261
мәдениетке өтуді зерттеу деп санайды. Аутентистік (гр. – authenticos –
шынайы, бастапқы көзден шығатын) структурализм философиясының
сипаттамасын «трансценденттік субъектісіз кантиандық» (
Кант ілімі
туралы сөз болып отыр. – Аудармашы
) ретінде қабылдай отырып, ол
өз тұжырымдамасында субъектінің болмауы фактісінен құрылымдық
антропологияға нысанға айналған ойлаудың нақтылығына тікелей қол
жеткізуге мүмкіндік беретін артықшылық көреді.
Леви-Строс
шығармашылығында
структурализмге
батыл
жатқызуға болатын ерекшеліктер айқын көрінеді. Олар:
– «тарихқа» қарсы қойылған структурализмге сүйену;
– субъектіге қарсы қойылған тілге сүйену;
– санаға қарсы қойылған санадан тыс әрекетке сүйену.
Структурализмнің тағы бір маңызды ерекшелігін айту керек: ол –
тәртіптілік арасы. Оның үрдістері халықаралық болды, бірақ олар әр
жолы әртүрлі жағдайларда іске асырылды.
Барлық философ-структуралистер немесе соларға жақын болғандар
қоғамның: тіл білімі,
психология, тарих, этнография секілді аса
күрделі құбылыстарында әртүрлі өзгерістер жағдайында өзгермей,
сол қалпында қалатын (инварианттық) құрылымдарды тапты. Алайда
құрылымның кейбір элементтерінің орнын ауыстырып қою арқылы
олар
нысанның кейбір жаңаланған, түрлері өзгерген формаларын алуға
тырысты. Сөйтіп, бір топқа жататын заттардың әлдебір жиынтығының
құрылымдық айырмашылықтарын зерттей келе, құрылымның
солардың негізінде жатқан дерексіз инвариантына жетуге болады. Мы-
салы, әлем халықтарының әртүрлі тілдерінде
біртұрпатты қайсыбір
құрылымдардың бар екені анықталды, олар да адамдардың ойлауын-
да «қалыпты» және «қалыптан тыс» күйінде ашылған; бір-бірлерінен
континент, теңіздер және басқалары арқылы алшақ жатқан түрлі-түрлі
халықтардың мифтерінде біртұрпатты құрылымдар табылған.
Достарыңызбен бөлісу: