іс жүзіндегі мүдделілігіміз шындықты құрайды. Егер
өмір тәжірибесінен, танымнан алған
білімдеріміз бізге
пайда әкелсе,
белгілі бір оң
нәтижелерге жеткізсе, ақыр соңында,
табысымызды қамтамасыз етсе, онда оларды
шынайы деп айтуға әбден болады. Осы
мағынасында философияның және тұтастай алғанда бар ғылымның
міндеті – адамдардың өмір сүру жағдайларын, бұл өмірдегі болмысын
жақсарту.
Адамның әртүрлі заттарды танып білуі – ол белгілі бір өмірлік
маңызы бар мәселелерді шешу барысында қиындық көрген кезде орын
алады. Адамның оларды ұтымды шешу құралдарын, жолдарын іздеуі
осыдан басталады.
неокантиандық Германияда пайда болып, философияны Кантқа
қарай бағыттау үрдісі спорадистік (гр. – sporadikos – шашыраңқы,
ішінара) сипатта болғанмен, XIX ғасырдың бірінші жартысында-ақ
оқтын-оқтын өзін көрсетіп қалып отырды, ал Еуропаға кең таралуы
1870 және 1920 жылдар аралығында орын алды.
Бірақ шоғырланған түрінде бұл теория О.Либманның «Кант
және эпигондар» (1865) деп аталатын еңбегінде баяндалды. Оның
қайырмасы: