Фуллерен жолы. «Фуллерен жолы» деп аталған фуллерендердің түзілу моделі ұсынылды, оған сәйкес көміртекті кластерлер 30-40 атом болса фуллерен болып табылады және кластердің ары қарай өсуі фуллереннің C2 микрокластерін қосу арқылы өсуі болып табылады. Бірақ кейінгіталқылаулар бойынша 100 атомнан аса кластерлердің де фуллерендергеайналу мүмкіндігін эксперименттер көрсетті (8.4-сурет).
8.4-сурет. C2 микрокластерінің фуллеренге қойылу сызбанұсқасы
Дегенмен, түзілгеннен кейін фуллерендердің өсу мүмкіндігі туралы ой кейбір фуллерендердің үлкен шығымын түсіндіруге пайдалы. Кiшi фуллерендер үш өлшемдi полициклдi көмiртектi кластерлерге С2 микрокластерiн көп рет енгiзу нәтижесiнде түзiлетiндiгi болжанды.
Кейбiр есептеулерге сәйкес фуллерен С20 кластерінiң изомерлерi apaсында байланыстың максималды энергиясына ие болады. 8.4-суретте осы фуллеренге С14 кластерiнiң С2 енгiзу натижесiнде өсу сызбанұсқасы келтiрiлген. Бұл сызбанұсқада көрсетiлген С14 кластерiнiң құрылымы осы кластердiң негiзгi күйiне сәйкес келедi.
Бақылау сұрақтары:
Наноқосылыстарды алудың қандай әдiстерiн бiлесiздер?
Нанокристалды ұнтақтарды синтездеу әдici жөнiнде не бiлесiз?
Нанотүтiкшелердi алудың қандай әдiстерiн бiлесiз?
Нанобөлшектердi жалында алу калай жүзеге асырылады?
Нанобөлшектердiң жинақталуы туралы не бiлесiз?
Достарыңызбен бөлісу: |