ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет421/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

«Санадан тыс ұжымдық әрекет»
– ол айнада бейнеленген-
дей психикалық әлем, миллион жыл болғандай сана. Ондай сана 
бір мезгілде қазіргі және нағыз болмысы бар заттың пайда болу-
ын да, жоғалуын да, сондай-ақ ол пайда болғанға дейінгіні және ол 
жоғалғаннан кейін де бола беретіннің бәрін көрді.
Архетип нәтижесінде, Юнгтің пікірінше, тәжірибеден бұрын, сана-
дан тыс рухтың бар негіздерін мұра етуі себепті халықтың психикалық 
өмірінде тиісті тип (тұрпат) туады.
Юнг енгізген екінші бір ұғым – 
«психологиялық тұрпаттар». 
Юнг 
оларды психикалық қызметтеріне қарай: 
интроверт
және 
экстраверт
деп ажыратады.
Интроверсия
– ішке қарай бағытталу. Ол тұлға теориясын-
да әлеуметтік қақтығыстардан аулақ болу және өзіндік ойларының 
қамымен жүру үрдістерін белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл, мүмкін, 
«қалыпты» сипаттама болғанмен, көпшілік адамдар интроверсияның 
шектен асқан формаларының патологиямен
1
шектесіп жатқанын сезеді.
Экстраверсия
– сөзбе-сөз сыртқа бағытталу дегенді білдіреді. 
Бәрінен бұрын, тұлға теориясында өз энергиясын сыртқа бағыттау, ай-
нала қоршаған және әлеуметтік орта үшін қам жеу және сол ортадан 
жанына рақат табу үрдісін белгілеу үшін пайдаланылады.
Интраверсия мен экстраверсия – екі теориялық полюсі бар тұлғаның 
болжаммен алынған өлшемі. Бірақ қазіргі уақытта көпшілік теоретик-
тер жекелеген тұрпаттардың бар екеніне шүбә келтіреді және оның 
орнына екі тұрпатты да бірқатар әртүрлі мінез-құлық, іс-әрекеттердің 
жиынтығы деп қарайды. Одан өзге, екі полюстің де қарама-қайшы 
ретінде қаралуы күмәнді, өйткені көптеген адамдарда екеуі де көрініс 
беріп, бір полюстің іс-әрекетте күшеюі мүмкін болса, ал екіншісінде 
азаюы міндетті емес.
Юнг сол заманғы техникалық өркениетті және бұқаралық қоғамды 
күрт сынға алды, рас, оның себебін ол Батыс адамының құдайсыз 
әлем құрғанынан, өздерінің төл дінін ұмытқанынан және бүкіл жер 
1 Бұл жерде: патология – қалыптан ауытқушылық.


283
шары бойынша басқа дәстүрлердің түп-тамырларына балта шауып 
жатқанынан көрді. Оның пікірі бойынша осының барлығы әлеуметтік-
саяси деңгейде 
тоталитарлық
идеологияның
таралуына әкеліп 
соқтырады. Егер шіркеу дәстүрінің архетиптерге жұмсалған 
энер-
гияны ғажап символикалық ғарышқа айналдыру
арқылы солар үшін 
жеткілікті құралдары болса, ал протестантизмнен басталған «қасиетті 
қабырғаларды батыл әрекетпен алу» – сол тектегі универсумға ие, 
сондықтан да санадан тыс ұжымдық әрекет энергиясының күтпеген 
«олқылықтарының» болуы салдарынан ерекше әлсіз 
материалистік
өркениетке
келтірді.
З.Фрейдтің өзге ізбасарлары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет