№8 Дәріс
Тақырып. Нанобөлшектердің жинақталуы
Фуллеренді графит бөлшектерінен жинау
Ұлу моделі
Кластерлерден жинау
Фуллерен жолы
Фуллерендердiң ашылуы келесi жайтты түсiндiрумен байланысты: графиттiң абляциясының кейбiр шарттарында масс-спектралынып, онда С60-қа сәйкес шыңның биiктiгi басұа кластерлерге сәйкес шыңдардан 40 есе үлкен болды. Бұл жайлы түсiндiру үшiн формасы қима икосаэдр болатын С60 тұрақты кластерiнiң болатындығы ұсынылады, онда барлықатомдар сфералы бетте 12 дұрыс бесбұрыш пен 20 алтыбурыштың төбелерiнде орналасады. Құрылымы мұндай кластер фуллерен деп аталады. Зерттеулер оншақты атомнан тұратын және фуллеренмен бipгe басқа кластерлердiң де бесбұрыштар мен алтыбұрыштар төбелерiнде атомдар орналасатын ұқсас құрылымдар түзетiндiгiн керсеттi. Фуллерендер түзiлуiнiң моделiнiң дұрыстығының басты критерийлерiнiң бipi - басқа фуллерендерге қарағанда С60 фуллереннiң кең таралуы.Маңызды жетiстiк Кречмер, Хафманның С60 фуллерендi көп мөлшерде доғалық разрядта графит стерженьдерiн буландыру арқылы алу әдiciнтабу болды.
Фуллерендi графит фрагменттерiнен жинау. Бастапқыда С60 жазық жапырақшалардың абляциясында графит қабатынан жиналады деп болжанды. Мұндай жинақтың қарапайым тәсiлi –қос алтыбұрышты құрылымды С10 -тың 6 кластерiн бiрiктiру.Тостаған тәрiздi бұралып келген графит жапырақшаларының формасы- фуллереннiң жартысы ұсынылды, олар сосын графиттiң кiшiрек фрагменттерiмен қосылып толық С60 фуллерендi түзедi. Осы әдемi модельге сәйкес С60 фуллерендi алудың оңтайлы шарттарының болуы-осы шарттарды графиттiң булануынан дәл осындай фрагменттердiң түзiлуi. Бiрақ бұл модельмен келесi жайттарды түсiндiру қиын болды (8.1-сурет).
1. Графиттi буландырғанда ең тиiмдi шарттарда алынатын күйеқұрамында 13%-ға дейiн С60 болады. Сондықтан қарастырылып отырған модельге сәйкес графиттi буландырғанда түзiлетiн өнiмдердiң айтарлықтай үлесiн белгiлi бip формадағы жапырақшалар болу керек, бiрақ бұның ықтималдылығы аз.
2. Фуллерен С60 тек графит қана емес, формасы әртүрлi кластерлiтүрiнде буланатын басқа материалдардың абляциясында да түзiледi: полимерлер, кемiртектiң жоғарғы оксидтерi, бензол жанғанда алынатын
8.1-сурет. Тостаған тәрізді бұралып келген - С60 фуллереннің жартысы болып табылатын графиттің жазық фрагменті
күйе. С60 фуллерен С2Н2 және Не, С2Н2 және ρF6қоспалары бар реакторда алынады. Фуллерендер жалындарда да пайда болады.
3.13С изотобымен бай фуллерендердiң масс-спектрлерiн зерттеунәтижелерi графит фрагменттерiнен фуллерендердiң жинау моделiмен
түсiндiрiлмейдi. Бұл экспериментте графит стерженьдерi арасындағы доғалық разрядта С60 фуллереннiң еңүлкен шығымы үшiн оңтайлышарттарда фуллерен алынды.
Бұл кезде 98,9% 12С бар графитте саңнылау жасалып, аморфты13С-мен толтырылады. Егер С60 фуллереннiң түзiлуiнiң каналы 10 атомнан тұратын графит жапырақшаларының қосылуы болса, масс-спектрде тек кемiртектен түзiлген және негiзiнен 12С-деньтұратын фуллерендер бақылану керек едi. Бiрақ бұл эксперименттiалынған масс-спектр көмiртек атомдарының кластерлерге толық араласуын керсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |