8.6. Феноменология және оның екі тармағы Феноменология (гр. phenomenon – құбылыс) – ол оқиғалар мен іс-
әрекеттерді сол қалпында суреттеуге ұмтылатын философиялық мек-
теп. Оның өткір сыны нақты деп жаратылыстану ғылымдары сипаттап
бергенді ғана қабылдау үрдісіне қарсы бағытталған. Феноменология біз
пайдаланатын күнделікті заттарды олар алдымызда қалай тұрса, солай
етіп сипаттауға тырысады (мысалы, қарындаш атомдардың жиынтығы
ретінде емес, өзінің тікелей қолданылу қызметіне қарай сипатталады).
Феноменология ғылыми онтологияға негізделген, яғни жараты-
лыстану ғылымдарының түсінігі ғана заттарды қалай болып табыла-
тынына қарай қамтитын теорияға сәйкес бірмөлшерлі стандарттауға
қарсы тұрады. Ал іс жүзінде бұл тіпті де олай емес.
Феноменология құбылыстарды, яғни күнделікті тіршілікке қажетті
заттарды ғана емес, сонымен қатар адамдардың әртүрлі жағдайларда
қалай көрінгісі келетін ниеттерін де суреттейді: оның Ғаламды оған
тән барлық сапа-қасиеттерімен бірге толық және әр қырынан қайта
құрғысы келеді.
Осы заман феноменологиясы, қалай болғанда да, соның негізгі
ұстаным-дарын әзірлеген неміс философы және математигі