегі діндердің жақсы жақтарын топтастыра алатын біртұтас жаңа
Әлемдік дінді іздеу жүріп жатыр.
Конттың ойынша, оң білім – ол «іс жүзінде бар», «шын мәнінде
бар» дегендердің барлығының білімі. Сондықтан оң білім – ол «шын
мәнінде бар нәрсе туралы білім», құбылыс ретінде «біз үшін» бар,
қандай да бір «метафизикалық болжамдарсыз», басқаша айтқанда,
«өзіндік заттар», «дара түпнегіз» немесе «дара субъект» сияқты сурет-
телуге тиіс білім.
Конттың пікірінше, шынайы «оң» білім сезімдік қабылдауларға
байланысты қашанда салыстырмалы, өйткені қабылдау үдерісінің
өзі – ол құбылыстардың уақытша үйлесімі және олардың кеңістіктегі
бағытынан басқа ештеңе де емес. Осыдан келіп болмыс фактілердің
жиынтығы ретінде «имманенттік» (ішкі түйсікке тән) түрде берілген
деген қорытынды шығады. Бұндай ұстаным трансценденттікке,
яғни әлемнен тыс жатқан құбылыстарға жету мүмкіндігіне сенетін
метафизикаға қарсы бағытталған.
Ғылымдағы жаңадан ашылған жаңалықтар (бәрінен бұрын физи-
ка мен психологиядағы) классикалық позитивизм негіздемелерінің
дағдарысын тудырды. Ал соның нәтижесінде оның жаңарған формасы
–