262
құрайтынның бәрі болып шығады», – деп жазды. Пирс кейбір «базис-
ке» немесе «негізге», – ол танылатын субъектіні сезу және қабылдау
немесе ақыл-парасаттың априорлық (тәжірибеге дейінгі) құрылымдары
болса да, – келтірілуі мүмкін білім қағидасын қабылдамайды. «Фунда-
ментализмге» балама деп Пирс мынадай: нысан туралы түсінікке осы
нысанмен орындалатын әрекеттерден
шығатын нақты зардаптардың
барлығын қарау арқылы қол жеткізуге болады дейтін ұстанымды са-
найды (Пирс қағидасы). Ал терминнің мағынасы – осы термин
қисынды
бастауыш
болып табылатын барлық сөйлемдерді (айтылғандарды) іс
жүзінде тексеру шарттарының жиынтығы. Ондай айтылған ойлардың
көпшілігі шын мәнінде шексіз болғандықтан, мағынасы толық емес,
ішінара ғана айқындалуы мүмкін, ал нысан
туралы біздің біліміміз
қашанда аяқталмаған және терістелген, болжамға құрылған болып
келеді. Бұл күнделікті білімге және жаратылыстану білімдеріне ғана
емес, сонымен қатар жалпыға бірдейлігі қарсы мысалдармен терістелуі
мүмкін математикалық және логикалық ой-пікірлерге де қатысты бо-
лып табылады.
Пирс
ұсынған
мағына теориясы «прагматикалық»
(қажетті мүд-
делерді көздейтін) деген ат иеленді. «Прагматизм» деген терминнің
өзін де Пирс алғаш рет жоғарыда аталған мақаласында қолданды.
Жалпы, бұл ғалымның қаншалықты жан-жақты болғанын оның
ғылыми мүдделері мен соның нәтижелері дәлелдейді. Ол ғылымдағы
бірнеше бағыттың негізін қалаушы: математикалық логиканы, семио-
тиканы (белгілер туралы ілім) құрушылардың бірі болды; геодезия, та-
рих философиясы, психология, әдістеме және ғылым тарихы бойынша
іргелі зерттеулер, алгебра мен стандартты
емес талдаудағы маңызды
нәтижелер мен идеялар соған тиесілі. Философияда ол «фанероско-
пияны» (гр. – phaneron – құбылыс, көрініс): болмыс пен танымның
«Бастапқылық» (Firstness), «Екіншілік» (Secondness), «Үшіншілік»
(Thirdness) санаттарында берілген үш негізгі деңгейі туралы ілімді
әзірледі; ойлау-пайымдау тілін қалыпқа келтірудің математикалық
әдістерін пайдаланатын логикалық
ғылымның қалыптасуына айтар-
лықтай ықпал етті.
Пирстің өзі прагматикалық ұстанымға логикалық семантика мен
ғылыми әдіс мәселелеріне қатысты ғана басымдық берді, ал ол кезде
шындық ұғымын түсіндіруде прагматизм
уәждері оның философия-
сында реалистік және неокантиандық идеялармен астасып жатады.
Сол себепті көпшілік адамдар көбінесе прагматизмнің филосо-
фиялық тұжырымдамасын Пирстің ізбасары, американдық философ